Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  6. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  7. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  9. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  10. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?

Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан өңіріне Шығыс Қазақстан облысы кіреді және 15 әкімшілік аудандарға бөлінеді. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы өңірлік ауқымда, жеңіл және тамақ өнеркәсібімен үйлесімді салалар жиыны бар және түсті металлургияға айқын маманданған типтік аудан болып саналады.

Шығыс Қазақстан өңірінде, соның негізінде бірқатар өнеркәсіп тораптары қалыптасқан, бірнеше ірі түсті металлургия кәсіпорындары жұмыс істейді.

1. Өскемен кәсіпорны - өскемен қаласындағы АҚ Өскемен қорғасын мырыш және титан-магний комбинаттары базасында Зырянов, Лениногорск және Глубокое байыту фабрикаларынан түсетін қорғасын және мырш концентраттарын пайдаланады. Осы тораптың шығаратын өнімдерінің негізгі түрлері: мырш, титан, магний қорғасын және бірқатар ілеспелі сирек металдар.

2. Лениногор комбинаты – қорғасын және мырш өндірісіне маманданушы АҚ Лениногор полиметалл комбинаты базасында. Бұл тарап Лениногор және Тишинск кен орындарын, бірқатар байыту фабрикаларын біріктіреді.

3. Зырян кәсіпорны – АҚ Зирян қорғасын комбинаты базасында жұмыс істейді. Мыс өндіру АҚ Ертіс полиметалл комбинаты базасында ШҚО Глубокое кентінде жүзеге асырылады, онда Белоусов және Николаев байыту фабрикаларынан концентраттар (қоспалар) алынады.

Қазақстанның шығыс өңірінің өндіргіш күштерін одан әрі дамыту келесі бірқатар проблемаларды шешуге мемлекеттік тұрғыдан келуді талап етеді:

Біріншіден, руда шикізатын өңдеу бойынша қуаттарды өрістетудің тез қарқыны түсті металлургияның шикізат базасын кеңейтуді талап етеді.

Екіншіден, пайдаланатын рудалардағы пайдалы элементтердің орташа құрамын азайту технологиялық процесті жетілдіруді және бұрынғы жылдардың үйінділеріндегі шлагтарды пайдалануды талап етеді.

Үшіншіден, руда шикізатын кешенді пайдалану мақсатында металлургия өндірісінің қалдықтарын пайдалану базасында химия өндірісін ұйымдастырған дұрыс болып саналады.

Төртіншіден, түсті металлургия мен химия өнеркәсібін дамыту энергетикалық базаны нығайту проблемасын алдыға қояды.

Бесіншіден, ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту және азық-түлік нарығын толықтыру қажеттілігі сандық және сапалық өсуді және жем-шөп базасын нығайту негізінде мал шаруашылығын дамытуды талап етеді.

Алтыншыдан, өндірістің материалдық аясының даму қарқынын ескере отырып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың даму сандық және сапалық параметрлерін ғылыми негіздеу қажет.

 

Солтүстік-Шығыс Қазақстан

Бұл өңірге Павлодар облысы кіреді, ол 10 әкімшілік ауданға және 3 қалаға (олардың барлығының облыстық маңызы бар) бөлінеді.

Ауданның шаруашылық бейіні (профиль) түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, электрэнергетикасы, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларды айқындайды.

Осы ауданның қара металлургиясы Ақсу ферросплав зауыты арқылы таныстырылған. Ақсу ферросплав зауыты Дон тау-кен байыту комбинатымен және Ақтөбе феросплав зауытымен бірлесе отырып, оны жапондық «Джапан Хром» компаниясына басқаруға беру арқылы «Қазхром» корпорациясына біріккен.

Қазіргі уақытта «Қазхром» корпорациясының өнімі республикаға түсетін валюта түсімдерінің маңызды көзі болып саналады.

Павлодар қаласында Омск-Павлодар мұнайқұбыры бойынша Шымкентке дейін жалғаса отырып, Батыс Сібірден келетін шикі мұнай негізінде ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс жасайды.

Өңірдегі көмір өндіру Екібастұз және Майкөбе кен орындарында жүзеге асырылады.

Өңірдің қатты қарқынмен дамуы көлік-экономикалық байланыстарын шапшаң дамытуды талап етеді.

Өңірді кешенді дамыту проблемаларының ішінде халық тұтынатын заттар мен азық-түлік өнімдерін шығару басты орын алады. Қазіргі уақытта өңір халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ТМД республикаларының өзге аудандарынан ет, сүт, тәтті тағам (кондитерлік бұйым) ұн және т.б. әкелінеді. Халықтың аяқ киімге, жүн және тоқыма бұйымдарға және т.б. деген қажеттіліктері толықтай сырттан әкелу арқылы қанағаттандырылады. Болашақта халықты азық-түлікпен және халық тұтынатын заттармен неғұрлым толық қанағаттандыру, сондай-ақ әйелдердің еңбек ресурстарын тиімді пайдалану үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытқан дұрыс болып саналады. Осымен байланысты, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының төңірегіндегі қала маңайларына ауылшаруашылық өндірісін орналастыру қажет.

 

Солтүстік Қазақстан

Бұл өңірдің құрамына Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.

Солтүстік Қазақстан темір рудасының, отқа төзімді материалдардың аса бай қорына және алюмин мен полиметалл рудаларының маңызды қорларына иелік етеді.

Оралға, Сібірге және Оңтүстік Қазақстанға географиялық жағынан қолайлы жағдайда орналасуы осы өңірдің сыртқы және ішкі көлік-экономикалық байланыстарының басты бағыттарын айқындап береді. Ауыр өнеркәсіп салаларынан Қостанай бассейнінің темір рудаларының аса бай қорына, Торғай бокситтері мен Жетіқара асбестіне негізделетін тау-кен өнеркәсібі бөлектеніп көрінеді.

Солтүстік Қазақстанның металлургия өнеркәсібі, республикада өндірілетін темір рудаларының 65%-ы соның үлесіне келетін және жоғары энергия сыйымдылықпен ерекшеленетін Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты арқылы таныстырылған.

Осы өңірде шағын литражды автомобилдер үшін двигательдер шығаратын Петропавл зауыты, Булаев кентінде «Петропавлживмаш» өндірістік бірлестігі жұмыс жасайды.

Столтүстік Қазақстан алдында ауылшаруашылық өндірісін интенсифтендіру бойынша үлкен міндеттер тұр. Егіншілік саласында бұл егістік алқаптардың құрылымын одан әрі жетілдіру, егіншілік пен ауыспалы егістің қорғаныс жүйесін енгізу негізінде ауылшаруашылық дақылдарының түсімін (шығымдылығын) арттыру. Астық өндіру, ең алдымен, жаздық бидай өндіру басты міндет болып қала береді.

Мал шаруашылығы саласында – бұл мал басының санын өсіруді ұлғайту және әсіресе жем-шөп базасын нығайту және осы саланы өнеркәсіптік негізге көшіру негізінде малдың өнімділігін арттыру болып саналады.

Республиканың бұл өңірінде жыртылған жерлер көлемінің үлкендігімен байланысты екпе жем шөп өндірісін дамыту үлкен маңызға ие болады. Сондай-ақ табиғи жем шөп дайындауға жерлер-шабындықтарды және мал жайылымдарын түбірінен жақсарту қажет.

 

Орталық Қазақстан

Бұл – республиканың аса ірі индустриалды-аграрлық өңірі, оның құрамына Қарағанды облысы кіреді және 9 әкімшілік аудандарға және 11 қалаларға бөлінеді.

Өңірдің шаруашылық бейіні (профилі) алуан. Бұл өңірде көмір және химия өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, ауылшаруашылық машинасын жасау, ауылшаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған.

Қарағанды бассейнінде республикада алынатын тас көмірдің 37%-ы және кокстелетін көмірдің 100%-ы өндіріледі.

Қарағанды металлургия комбинаты Қазақстандағы және ТМД-дағы металлургия өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорыны болып саналады, онда республикадағы шойынның және қара металдардың дайын прокатының 100%-ы және болаттың 94%-дан астамы өндіріледі.

Орталық Қазақстан аумағында, осы аттас кен орнының қорғасын қоры негізінде Жәйрем қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинаты жұмыс жасайды. Ақжал полиметалл тау-кен байыту комбинатының, Жамбыл атындағы вольфрам-молибден руднигінің құрылысы жүзеге асырылуда.

Орталық Қазақстанның шаруашылық бейіні (профилі) негізінен ер адамдардың еңбегі қолданылатын кәсіпорындардың басым даму алғандығымен сипатталады. Әйелдердің еңбек ресурстарын пайдаланатын жұмыс орындарының оларға сәйкес келмеуі, кадрлардың тұрақтамаушылығына түбегейлі түрде әсерін тигізеді.

Дәнді дақылдардың және жем-шөп дақылдарының түсімін арттыру, табиғи жем шөп дайындайтын жарамды жерлерді жақсарту және мал жайылымдарының сумен қамтамасыз етушілігін жақсарту, өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытудың басты проблемасы болып саналады.

 

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан

Бұл өңірдің құрамына Алматы облысы кіреді, ол – 16 әкімшілік аудандарға және 10 қалаларға бөлінген.

Өңір аумағында Алматы және Талдықорған өнеркәсібі аудандары құрылған. Алматы өнеркәсіп ауданының бейіні (профилі) кең ауқымды.

Қазақстанның өңтүстік астанасы Алматы қаласы республиканың ірі өнеркәсіп орталығы болып саналады. Машина жасау және металл өңдеу, ағаш өңдейтін, жеңіл, тамақ, полиграфия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі өңір экономикасында маңызды орын алады.

АҚ «АЗТМ», «Поршень», «Электр аспабы», «Эталон», «Металлист» зауыттары сияқты ірі кәсіпорындар машина жасау кешеніне кіреді. Осы кәсіпорындардың негізгі өнімі – металл кесетін станоктар, аспаптар және автоматтандыру құралдары, автомобильдерге және тракторларға қосалқы бөлшектер, кір жуатын машиналар және т.б.

Бұл жердегі өнеркәсіптің өңдеуші салаларының жергілікті ресурстарды пайдалануға негізделмейтіні, сырттан әкелінетін шикізатпен жұмыс жасайтындығы, өңірдің өзіндік ерекшелігі болып саналады.Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші кәсіпорындары ерекшелікті құрайды.

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан республиканың аграрлық секторында айтарлықтай рөл атқарады. Табиғи жағдай, еңбек ресурстарының болуы және тиімді географиялық жағдайы өңірдің техникалық дақылдар өндіруге және республиканың солтүстік,солтүстік-шығыс және шығыс өңірлеріне және Сібірге оларды өткізу үшін көкөніс, жеміс-жидектер өсіруге мамандануға оң ықпал етеді.

 

Оңтүстік Қазақстан

Республиканың бұл өңірінің құрамына Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары кіреді.

Бұл өңірде түсті металлургия, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Атап айтқанда осы салалардағы кәсіпорындар өңірдің шаруашылық бейінін айқындайды.

Шаруашылық бейінінің өзіндік ерекшеліктері осы өңірдегі өнеркәсіп салаларының екі тобының дамуын айқындап берді. Бірінші топқа минералдық шикізатты алу және өңдеу базасында туындайтын, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия және цемент өнеркәсібі кәсіпорындары кіреді. Екінші топқа ауылшаруашылық шикізатын өңдеу базасында туындайтын жеңіл және тамақ өнеркәсібі кіреді. Осы өңірде жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін ерекше қолайлы жағдайлар бар. Табиғи климаттық жағдай, еңбек ресурстарының болуы, бұл жерде, республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде үлкен сұраныспен пайдаланылатын еңбек сыйымды (көп уақыт жұмсайтын) ауылшаруашылық дақылдарын кеңінен өсіруге мүмкіндік береді. Мақта, күріш, көкөніс пен жеміс өсіруді ұлғайту жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін сенімді шикізат базасын жасайды.

Фосфориттерді кешенді өңдеу және прогрессивті технологиялар енгізу негізінде химия өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалану; жұғымды заттар құрамы жоғары минералды тыңайтқыштарды үлкен ауқымдарда шығаруды ұйымдастыру, концентрацияланған күрделі тыңайтқыштар өндіруді ұлғайту маңызды проблема болып саналады.

Химия өндірісінің рудалық өңдеу базасын кеңейту, рудниктерді, зауыттар мен комбинаттарды техникалық қайта қаруландыруды, оларды арнайы жабдықтармен жарақтандыруды талап етеді.

Өңірдің барлық салаларының қалыпты жұмыс істеуі мемлекет тарапынан бүкіл өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды пропорционал дамытуды, көлік-экономикалық байланыстарды кеңейтуді талап етеді.

 

Солтүстік-Батыс Қазақстан

Солтүстік-Батыс өңірі құрамына Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары кіреді, олар 24 әкімшілік аудандар мен 10 қалаларға бөлінген.

Өңірдің өндіргіш күштерін дамыту таукен руда, химия, мұнай өңдеу өнеркәсібін дамытумен байланысты болады.

Мал шаруашылығы және дәнді дақылдар өсіру түбегейлі рөл атқарады.

Осы өңірде Қазақстанның бүкіл хром-никель рудаларын өндіру, хром тұздарының бүкіл өндірісі шоғырландырылған, Қазақстандық ферросплавтың 30%-ға жуығы, минералдық тыңайтқыштардың 27%-ы өндіріледі.

Никель-кобальт рудаларының, мрамордың, асбесттің және өзге пайдалы қазбалардың маңызды қорлары бар. Өңір фосфор рудаларының қорлары бойынша Оңтүстік Қазақстаннан кейін екінші орын алады.

Қазақстанның бүкіл экономикасы сияқты, өңірде экономиканы дамыту үшін инвестициялар проблемасы аса өткір тұр. Ең алдымен, бұл мұнай, химия өнеркәсібіне және агроөнеркәсіп кешеніне қатысты.

Өңір шаруашылықтарының ескірген негізгі қорларын жаңалау және реконструкциялау, шикізатты өңдеудің терең технологияларын енгізу қажет.

Жаңа салаларды дамыту проблемалары туындайды. Осымен байланысты Шилісай тау-кен байыту комбинатының құрылысын жеделдетіп, өңір шаруашылықтарының салалық құрылымындағы сапалық алға жылжуларды жүзеге асыру қажет.

Өңірдің шаруашылықтарын кешенді дамыту білікті кадрлармен, дамыған көлік желілерімен қамтамасыз етуді талап етеді.

 

Оңтүстік-Батыс Қазақстан

Оңтүстік-Батыс өңірге Атырау және Маңғыстау облыстары кіреді, олар 11 әкімшілік аудандарға және 5 қалаларға бөлінген.

Осы өңірде, елдің 60% мұнай мен 63% газы өндіріледі.

Өңір өнеркәсіпті болып саналады және өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерінің жиынтық көлемінің 82%-ын өнеркәсіп өнімдері құрайды. Атырау және Маңғыстау облыстары шөлейт және жартылай шөлейт аймақта орналасқан, бұл ауылшаруашылық өндірісін жүргізуде біршама қиындықтар келтіреді.

Қазақстанның бұл өңірде мұнай мен газдың жаңа кен орындарын ашу міндеттері тұр. Осымен байланысты терең скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыру қажеттілігі пайда болды, бұл өз кезегінде үлкен капитал жұмсауды талап етеді.

Өңір экономикасын одан әрі дамыту үлкен электр қуатының көздерін талап етеді. Алдағы уақытта Ақтау қаласындағы атом электр станциясының қуатын ұлғайту, Жаңа Өзендегі газтурбиналы электр станциясын салу және Маңғышлақ электр жүйесін республиканың энергия жүйесімен қосу үшін, әртүрлі кернеулі электр қуатын беру желілерін тарту көзделуде.

Өңірдің шаруашылықтарын дамыту жергілікті құрылыс шикізаты – ұлутастар мен Аусар сазбалшығы кен орыны базасында құрылыс материалдары өнеркәсібі мен күрделі құрылыс базасын кеңейтуге мемлекеттің көмектесуі қажет етіледі. Еңбек ресурстарына деген күтіліп отырған қажеттілік болашақта мұнда Қазақстанның өзге өңірлерінен халықты тарту қажеттілігін туғызады.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты | Агроиндустриалды реттеу. | Түйін | Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы | Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы | Мемлекеттің фискалдық саясаты | Түйін | Ақша-несие саясатының мәні, құралдары | Негізгі бағыттары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав