Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулары

ПОӘК және оқу-әдістемелік құралдармен танысу

 

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Оғамдық-экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Экономикаға мемлекеттің араласу шектері. «Рыноктың кемшіліктері» жəне «мемлекеттің кемшіліктері». Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері, олардың əлеуметт іс-экономикалық жəне шаруашылық мүдделері.

Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері

Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Мақсаттарды анықтау, бəсекелес жəне бір-бірін қолдаушы мақсаттар. Əлеуметтік- экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын дайындау, мақсаттарға жету үшін құралдар тобын таңдау.

Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру. Мемлекеттің дəстүрлі жəне жаңа қызметтері. Əкімшілік- құқықтық реттеу. Экономикалық реттеу. Экономикаға мемлекеттің тікелей жəне жанама əсер ету нысандарын анықтайтын жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің əдістері мен құралдары. Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық билік ету жүйесі. Кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік кəсіпкерліктің мəні жəне даму белгілері.

Болжау жəне жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі əдістері ретінде

Мемлекеттік реттеудің қазіргі əдістері: ғылыми болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау. Болжаудың негізгі түрлері. Болжаудың қағидалары: кешенділігі, ғылыми негізделуі, баламалылығы, мақсатқа сай бағытталуы. Болжау əдістері. Жоспарлаудың мəні жəне негізгі мақсаттары. Жоспарлаудың түрлері: директивті жəне индикативті. Жоспарлаудың қағидалары. Экономикалық бағдарлама жасау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты жəне жүзеге асыру тəсілдері.

Экономиканы реттеудің қаржы- бюджеттік əдістері

Фискалды саясат. Қаржы-бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары, негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет экономиканы қаржылық реттеудің негізі. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: ашықтық, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері. Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының əдісі ретінде. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджеттің тапшылығы жəне мемлекеттік қарыз – экономиканы реттеудің құралдары. Қазақстан Республикасындағы қаржы саясатының ерекшеліктері.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | ЭМР» кафедрасының ұйымдық құрылымы және іс қағаздарын жүргізуін қарастыру | ЭМР» кафедрасының сипаттамасы және біліктілік талаптары | Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу | Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің дәрістік кешенінің жоспары | СОӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар | ЭМР» кафедрасында өткен сабақтардың өзін-өзі талдау | Орытынды |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав