Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұнай газ саласының қоршаған ортаға тигізетін әсерінің негізгі көздері, нысандары және түрлері

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырып, жер қойнауы жедел игеріле бастады.

Жер бетінде экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.

Қазір Қазақстандағы 182 млн. гектар жайылымның 110 млн. гектары (60%) әр түрлі деңгейде зиян шекті. Жер қойнауынан жылына 360 млн. тонна шикізат алынады. Елде 21 млрд. тонна қалдықтар жиналған. Жиналған қалдықтардың басым бөлігі минералды - шикізат кешеніне келеді. Жер қыртысының ластануы көптеген жағдайларда мұнай барлау, мұнай өндіру және мұнай өңдеу жұмыстарымен байланысты. Сонымен бірге, өндірістік, коммуналдық, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарын, минералды шикізаттарды, пистицидтер мен гербицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды сақтау кезінде олар мұқият қымталмаса, ол жерлерде ластану ошақтары пайда болуы мүмкін. Қалдықтар қатты және сұйық болып бөлінеді. Сондай-ақ, бұрғылауда пайдаланылатын ерітінділер қалдығы мен ұнтақтар да қоршаған ортаға: жерге, ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суға таралып, зиянды заттар қатарына қосылады.

Қоршаған ортаның ластану мәселелерін қарастырғанда жиі қолданылатын негізгі терминдер: ластану көздері, компоненттері, типтері, ластанудың сипаты мен жағдайы.

Қоршаған ортаның ластану көздері мен типтері табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану көздеріне көмірсутегі шикізатының құрамында мұнай өнімдері бар тау жыныстары мен ауыр металдардың жер бетіне шығып кетуі жатады.

Техногендік ластауға әдетте мұнай - газ өнімдерін өндіру, тасымалдау, қоймаларда сақтау кездерінде төгіліп, ауаға ұшып, жерге төгілетін улы заттар жатады. Ауаға таралатын заттар 60 шақырымдық қашықтыққа дейін жетсе, қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, мұнай мен газ факельдерде жанғанда, жабдықтар бүлінгенде, мұнайды құюда, олардың мұнай амбарларында булануы нәтижесінде осындай жағдайлар болады.

Ластағыш заттардың қоршаған ортаға таралу сипаты жағынан: желілік және алаңдық болып бөлінеді. Ластаудың желілік көзіне жататындар: темір жол, автокөлік магистральдары және мұнай-газ құбырлары. Ал алаңдық көздеріне, негізінен, көмірсутегі және минералды шикізаттарды өндіріп жатқан учаскелер мен оның айналасы жатады.

Сонымен, жер қыртысының ластану көздері:

· тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және сыртқа шығару жүйесі болмағандықтан;

· қалдықтарды су түбінің лайын тазалағанда экологиялық талаптарды бұзу салдарынан;

· мал шаруашылығы кешендерінде ауыл шаруашылығы қалдықтарына химиялық қалдықтарды сақтау, тасымалдау ережелерін сақтамағандықтан;

· су құбырларының, кәріздің дренаж жүйелерінің қирауы; суаратын судың ластануы;

· өндірістік кәсіпорындардың, көліктердің, жанып тұрған факельдердің шығаратын қалдықтарынан ауаның ластануы;

· улы қалдықтарды көметін полигондардың болмауы;

· ядролық және ракеталық полигондар жұмысының зардаптары;

· өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату, қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауы;

· радиоактивті қалдықтармен жұмыс ережелерін бұзу салдарынан;

· мұнай құбырларының бұзылуы, қоймалардан мұнайдың төгілуі, құрал-жабдықтардың бұзылуы, ашық мұнай-газ фонтандары.

Жер қыртысының ластану себептері:

· қатты тұрмыстық қалдықтардың тазалануы, сілтіден айырылуы;

· өндірістік қалдықтардың ағуы, сүзілуі, сілтіден айырылуы;

· ауыл шаруашылығы қалдықтарының ағылуы, сүзілуі, сілтіден айырылуы;

· ластанған сумен суару, жер асты суларының ластануы;

· кендер мен көмірсутегі шикізаттарын барлау, пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде оның құрамына ластағыш заттардың еніп кетуі;

· әскери полигондарда ракета отындарынан улы қалдықтардың төгілуі;

· ауаға ластағыш заттардың (күл, ауыр металдардың қалдықтары, қышқылды жауын) түсуі;

· радиоактивтік ластану (ядролық полигондар, мұнай мен газ өндіруде жер асты суларының радиоактивтілігі) сияқты салдарынан жер қыртысының ластануы.

Қазіргі кезде жер қыртысындағы химиялық заттардың шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) жөнінде бірыңғай әдістеме жоқ. Әр елде ШРК мөлшері әр түрлі болып белгіленуі аумақтың экологиялық жағдайын бағалауда қиындық келтіріп отыр.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Каспий теңізі мен Атырау облысының климаттық-географиялық жағдайына сипаттама | Топырақ және грунт суларының мұнай өнімдерімен ластану проблемалары | Сынаманың ластану негізін құрайтын мұнай өнімдерінің гександағы қорытынды ерітіндісін дайындау әдістемесі | Алынған нәтижелер | ОРЫТЫНДЫ | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | Каспий теңізі солтүстік-шығыс жағалауындағы судың мониторингтік қорытындылары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав