Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭМР» кафедрасының ұйымдық құрылымы және іс қағаздарын жүргізуін қарастыру

 

Қазақстан Компартиясының орталық комитеті және ҚазақССР Министрлер Советінің 01.01.1963 ж. №615 қаулысы бойынша С.М.Кироа атындағы ҚазМУ экономика базасының негізінде Алма-Аталық халық шаруашылық институты құрылған. Сол жылдың тамыз айында «Халықтық шаруашылықты жоспарлау» кафедрасы өзінің ісін бастап, 1991 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді. Кейіннен «Болжау және комплекстік жоспарлау» кафедрасына ауысып кетті. 1992 жылдың 20 қарашасынан бастап бұл кафедра «Экономиканы мемлекеттік реттеу» атауымен өз жұмысын атқарады және 1995 жылдан бастап 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жас мамандар кадрларын даярлап шығарады.

22 жыл бойы (1963 – 1986 ж.) кафедра меңгерушісі ретінде беделді мемлекеттік қайраткер, экономика және мұнай өнеркәсібінің белгіглі ғалымы, әйгілі педагог, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚазақССР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері Шаукенбаев Тарбай Шауенбаевич басқарды. Оның қол астынан 1,5 мың жоспарлаушы-экономист жас кадрлары бітіріп шықты, 12 кандидат және 2 доктор лауазымын қорғап шыққан.

1986 жылдың мамыр мен 1990 жылдың қыркүйек ай аралығында кафедра меңгерушісі болып, профессор Шаукенбаев Т.Ш. шәкірті, Еуразиялық экономикалық акдемияның академигі, э.ғ.д., профессор Нурсеит Айткали Шокайұлы орнатылды.

1990 жылдың 5 қыркүйек айынан 2008 жылға дейін кафедра меңгерушісі боллып Шаукенбаев Т.Ш. шәкірті, э.ғ.д., профессор Ихданов Жамел Омарович болды.

2012 жылдан кафедра меңгерушісі ретінде э.ғ.д., профессор Доскеева Гулашар Жармаганбетовна жұмыс атқарады.

Соңғы 13 жыл бой «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша кафедра сапалы жас экономист кадрларын шығарады.

Қазіргі уақытта кафедра барлық дүниежүзілік стандарттарға сай жас экономист кадрларын даярлайтын, жаңартылған оқу жоспары бойынша жұмыс істейді. Осы оқу жоспары бойынша мүлдем жаңа пәндер оқытылуда. Олар: «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Жоспарлау стратегиясы», «Мемлекет және Бизнес», «Мемлекеттік басқару теориясы», «Аймақтық экономика және жергілікті басқару» және тағы басқалар.

«ЭМР» кафедрасында мынадай пәндер оқытылады: аймақтық экономика, стратегиялық жоспарлау, тұрақты дамудың мемлекеттік стратегиясы, экономика бәсекелестігінің мемлекеттік саясаты, әлеуметтік секторды реттеу, экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу, мемлекет және бизнес, экономиканы мемлекеттік реттеу.

Қазіргі таңда «ЭМР» кафедрасының профессорлық-оқытушы құрылымы мынадай:

1. ғылым докторы, профессор – 3;

2. ғылым кандидаты, доцент – 5;

3. аға оқытушы – 6;

4. оқытушы – 1.

«ЭМР» кафедрасында тәжірибе өту барысында кафедра жұмыстарының негізгі наменклатура құжаттарын зерттеп, сонымен қатар, нормативті құқықтық актілер және ҚР заңдарымен таныстым (1 – кесте.)

 

1 – кесте. «ЭМР» кафедрасының іс номенклатурасы

 

ІС номенклатурасы
  Университеттің қызмтетіне жататын заңнамалық актілер және ҚР заңына тәуелді нормотивтік құқықтық актілер
  ҚР министірліктері, агенттіктері және мекемелерінің заңға тәуелді нормотивтік құқықтық актілері
  Студенттер жеке құрамы бойынша ректордың бұйрықтары
  Кафедра туралы ереже
  Қызметкер лауазымдық нұсқаулықтары
  Кафедраның отырыстарының хаттамалары және оған тиісті құжаттар
  Оқытушылардың ҒЗЖ жылдық жоспары
  Мамандықтар бойынша оқыту пландары
  Кафедраның жылдық жұмыс есебі
  Мамандықтар бойымша оқытушы жұмыс бағдарламалары
  Оқулық, мақала, оқу құралдар бойынша кафедраның пікір, сын пікір, қорытындылары.
  Курстық және дипломдық жұмыстарды тіркеу журналы
  Ішкі құжаттарды тіркеу журналы
  Құжатты қабылдау-өткізу актілері

 

Наменклатураны талдау барысында кафедраның ПОҚ қызметінің негізгі көрінісі құралды. Олар мынадай: қызметкерлер лауазымдық нұсқаулықтары зерттелді, олардың функциялары, міндеттері, қызметкерлік борышы, біліктілік талаптары, құқықтары мен жауапкершіліктері анықталды.

ПОҚ өздерінің қызметінде келесі құжаттарға жүгінеді;

1. «Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ» АҚ жарлығы;

2. Лауазымды нұсқаулық;

3. Сапаға байланысты міндеттер саясаты;

4. Университеттің стратегиялық даму жоспары;

5. Тиiстi сұрақтар бойынша әдiстемелiк материалдар;

6. Университет ректорының бұйрық және жарлықтары;

7. Университет iшкi нормативтiк құжаттары.

Осылайша практика өту барысында педогогикалық практикаға есеп беру үшін қажетті барлық материалдар жиналып, практикаға байланысты өзіндік тапсырмалар мен бағдарламалар толықтай орындалды. Еңбек қорғау, ішкі тәртәп, қауіпсіздік техникасы және тазалық сақтау ережелері қатал сақталған.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 26 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Магистрлік білім бағдарламаларын шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар | Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулары | Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері | Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу | Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің дәрістік кешенінің жоспары | СОӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар | ЭМР» кафедрасында өткен сабақтардың өзін-өзі талдау | Орытынды |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав