Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоритм сөзі 9 ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.

ДӘРІС Пәнге кіріспе. Алгоритм негіздері. Алгоритмнің құрылымы және қасиеттері. Алгоритм берілу түрлері.

Мақсаты: Алгоритм түсінігімен танысу, түрлі есептерді шығару үшін алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, типтік программаларды құру, сонымен қатар медициналық диагностиканы жүзеге асыруды игеру. Есептеудің программалық-эффектілі схемаларын қолдануды үйрену. Ақпаратты құрылымдар жөніндегі негізгі мәліметтер. Программаны өңдеудің жаңа технологиялардың дамуымен таныстыру.

Ақпараттық қоғам туралы ұғым қалыптастыру, ақпараттық өнім мен қызмет нарығының құрылымын көрсету, Ақпаратты технологиялар қызметі мен рөлін түсіндіру. Дербес компьютердің жалпы жұмыс істеу принциптерімен таңысу.

 

Оқытудың міндеттері:

Алгоритмнің негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды медициналық есептерді шешудің алгоритмдерін құруда қолдануды үйрену. Алгоритмді түрлі әдістермен құру біліктілігін қалыптастыру. Алгоритм өңдеу этаптарын, оның қасиеттерін білу.

Ақпаратты технологиялар құрамдас бөліктері және объектілері, пән туралы түсінікті қалыптастыру. Ақпараттың физикалық және математикалық аспектілерін және ақпаратты технологиялардың математикалық негізін оқып үйрену.

 

Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндітті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютер көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.

Алгоритм сөзі 9 ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.

Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.

Алгоритм ұйғарымдары сондай-ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.

Алгоритмді құрастырғанда келесі талаптар орындалуы тиіс:

1. Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттігі деп аталады.

2. Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуі тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады.

3. Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуін шешетін алгоритм оның түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті көпшілікке бірдейлілігі деп аталады.

4. Нәтижелілігі. Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мысалы, шахматтта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғұмыры жетпейді. Орындаушы үшін ол орындап отырған әрекеттер тізімі, егер олар ол мәселені қолайлы мерзімде шешуге жеткізсе, алгоритм болып есептеледі.

 

Осылайша алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттік, анықтық, көпшілікке бірдейлік, нәтижелілік.

Алгоритм – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

Алгоритм жасалу құрылымына қарай үш түрлі болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады.

Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.

Жеке командалар мен команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.

Іс жүзінде алгоритмдердің көбінде үш құрылым да болады.

Компьютер, біз білетіндей, сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық деректерді өңдей алады.

Программалау тілінің командаларымен өңделетін деректер шамалар деп аталады. Шамалар сандық, символдық және логикалық болады.

Шама атымен, типімен және мағынасымен сипатталады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
дәріс. Кіріспе| Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав