Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс.

Читайте также:
  1. Ans: барлығы дұрыс
  2. Ans:барлығы дұрыс
  3. Lt;variant> D) Жерді жер қойнауын пайдалану мақсатымен алғаны үшін төленетін төлемақы.
  4. Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар
  5. Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар
  6. Жоғарыда айтылғандардың барлығы
  7. Зін-өзі тексеруге арналған тестілік сұрақтар.
  8. ОҚО-дағы негiзгi капиталға бағытталған инвестициялардың қызмет түрлерi бойынша игерiлуi
  9. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 9-сыныптарына арналған қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік емтиханының материалдары

61. Жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң алдындағы кредиторлық берешек сияқты кейбiр қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қызметкерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнде пайдаланылатын айналымдық капиталдың бiр бөлiгiн құрайды. Ондай операциялық баптар, тiптi олар баланс күнiнен бастап он екi айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиiс болса да, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталады. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі айды құрайды деп көзделеді.

62. Басқа қысқа мерзiмдi мiндеттемелер әдеттегі операциялық кезеңнiң бiр бөлiгi ретiнде өтелмейдi, бiрақ баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтеуді талап етеді немесе негізінен сату мақсаттарына арналады. Мысалы, 39 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған қаржы міндеттемелері, банктік овердрафтар, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, төлеуге дивидендтер, пайдаға салынатын салықтар және басқа сауда-саттық емес кредиторлық берешектер. Ұзақ мерзімді негізде қаржыландыруды қамтамасыз ететiн (яғни ұйымның әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігі болып табылмайды) және баланстан кейін он екi айдың iшiнде өтелуге жатпайтын қаржы мiндеттемелері ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер болып табылады, оларға 65 және 66-параграфтар қолданылады.

63.Ұйым өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн, олар баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiстi болса, қысқа мерзімді ретінде сыныптайды, егер тіпті:

(а) олардың бастапқы мерзiмi он екi айдан асатын мерзім болса;

және

(b) баланс күнінен кейін және қаржы есептілігі бекітілгенге дейін қайта қаржыландыруға немесе ұзақ мерзімді негізде төлем кестесін өзгертуге шарт жасалса.

64. Егер ұйым кредит беру туралы қолда бар келісім бойынша баланс күнінен кейін ең болмағанда он екі айға қандай да болсын міндеттемені қайта қаржыландыруға немесе кейінге қалдыруға өкілеттігі бар деп күтетін болса, тіпті олай болмағанның өзінде неғұрлым қысқа мерзімнің ішінде өтелуге тиіс болса да, бұл міндеттемені қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныптайды. Алайда міндеттемені қайта қаржыландыру немесе кейінге қалдыру ұйымның өзі қалайтын салаға жатпайды (мысалы, қайта қаржыландыру туралы қандай да болсын келісім жоқ), қайта қаржыландыру мүмкіндігі қаралмайды, және міндеттілік қысқа мерзімді ретінде сыныпталады.

65. Ұйым тікелей есепті күнге немесе есепті күнге дейін ұзақ мерзімді қарыз шарты бойынша келісімді бұзса, соның нәтижесінде міндеттеме талап ету арқылы ақы төлеу санатына ауысса, бұл міндеттеме, тіпті егер қарыз беруші есепті күннен кейін және қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін бұзушылыққа жол берілуі салдарынан төлемді талап етуге келіскен болса да, қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады. Бұл міндеттеме қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады, өйткені есепті күні осы күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде оны өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы жоқ.

66. Алайда, егер қарыз беруші баланс күні басталғанға дейін, кезең ішінде ұйым бұзушылықты жоя алатын және қарыз беруші дереу өтеуді талап ете алмайтын, ең аз дегенде он екі айдан кейін аяқталатын жеңілдікті кезең беруге келіссе, бұл міндеттеме ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады.

67. Қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде сыныпталған қарыздарға қатысты, егер төменде келтірілген оқиғалар есепті кезең мен қаржы есептілігін шығаруға бекітілген күннің арасында болса, бұл оқиғалар 10- «Есепті күннен кейінгі оқиғалар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес түзетілмейтін оқиғалар ретінде ашып көрсетілуге тиіс:

(а) ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыру;

(b) қарыз беруге арналған ұзақ мерзімді шартты бұзуды жою;

және

(c) есепті күннен кейiн ең аз дегенде он екi айдан кейін аяқталатын қарыз беруге арналған ұзақ мерзімді шарттың бұзылуын жою үшін қарыз берушіден жеңілдікті кезең алу.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАҚСАТЫ | E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер. | Және | Және | Және | Және | Және | Және |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав