Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекет функцияларының түрлері

Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына қарай негізгі және қосымша функциялар деп бөлінеді;

б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты ішкі және сыртқы функциялар деп бөлінеді.

Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары.

Ішкі функцияларға мыналар жатады:

- адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы;

- экономикалық функция;

- салық салу функциясы;

- әлеуметтік қорғау функциясы;

- экологиялық функция;

-мәдени функция.

- ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады:

- екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру;

- мемлекет аралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;

- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

- мемлекетті қорғау функциясы;

- бейбіт тәртіпті сақтау функциясы;

- басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.

 

27 Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары

Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ә) құқыққолданушы бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

б) құқыққорғаушы бұл адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ә ) ұйымдастырушылық-шаруашылық бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 135 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Алғы сөз | Тақырып Мемлекеттің нысаны | Тақырып Құқық және тұлға | Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны | Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормаларға жалпы сипаттама | Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясы | Мемлекет пайда болуының органикалық теориясы | Мемлекет пайда болуының патримоналдық теорясы | Мемлекеттің басқару нысаны | Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен рөлі |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав