Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыртқы сауданы, капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  6. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  7. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  8. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  9. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  10. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница

Дүниежүзілік сауда – бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлармен және қызмет көрсетулермен айырбас жасау, терең халықаралық еңбек бөлінісінің нәтижесі, техникалық-экономикалық даму деңгейі мен табиғи-климаттық жағдайларға сәйкес, жекелеген тауарлардың түрлерін өндіруге елдердің мамандануы.

Экспорт – тауарларды, қызмет көрсетулерді, технологияларды немесе капиталды өткізу мақсатымен шетелге шығару.

Реэкспорт – үшінші елдер аумағы арқылы тауарлар экспорты.

Импорт – ішкі нарықта тауарларды, қызмет көрсетулерді, технологияларды немесе капиталдарды өткізу мақсатымен шетелден сатып алу және әкелу. Импорттың ауқымы мен құрылымы ұлттық экономиканың мүмкіндіктерімен, оның салалық құрылымдарының өзіндік ерешеліктерімен, шикізат, материалдық-техникалық және ғылыми-техникалық базаның даму деңгейімен, әлеуметтік сипаттағы факторлармен айқындалады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеуге, ұлттық экономиканың кеңейтілген ұдайы өндірісінің сыртқы жағдайларын және отандық капиталдың кірістерінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық және саяси шаралар кешені кіреді.

Протекционизм саясаты және еркін сауда саясаты болып ажыратылады.

Ішкі нарықты шетел бәсекелестігінен қорғау протекционистік жоғары кеден баж салығын белгілеу, әкелінетін тауарларды сан жағынан шектеу, шетел тауарларының ішкі санитарлық стандарттарға сәйкес келу талаптарымен, мемлекеттік сатып алу құқығын шектеу тәжірибесімен, яғни экспортты «ерікті түрде» шектеумен, саяси қауіпті деп жарияланған елдерге қатынасы бойынша экспорттық бақылау жүйесі, экономикалық санкциялар тетігі арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге соңғы жылдары, мемлекет ұлттық капитал өктемдігін жүргізуге және көпжақты негізде тосқауыл қоятын кедергілерді жоюға көбірек назар аударып отырған кезде еркін сауда саясаты басым маңызға ие болды.

Тарифтер және сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ).

Саудадағы әріптестерге қысым көрсетудің басты құралы – өзінің ұлттық нарықтарын ашудан бас тартатын елдердің импортына шектеу енгізу болып табылады. Шет мемлекеттерге көмек көрсету бағдарламалары экспорты мемлекеттік көтермелеуде маңызды рөл атқарады. Олар ұлттық капитал позициясының нығаюына оң ықпал етеді және шетелдік бәсекелестермен күрестегі тиімді құрал болып саналады. Өйткені оны алу ұлттық тауарларды міндетті сатып алумен байланыстырылады.

Саудаға көбірек қолайлы жағдай жасау тәртібі мен мемлекеттік несиелер алу құқығы сондай-ақ ұлттық нарықтар ашу дәрежелеріне қатысты болады.

Сыртқы сауда саласындағы елдер арасындағы қатынастарды реттеу үшін келесі халықаралық ұйымдар құрылған: ГААТ (ТСБК) (1948, 100-ге жуық ел), Еуропа Еркін Сауда Қауымдастығы (1960), сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясы (170 елге жуық), ОПЕК (мұнай экспорттаушы елдер ұйымы).

 

Капиталдар миграциясын және валюта-қаржы аясын мемлекеттік реттеу

Мәні: шетелде, ең алдымен оны өздігінен дамыту мақсатында капитал орналастыру және оның жұмыс істеуі.

Капитал қозғалысының формалары:

1) халықаралық ұйымдардың жеке және мемлекеттік капиталдары;

2) ақшалай және тауар формасында;

3) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді формада;

4) сауда және кәсіпкерлік формада (тікелей және портфелдік инвестициялар; тікелей инвестор капитал салатын объектінің үстінен басқара отырып бақылайды).

Мемлекеттің міндеттері – ел ішінде қолайлы инвестициялық ахуал орнату және ұлттық капиталдың басқа елдерге жылжытылуына ықпал ету.

Мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар (АҚШ - Экспорт - Импорт Банкі, шетелдердің жеке инвестициялық корпорациялары; Ресей – Мемлекеттік Инвестициялық Корпорация) арқылы инвестициялық тәуекелдерді сақтандыру. Капитал салымдарын көтермелеу және қорғау туралы мемлекеттер арасындағы екі жақты келісімдер. Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі Агенттіктің Халықаралық ұйымы.

60-шы жылдары ұлттантыс несие нарығының, еуровалюта нарығының құрылуы. Еуровалюта нарығы – оның шығарылған елінен тыс жерде ұлттық валютамен жасалатын операцияларға негізделген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің халықаралық нарығы. АҚШ доллары, швейцария және француз франктері, ГФР маркасы, ағылшынның фунт стерлингі қолданылады. Еуровалюта операциялары, ұлттық несие ұйымдары бақыламайтын ерекше банк шоттарында жүргізіледі.

Валюталар. ХІХ ғасырдың соңында алтын стандарты; 1944 жылы – Бреттон-вудд валюта жүйесі – алтын девиз стандарты; ал 70-ші жылдардың ортасында – Ямай жүйесі – Батыстың негізгі валюталарының өзгермелі бағамдары қолданылады. Дүниежүзілік ақша эталоны (өзара қарыз алу арнайы құқықтары), ұжымдық валюталар: ЭКЮ, араб есеп айырысу динары, песо андс пакт пайда болды.

Қазіргі уақыттағы валюта бағамдары халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің және елдің экономикалық дамуын айқындайтын ішкі және сыртқы факторлардың бүкіл кешенінің қалыпты жұмыс жасауының аса маңызды көрсеткіштері болып саналады, валюта бағамының динамикасына ықпал етеді.

Мемлекеттік реттеудің бағыттары:

1. Ұлттық ақша нарығында.

2. ІЖӨ динамикасы саласындағы саясат.

3. Валюталардың күрт ауытқуына жол бермеу.

 


Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 5 | Нарушение авторских прав

Түйін | Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы | Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы | Мемлекеттің фискалдық саясаты | Түйін | Ақша-несие саясатының мәні, құралдары | Негізгі бағыттары | Азақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері | Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Неркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2020 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав