Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұнай мен газ саласындағы экологиялық проблеммалардың туындауына негіздеме

Атырау облысындағы экологиялық қауіп-қатер туғызатын негізгі көздер болып ластанған ағын суы ретінде сұйық қалдықтар саналады. Қазіргі уақытта «Тухлая балка» тұндырғышында көп мөлшерде қатты ластанған (200 ШРК дейін мұнай өнімдері, 20 - 80 ШРК дейін фенолдар, оған қоса, хлоридтер, аммоний тұздары, сульфаттар, ауыр металдар - мыс, мырыш, хром, және т.б.) сұйық қалдық (шамамен 50 - 70 млн. м3) жиналып қалған [3]. Жалпы мұнай қалдықтарының фазалық құрамы 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. Мұнай қалдықтарының фазалық құрамы, %

Компонент Мұнай шламы Амбарлы мұнай Грунт суының мұнаймен ластануы
Органикалық бөлік 81,8 84,9 27,2
Су 8,1 7,1 1,0
Минералдық бөлік 10,1 8,0 71,8

Грунт суының мұнаймен ластануы органикалық құрамы парафинді мұнайдың аздаған мөлшері (6,5 мас.%), бірақ ароматты майдың жоғары мөлшері (28,1) анықталған. Мұнда мұнай шламымен салыстырғанда шәйір өте көп (мае. %): петроло-бензолды - 35,8; спиртті-бензолды - 14,6; бензолды - 3,1; асфальтенттердің мөлшері өте көп - 11,9 мас.%. Бұл көрсеткіштер бойынша көмірсутекті фаза мұнаймен ластанған грунтты жоғары шәйірлілер қатарына жатқызуға болады [4].

Қазіргі уақытта өз ресурстарын пайдаланатын көптеген мұнай ұңғымалары бар. Олардың ішіндегі кейбіреулері тоқтатылған, ал басқалары тоқтатылусыз иесіз қалдырылған. Каспий теңізі деңгейінің екі метрге немесе одан да жоғары көтерілуі 1978 жылдан 1995 жылға дейін созылды және бойлық төмендеуі 30 км-ге созылды.

Геология комитетінің деректері бойынша Каспий теңізінің су басу территорияларында Атырау облысында 68 мұнай-газ ұңғымалары су астында қалып қойды.

«КазНИИЭК» Республикалық мемлекеттік мекемесінің далалық зерттеулер қорытындысы бойынша, теңіз суының агрессивті әсеріне су басу территорияларында қалған тоқтатылған мұнай-газ ұңғымаларының бетондары шыдамайды. Ал бұл жағдай теңіз суының мұнай өнімдерімен және пласталық сулармен ластануына әкеледі.

Дүниежүзілік тәжірибеде теңізге мұнай төгілуін анықтайтын үш саты бар. Біріншісінде, кәсіпорын апатты өз күшімен ауыздықтайды. Екіншісінде, өзге компаниялардың жәрдеміне сүйенеді. Үшіншісінде, халықаралық көмек күтеді. Яғни, апат деңгейі ауқымды болса, қолданылар шара да көлемді болмақ [5].

Қазір су басып кетуі ықтимал аймақта 1485 мұнай ұңғымасы мен 19 кен орны бар. 1452 ұңғымасы бар 12 кен орны - «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы қорында. Басқалары бастапқыда иесіз қалып, кейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берілген. Қазір Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп келеді. Мұндай жағдайда тағы 2650 ұңғыма су астында қалуы әбден ықтимал.

№76 ұнғыма Жылыой ауданындағы
мұнайлы кен орнынан оңтүстікке қарай 11 -12 км-де, 2,7 км шығысқа қарай
триангуляциялық пункттен абсолюттік
бағамен минус 26 тереңдікте орналасқан.Ұңғыма иесіз, өзен суы мал суаруғапайдаланады. Ұңғыма сағасы
суқоймада орналасқан. Ұңғыма 168 мм шегендеу құбырлар трубасына ие. Жоғарғы бөлігі басып тасталған.

Су қапталдағы саңылаулардан фонтандап атқылайды.

№87 ұңғыма Жылыой ауданынан солтүстік-шығыска қарай Досмұхамбет кен орнынан 3 - 4 км қашықтықта орналасқан. Ұңғыманың иесі анықталмаған. Ұңғыманың суы өнеркәсіпті техникалық сумен қамтамасыз етуге қолданылады.

Ұңғыма маңының топырағы тұзды [2].

 

№37 ұңғыма (Теңіз). Бұл ұңғымада 398 күн бойы, яғни 1985 жылдың 24 маусымынан 1986 жылдың 27 шілдесіне дейін фонтан жанып, атқылады. Фонтан карбон шөгінділерінен атқылады. Жалынның биіктігі 180-200м. Жалын бағанасының диаметрі 50м. Ұңғыма сағасының маңындағы температура 180-200°С құрады. Ұңғыма маңындағы жыныс температурасы +440°С дейін жетті. Фонтан атқылаған кезде ауада 3,5 млн.т мұнай; 1,7 млрд.м3 газ жанып кетті. Соның ішінде 516 мың.т күкіртсутек, 900 мың.т күйе пайда болды. Ұңғыма сағасы маңындағы күкіртті газдың концентрациясы 1100 ШРК жетті. №37 ұңғымасының мұнай фонтанының эсер ететін радиусы 300-350 км құрады.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы тұрғындардың ауруы 2,5 есеге ауысты. 200 мың тұрғын келеңсіз әсерге душар болды. Шамамен 200 мың құс қырылды.

«КазНИЭК» Республикалық мемлекеттік мекеме 2004 - 2005 жылдар аралығындағы далалық зерттеулер Атырау облысындағы экологиялық жағдайдың күрделі екеніне куә. Облыс территориясындағы мұнай мен газды қарқынды өндіру Атырау облысының қоршаған ортасына техногендік қиындықтар түседі. Осыған байланысты облыстағы экологиялық ахуалды күшейтпеу үшін қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттарды азайтатын мұнай мен газ өндіруде жаңа технологияларды, қалдықсыз технологияны енгізу керек [3].

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Мұнай мен газдың табиғатты ластауға әсер ететін негізгі факторлары | Топырақ және грунт суларының мұнай өнімдерімен ластану проблемалары | Сынаманың ластану негізін құрайтын мұнай өнімдерінің гександағы қорытынды ерітіндісін дайындау әдістемесі | Алынған нәтижелер | ОРЫТЫНДЫ | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | Каспий теңізі солтүстік-шығыс жағалауындағы судың мониторингтік қорытындылары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав