Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Молекулалық биология және генетика кафедрасы

 

«Жануарлар биотехнологиясы негіздері» пәні бойынша тесттік сұрақтар

«5B070100 Биотехнология» мамандығы, 2 курс, қ/б.

 

Уровень а

v №1 «Жануарлар биотехнологиясында молекула, гендер, клеткалар, ұлпалар, мүшелер және организмдер не болып саналады:
  А) зерттеу объектісі
  В) оқу пәні
  С) жұмыс әдісі
  D) мақсаты
  E) ресурс
v №2 Жануарлар биотехнологиясының әдістерін өндіріске ендірудің алғы шарттары:
  А) нәтиженің экономикалық орындалуы мен қайталануы
  В) соңғы өнімнің үлкен шығымы
  С) жануарлардың жаңа түрін алу
  D) міндеттердің өзектілігі, теориялық негіз, техникалық жабдықталу, орындалу үнемділігі, нәтиженің қайталануы
  E) жаңа білім алу
v №3 Жануарлар биотехнологиясының резерві болып табылады:
  A) геном
  B) геном, клетка, ұлпа,мүше,организм
  С) репликация, транскрипция, трансляция
  D) жануарлар клетка ядросының құрылымы
  E) эмбриондар
v № 4 Тұқымқуалайтын жаңа белгілерімен клеткалар мен организмдерді алу болашағын көрсететін жануарлар биотехнологиясының жетістігі болып:
  A) генетикалық трансформация
  B) клеткалық инженерия
  С) эмбриоинженерия
  D) клондау
  E) жасанды ұрықтандыру
v №5 Тұқымқуалаушылық сипатымен бірдей клеткалар мен организмдерді алу болашағын көрсететін жануарлар биотехнологиясының жетістігі болып:
  A) генетикалық трансформация
  B) клеткалық инженерия
  С) эмбриоинженерия
  D) клондау
  E) жасанды ұрықтандыру
v №6 Тұқымқуалаушылық сипаты әртүрлі клеткалардан тұратын организмдерді алу болашағын көрсететін жануарлар биотехнологиясының жетістігі болып:
  A) генетикалық трансформация
  B) клеткалық инженерия
  С) химераларды алу
  D) клондау
  E) жасанды ұрықтандыру
v №7 Трансгенді жануарларды қалай алуға болады?
  A) 8-клеткалық эмбриондарды біріктіру
  B) протопластар мен соматикалық клеткаларды біріктіру
  С) жасанды ұрықтандыру
  D) соматикалық клеткалар ядросын ауыстыру
  E) генетикалық трансформация жолымен
v №8 Генетикалық клонды қалай аламыз?
  A) 8-клеткалық эмбриондарды біріктіру
  B) протопластар мен соматикалық клеткаларды біріктіру
  С) жасанды ұрықтандыру
  D) соматикалық клеткалар ядросын жұмыртқа клеткасына ауыстыру
  E) трансгенді конструкцияларды жұмыртқа клеткасына микроинъекциялау
v №9 Генетикалық химераны қалай алуға болады?
  A) 8-клеткалық эмбриондарды біріктіру арқылы
  B) бастапқы эмбриондарды рекомбинантты вирустармен зақымдау
  С) жасанды ұрықтандыру
  D) соматикалық клеткалар ядросын ауыстыру әдісімен
  E) трансгенді конструкцияларды жұмыртқа клеткасына микроинъекциялау
v №10 Жануарлар биотехнологиясының негізгі 3 методологиялық тәсілін көрсет:
  A) организмнің сыртқы ортамен ара қатынасын зерттеу, селекция және көбею
  B) репликация, транскрипция, трансляция
  С) Қорганизмдер мен клеткалар клонын алу, өндірістік қалдықтарды өндеу және генетикалық трансформация
  D) биоконверсия, биотрансформация и криоконсервация
  E) клондау, химералық организмдерді алу және трансгеноз
v №11 Қай жылы әлемдегі бірінші сүтқоректі Долли қойы алынды (Шотландия, институт Рослин, Уилмут және әріптестері)?
  A) 1989
  B) 1986
  С) 1997
  D) 1991
  E) 2000
v №12 1973 ж. Коэн және әріптестері алғаш рет әртүрлі организмдер гендерін бір конструкцияға біріктіру нәтижесінде жаңа репликацияланатын генетикалық құрылымды алды. Бұл тәжрібие қалай аталады:
  A) рекомбинантты ДНҚ технологиясы
  B) клеткаларды клондау
  С) моноклональды антиденені алу
  D) трансфекция
  E) трансформация
v №13 Қай жылы К.Мюллис полимеразды тізбекті реакция (ПТР) ойлап тапты?
  A) 1983
  B) 1970
  С) 1990
  D) 1980
  E) 1992
v №14 Қай жылы инженер Карл Эреки «биотехнология» терминін енгізді?
  A) 1953
  B) 1983
  С) 1997
  D) 1917
  E) 2000
v №15 Қай жылы Дж.Уотсон и Ф. Крик ДНҚ молекуласының құрылымын анықтады?
  A) 1953
  B) 1983
  С) 1997
  D) 1917
  E) 2000
v №16 Қай жылы «Адам геномы» программасы бойынша адам хромосомасын секвенирлеу аяқталды?
  A) 1953
  B) 1983
  С) 1997
  D) 1917
  E) 2000
v №17 Қандай гормон жұмыртқа клеткасының өсуін және дамуын жетілдіреді?  
  A) Лютеининдеуші гормон (ЛГ)
  B) Фолликулдерді жетілдіруші гормон (ФСГ)
  С) Прогестерон
  D) Пролактин
  E) Эстроген
v № 18 Гипофиздің алдыңғы бөлігіне жауапты овуляцияны шақыратын гормонды көрсет:  
  A) Лютеининдеуші гормон (ЛГ)
  B) Фолликулдерді жетілдіруші гормон (ФСГ)
  С) Прогестерон
  D) Пролактин
  E) Эстроген
v № 19 Сары дене өндіретін жатыр қабықшасына ұрықты имплантациялауға әсер етуші және қағанақ дамуын жетілдіретін гормон?
  A) Лютеининдеуші гормон (ЛГ)
  B) Фолликулдерді жетілдіруші гормон (ФСГ)
  С) Прогестерон
  D) Пролактин
  E) Эстроген
v № 20 Сүт безінің сүтті өндіруіне әсер етуші гормон:
  A) Лютеининдеуші гормон (ЛГ)
  B) Фолликулдерді жетілдіруші гормон (ФСГ)
  С) Прогестерон
  D) Пролактин
  E) Эстроген
v № 21 ФСГ мен ЛГ құрамын реттейтін гормон:
  A) лютеининдеуші гормон (ЛГ)
  B) фолликулдерді жетілдіруші гормон (ФСГ)
  С) прогестерон
  D) пролактин
  E) эстроген
v № 22 Қай мүшеде ФСГ және ЛГ синтезделеді?
  A) қағанақта (пацентада)
  B) фоликулярлы клеткалар
  С) гипофиз
  D) гипоталамус
  E) сары дене
v № 23 Белсенді қозғалыстағы жануарлардың кішкене гаплоидтық жыныс клеткасы:
  A) жұмыртқа клеткасы
  B) сперматозоид
  С) лимфоцит
  D) эритроцит
  E) ұрық
v № 24 Сперматозоидтың басында орналасқан:
  A) ядро
  B) центриоля
  С) митохондрия
  D) гольджи аппараты
  E) лизосома
v № 25 Бас, мойын, құйрықтан тұрады:
  A) Жатыр
  B) Сперматозиод
  С) Ен
  D) Жұмыртқа
  E) Жатыр түтігі

 

Уровень b

v № 1 Жұмыртқа клеткасы қайда жетіледі?  
  A) Жатырда
  B) Аталық без түтігінде
  С) Граафов фолликулде
  D) Гипофизде
  E) Сүт бездерінде
v № 2 Адамның овуляцияланған жұмыртқа клеткасы қанша хромосомалық жұптан тұрады?
  A) 1n
  B) 2n
  С) 3n
  D) 0,5n
  E) 4n
v № 3 Тышқан жатыры қандай?
  A) Төртмүйізді жатыр
  B) Мүйізсіз
  С) Бір мүйізді жатыр
  D) Екі мүйізді жатыр
  E) Үш мүйізді жатыр
v № 4 Ұрықты қай сатыда жатырға имплантация жасайды?
  A) Гаструла
  B) Бластоциста
  С) Нейрула
  D) 1-клеткалық ұрық
  E) 4- клеткалық бластула
v № 5 Адамның дамуының перинатальды кезеңі бұл:
  A) эмбриональды саты
  B) 1- жастағы бала
  С) балалық шақ
  D) ересек шақ
  E) пубертантты кезең
v № 6 Ұрық дамуы аналық ядроның қатынасынсыз, тек аталық ядроның бақылануымен жүреді:
  A) Андрогенезде
  B) Гиногенезде
  С) Гистогенезде
  D) Гаметогенезде
  E) Органогенезде
v № 7 Ұрық дамуы аталық ядроның қатынасынсыз тек аналық ядроның бақылануымен жүреді:
  A) Андрогенезде
  B) Гиногенезде
  С) Гистогенезде
  D) Гаметогенезде
  E) Органогенезде
v № 8 Омыртқалылардың онтогенезінде ювинильдік даму кезеңі бұл:
  A) қартаю шақ
  B) көбею шақ
  С) жыныстық жетілу шақ
  D) метаморфоз кезеңі
  E) личинканың өсу кезеңі
v № 9 Онтогенездегі дамудың белгілі бір уақытқа тоқталуы:
  A) Диапауза
  B) Лактация
  С) Метаморфоз
  D) Көбею кезеңі
  E) Менопауза
v № 10 Гонадотропты гормондарға жатады:
  A) Эстроген және андрогендер
  B) Тироксин және трийодтиронин
  С) Адреналин және эндорфин
  D) Пролактин және окситоцин
  E) ЛГ және ФСГ
v № 11 Сүтқоректілердің самкаларының жыныстық жетілу фазасын анықтайды:
  A) жұмыртқа эстрогенінің ішкі секрециялық ритмі
  B) жатыр шырышты қабығының ішкі секрециялық ритмі
  С) гипоталамус, гипофиз және жұмыртқаның оралымдылықты эндокриндік қарым - қатынасы
  D) жатырдың шырышты қабығымен гипоталамустың оралымдылықты эндокриндік қарым- қатынасы
  E) жатырдың шырышты қабығымен гипофиздің оралымдылықты эндокриндік қарым - қатынасы
v №12 Эстрогендер бөлінеді:
  A) Гипоталамус әсерінен гипофизден
  B) Лютеиндеуші гормон әсерімен сары денеден
  С) Гипофиздің ФСГ әсерімен аналық жыныс безінің фолликулярлы клеткаларынан
  D) ЛГ әсерінен жатырдың шырышты қабатынан
  E) ФСГ әсерінен жатырдың шырышынан қабатынан
v №13 Лютеидеуші гормон бөлінеді:
  A) Аналық жыныс безінің сары денесінен және эмбрионнан
  B) Гипофиздің алдыңғы бөлігінен
  С) Гипоталамустан
  D) Жатыр мойынының шырышты қабатынан
  E) Аналық жыныс безінің фолликулярлы клеткаларынан
v №14 Ірі қарада овуляция ненің әсерінен жүреді:
  A) Гипофиздің алдыңғы бөлігінде ЛГ гормонының қарқынды бөлінуі
  B) Жатырдың шырышты қабатында эмбрионды қабылдау дайындығының аяқталуы
  С) Мал жұптау
  D) Сары денеде прогестерон секрециясының тоқталуы
  E) Гипофизде ФСГ секрециясының бәсеңдеуі
v №15 Жатырдың шырышты қабатының күйі бақыланады:
  A) ФСГ секрециясының деңгейімен
  B) ФСН мен ЛГ секреция қатынасының деңгейлерімен
  С) Эстроген мен прогестеронның секреция деңгейімен
  D) ЛГ секреция деңгейімен
  E) Гипоталамус факторларының релизинг секреция деңгейімен
v №16 Жұмыртқа безде пісіп жетілген фолликулаларында овоциттер қай сатыда болады:
  A) 1-реттік овоциттің G2 клеткалық циклінде
  B) Мейоздың II профазасында
  С) Жұмыртқа жасушасы сатысында
  D) 2-ретті овоцитте
  E) Мейоздың I профазасында
v №17 Ірі қарада аналық жыныс клеткасының ұрықтануы қай сатыда өтеді:
  A) 1-реттік овоцит
  B) 2-реттік овоцит
  С) Мейоздың I профазасында
  D) Жұмыртқа жасушасы сатысында
  E) Мейоздың 2-бөлінуінде
v №18 Мейоз барысында 1-реттік овоцит бөлінеді:
  A) Бірдей мөлшерде 4 клеткаға
  B) Мөлшері жағынын бір-бірінен сәл айырмашылығы бар клеткаға (оның ішінде ең үлкені – генетикалық жетілген жұмыртқа клеткасы)
  С) 2 ірі мөлшердегі және 2 кішкентай ("бағыттаушы денешіктер") клеткаларға
  D) 1 ірі клеткаға және бірнеше есе кіші басқа клеткаларға ("бағыттаушы денешіктерге")
  Е) Бірдей мөлшерде 2 клеткаға
v №19 Жұмыртқа клеткаларының ұрықтануы негізінен жүреді:
  A) Ұрық жолынан жатыр мүйізшесіне өткенде
  B) Ұрық жолының түтігіне енер кезінде
  С) Жұмыртқа клеткаларынан жатырға шыққанына 4-5 күн болғанда
  D) Ұрық жолының төменгі жағына ауысқанда
  E) Ұрық жолының жоғарғы бөлігіне шыққанда
v № 20 Құрылымды гендердің мағанасыз бөлігі қалай аталады?
  A) экзондар
  B) интрондар
  С) нейтрондар
  D) протондар
  E) промоторлар
v № 21 Монозиготалы егіздерге тән сипат:
  A) олар әртүрлі генотипті және сырт пішініде ұқсамайды
  B) олар әртүрлі генотипті және сырт пішіні өте ұқсайды
  С) оларда екеуіне бір жұп хромосома
  D) әртүрлі жыныстың өкілі болуы мүмкін (ұрғашы, еркек)
  E) олардың генотиптері бірдей және сыртқы белгілері де бірдей
v № 22 Дизиготалық ұрықтық егіздерге тән сипат:
  A) олардың генотиптері бірдей
  B) егіздер мен олардың семьядағы ұрпақтары да әртүрлі генотипті
  С) оларда ұқсас гендер мүлде жоқ
  D) оларда екеуіне бір жұп хромосома
  E) олар міндетті түрде бір жынысты болуы керек
v № 23 «Адам геномы» жобасының мақсаты болып табылады:
  A) адам геномының құрылымын, генетикасын, қызметі мен сипатын анықтау, сонымен бірге генотипін түзету
  B) адам генінің генетикалық стандарты
  С) адам хромосомаларын анықтау
  D) Дарвин теориясы бойынша адамның шығу тегін анықтау
  E) адамның генін анықтау
v № 24 Адамның диплоидтық клеткадағы хромосома саны?
  A) 8
  B) 60
  С) 46
  D) 16
  E) 48
v № 25 Адамның жұмыртқа клеткасының хромосома саны?
  A) 5
  B) 30
  С) 46
  D) 23
  E) 18
v № 26 Адам сперматозоиды қанша хромосомадан тұрады?
  A) 23
  B) 30
  С) 46
  D) 9
  E) 18
v № 27 Адамда РНҚ қайда кездеседі:
  A) ядро және цитоплазмада
  B) лизосомаларда
  С) тек ядрода
  D) хромосомалар мен митохондрияларда
  E) тек рибосомаларда
v № 28 Адам геномы қанша құрылымдық гендерден тұрады?
  A) 100 мың
  B) 5 мың
  С) 30-35 мың
  D) 500 мың
  E) 60-70 мың
v № 29 Гендердің тұқымқуалаушылық ақауын түзететін молекулалық тәсіл?
  A) гендік конверсия
  B) трансгенді технологиялар
  С) генндік дактилоскопия
  D) уринотерапия
  E) гендік терапия
v № 30 ДНҚ фрагментінің көп рет көшірмесіне негізделген реакция:
  A) ядролық реакция
  B) гибридизация
  С) полимеразды тізбекті реакция
  D) көп көшірмелер
  E) транспозонды мобильді элементтер
v № 31 Молекулалық гибридизацияда зонд және нысана ретінде ДНҚ молекуласы табылса, бұл қандай әдіс?
  A) Саузерн гибридизациясы
  B) Нозерн-блоттинг
  С) Вестерн-блоттинг
  D) Гибридизациялық селекция
  E) Геномдық дактилоскопия
v № 32 Молекулалық гибридизацияда зонд ретінде ДНҚ молекуласы, ал нысана ретінде РНҚ молекуласы табылса, онда бұл қандай әдіс?
  A) Саузерн гибридизациясы
  B) Нозерн-блоттинг
  С) Вестерн-блоттинг
  D) Гибридизациялық селекция
  E) Геномдық дактилоскопия
v № 33 Молекулалық гибридизацияда зонд ретінде специфиалық белоктың антиденесі, ал нысана ретінде белок антигендері табылса, онда бұл қандай әдіс?
  A) Саузерн гибридизациясы
  B) Нозерн-блоттинг
  С) Вестерн-блоттинг
  D) Гибридизациялық селекция
  E) Геномдық дактилоскопия
v № 34 Кім бірінші болып трансгенді сүтқоректі - тышқанды алған адам?
  A) Бриггс и Кинг
  B) Гордон
  С) Уилмут
  D) Уотсон и Крик
  E) Дульбеко
v № 35 Бірінші трансгенді сүтқоректіні ата:
  A) тышқан
  B) көр тышқан
  С) қой
  D) қоян
  E) адам
v № 36 Геномдық библиотека – бұл:
  A) гендік инженерия ферментттерінің колекциясы
  B) ДНҚ фрагменттерін бірде болса экземплярынан тұратын ДНҚ клонының коллекциясы
  С) геномика туралы кітаптар жинағы
  D) организмнің тұтас ДНҚ- сы
  E) фрагменттелген ДНҚ
v № 37 Вектор дегеніміз:
  A) бактериофаг немесе вирус
  B) екі тізбекті РНҚ
  С) селективті маркер
  D) вирус геномының бөлігі
  E) Клондалған ДНҚ фрагменттерін тасмалдайтын ДНҚ молекуласы
v № 38 Реципиент геномына бөтен ДНҚ жиілігі қосылса айтылады:
  A) трансген
  B) экзон
  С) трансформатор
  D) экстрахромосомалық элемент
  E) интегратор
v № 39 Геномына бөтен генді ендіру арқылы жаңа қасиетке ие болған организм қалай аталады?
  A) жаңа организм
  B) химерлі организм
  С) клондалған дарақ
  D) синтезделген организм
  E) трансгенді организм
v № 40 Имплантация алды жануарлар эмбриондарын рекомбинанты ретровирустармен жұқтыру әдістемесі не үшін қолданылады?
  A) клондау
  B) трансгенді организмдерді алу
  С) генетикалық химераларды алу
  D) мутантты алу
  E) гендер библиотекасын алу
v № 41 Бөтен генді эмбриондық бағаналы клеткаларға ендіру әдістемесі қолданылады:
  A) геномдық библиотека жасау
  B) генетикалық химераларды алу
  С) трансгенді дарақтарды алу
  D) мутанттарды алу
  E) клондау
v № 42 Рекомбинантты ДНҚ-ны микроинъекциялау көмегімен бір клеткалық жұмыртқаға ендіру арқылы алуға болады?
  A) клондалған организм
  B) геномдық библиотека
  С) аллофенді жануарлар
  D) мутант
  E) трансгенді дарақ
v № 43 Төменде көрсетілген әдістердің ішінде трансгенді жануарлар клеткасына ендіру әдісіне қайсысы жатады?
  A) 8- клеткалық эмбриондарды құйылыстыру
  B) ядроны ауыстыру
  С) Кальций – фосфаттық әдіс
  D) Гипотоникалық тұзбен әсер ету
  E) Энуклеация
v № 44 Трансгенді жануарлар клеткасына ендіру әдісі?
  A) 8- клеткалық эмбриондарды құйылыстыру
  B) ядроны ауыстыру
  С) энуклеация
  D) гипертоникалық тұзды әдіс
  E) тұзбен әсер ету
v № 45 Адамда ДНҚ- дан нелер тұрады?
  A) тек жыныс клеткалары
  B) лизосомалар
  С) тек Гольджи аппараты
  D) хромосомалар мен митохондриялар
  E) тек рибосомалар
v № 46 Трансляция деп айтамыз:
  A) ДНҚ-дан РНҚ-ға ақпаратты тасмалдауды
  B) РНҚ-дан ДНҚ-ға ақпаратты тасмалдауды
  С) ДНҚ-дан белокқа ақпаратты тасмалдауды
  D) РНҚ-дан белокқа ақпаратты тасмалдауды
  E) ДНҚ-дан ДНҚ-ға ақпаратты тасмалдауды
v № 47 Трансгенді жануарлар клеткасына ендіру тәсілі?
  A) рекомбинанты адено-ретровирустармен инфекцирлеу
  B) ядроны ауыстыру
  С) 8- клеткалық эмбриондарды құйылыстыру
  D) тұзбен әсер ету
  E) энуклеация
v № 48 Трансгенді жануарлар клеткасына ендіру әдісін көрсет?
  A) 8- клеткалық эмбриондарды құйылыстыру
  B) ядроны ауыстыру
  С) гибридизациялық селекция
  D) тұзбен әсер ету
  E) ДЭАЭ-декстрандық әдіс
v № 49 Реципиент клеткаларына трансгенді қалай ендіруге болады?
  A) молекулалық зондтарды қолдану арқылы
  B) липосоманың көмегі арқылы
  С) лизосома көмегі арқылы
  D) апоптозды индукциялау арқылы
  E) Сендай вирусы арқылы
v № 50 Реципиент клеткаларына трансгенді қалай ендіруге болады?
  A) молекулалық зондтарды қолдану арқылы
  B) липосоманың көмегі арқылы
  С) лизосома көмегі арқылы
  D) апоптозды индукциялау арқылы
  E) Сендай вирусы арқылы

 

Уровень c

v № 1
  Дақылдануда ұсталынатын жануарлар клеткаларына трансгенді қалай ендіруге болады:
  A) электропарация әдісі арқылы
  B) ядроны ауыстыру әдісі арқылы
  С) лизосома көмегі арқылы
  D) геномның мобильді элементтерін араластыруды индукциялау арқылы
v № 2 Трансгенді конструкцияларды жануарлар клеткасына қалай ендіруге болады:
  A) 8- клеткалық эмбриондарды құйылыстыру арқылы
  B) Иммуноблоттинг арқылы
  С) Полиэтиленгликольды қолдану арқылы рекомбинантты плазмидаларды немесе фагтық векторларды бактерия протопластарымен бірге өсіру арқылы клеткаларын құйылыстыру арқылы
  D) гипотоникалық өңдеу арқылы
  E) Вестерн-блоттинг әдісі арқылы
v № 3 Жануар - реципиент клеткаларына трансгенді қандай тәсілмен ендіруге болады?  
  A) молекулалық зондтарды қолдану арқылы
  B) Сендай вирусы арқылы
  С) гендік пушкалар арқылы
  D) геномның мобильді элементтерін араластыру арқылы
  E) эмбрионды трансплантациясы арқылы
v № 4 Трансгенді конструкцияларды реципиент клеткаға ендірудің қайсысының негізіне трансгенді ДНҚ молекуласымен тұз микрокристалдарының преципитат түзілуі және олардың клеткаға фагоцитоза жолымен сорылуы жатады?
  A) гипертоникалық тұзды әдіс негізіне
  B) ДЭАЭ-декстрандық әдіс негізіне
  С) кальций-фосфаттық әдіс негізіне
  D) электропорация негізіне
  E) микроинъекция әдісі негізіне
v № 5 Трансгенді конструкцияларды реципиент клеткаға ендіру әдісінің қайсысы фосфолипидтік везикулаларға (тамшыларға) трансгенді орайды?
  A) липосомаларды қолдануда
  B) ДЭАЭ-декстрандық әдісі
  С) кальций-фосфаттық әдісі
  D) электропорация әдісі
  E) микроинъекция әдісі
v № 6 Төменде көрсетілген трансгенді реципиенттік жануарлар клеткасына ендіру әдісінің қайсысы гендердің жақсы интеграциясының нәтижесінде тұрақты трансформацияны көрсетеді:
  A) Ретровирустық векторларды қолдану
  B) ДЭАЭ-декстрандық әдісі
  С) липосомаларды қолдану
  D) электропорацияда
  E) микроинъекциялық әдісі
v № 7 Трансгенді реципиенттік жануарлар клеткасына ендіру әдісінің қайсысы гендердің белгілі мөлшерін ядроға тура тасмалдайды?
  A) гипертоникалық тұзды әдісі
  B) ДЭАЭ-декстрандық әдісі
  С) липосомаларды қолдануда
  D) электропорацияда
  E) микроинъекция әдісі
v № 8 Жануарлар клеткасына трансгенді ендіруде ДНҚ микринъекция әдісінің кемшілігі неде?
  A) трансформацияның тиімділігінің әлсіздігі
  B) орындаудың қиындығы және қымбат қондырғы
  С) әдістің сақиналыға қарағанда линиялық трансген молекуласында тиімді болуы
  D) әдістің линиялы молекуласына қарағанда сақиналы трансген молекуласында тиімді болуы
  E) трансгенді ДНҚ- ны нуклеазаның әсерінен қорғамауы
v № 9 Трансгенді реципиенттік жануарлар клеткасына ендіру әдісінің қайсысында мембрана клеткасында уақытша кейін қалпына келетін тесіктер пайда болады?
  A) кальций- фосфаттық әдісте
  B) электропорацияда
  С) гендік пушкалар: микробөліктермен атқылауда
  D) микроинъекциялық әдісте
  E) липосомаларды қолдануда
v № 10 Трансгенді реципиенттік клеткасына ендіру әдісінің қайсында клеткаларды алтын мен вольфрамның микробөлігімен атқылау қолданылады?
  A) кальций- фосфаттық әдісінде
  B) электропорацияда
  С) липосомаларды қолдануда
  D) микроинъекциялық әдісте
  E) гендік пушкалар қолдануда
v № 11 Трансформацияланған клеткаларды немесе дарақтарды іріктеу мақсатымен гендік конструкцияларға ендірілген ген қалай аталады?
  A) селективті маркер
  B) трансген
  С) эпистаздық ген
  D) комплементарлық ген
  E) негативті реттеуші
v № 12 Жануарлар клеткасының трансформациясында қолданылатын ген –маркерлердің ішінен этил спиртіне төзімділікке жауапты маркерлік генді атаңыз:
  A) black+
  B) H2-антигені
  С) tk+
  D) Adh+
  E) neo+
v № 13 Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын тимидин биосинтезіне жауапты селективті маркер:
  A) black+
  B) rosy+
  С) tk+
  D) Adh+
  E) neo
v № 14 Жануарлар клеткасының трансформациясына қолданылатын ген-маркерлердің ішінде нуклеотидтердің қосымша жолы биосинтезіне жауапты маркер:
  A) black, rosy
  B) β-глюкуронидаза, β-галактозидаза
  С) tk, gphrt, dgfr
  D) H-2-антигендері, Ia-антигендері, Thy-1-антигендері
  E) neo, amp
v № 15 Тимидинкиназа бойынша дефектілі клеткаларды қалай алуға болады?
  A) Бромдезоксиуридинді ортада өсіріліп, соңынан ультрафиолетпен әсер ету арқылы
  B) 8-азагуанинды ортада өсіріліп, соңынан ультрафиолетпен әсер ету арқылы
  С) 6-тиогуанинды ортада өсіріліп, соңынан ультрафиолетпен әсер ету арқылы
  D) ультрафиолетпен әсер ету жолымен
  E) радиациямен әсер ету арқылы
v №16 Генетикалық трансформациясында маркерлік ген ретінде қолданылады:
  A) барлық клеткалар типінде көрінетін белгілерді кодтайтын гендер
  B) спецификалық клеткалар типінде көрінетін белгілерді кодтайтын гендер
  С) реципиентке тән емес белгілерді кодтайтын гендер
  D) реципиенттің негізгі қасиетін өзгертпейтін, оңай селекцияланатын белгіні кодтайтын доминантты гендер
  E) реципиенттің негізгі қасиетін өзгертпейтін, оңай селекцияланатын белгіні кодтайтын рецессивті гендер
v №17 Генетикалық трансформациясында реципиент ретінде қолданылатын клеткалар мен организмдер:
  A) қалыпты белгілерімен
  B) биохимиялық өзгерістерімен
  С) барлық хромосомаларымен маркирленген
  D) маркерлік белгілерімен қалыпты
  E) маркерлік геніменен ақаулы
v №18 Жануарлар клеткасының генетикалық трансформациясында қолданылатын фенотипте көрінетін маркерлердің негізгі кемшілігі?  
  A) трансформацияның әлсіз тиімділігі
  B) экспериментатордан маркерлік белгілерді анықтауда белгілі бір еңбекті қажет ететіндігі
  С) ген-маркердің белгілі бір арнайы жағдайлардағы экспрессиясы
  D) ген-маркердің организмнің белгілі бір даму сатысындағы экспрессиясы
  E) маркерлік геннің тұрақсыз экспрессиясы
v №19 Екі бағытты селекциялар системасында нуклеотидтердің биосинтезінің қосымша жолын тежеуде қандай заттар қолданылады?
  A) дезоксинуклеотидтрифосфаттар
  B) рибонуклеотидтрифосфаттар
  С) 8-азагуанин, 6-тиогуанин, бромдезоксиуридин
  D) инозинмонофосфат, гипоксантин
  E) микофенолдық қышқыл, аминоптерин и метотрексат
v № 20 Екі бағытты селекциялар системасында нуклеотидтердің биосинтезінің қосымша жолымен дефекті клеткасын алуға қандай заттар қолданылады?
  A) дезоксинуклеотидтрифосфаттар
  B) рибонуклеотидтрифосфаттар
  С) 8-азагуанин, 6-тиогуанин, бромдезоксиуридин
  D) инозинмонофосфат, гипоксантин
  E) микофенолдық қышқылы, аминоптерин и метотрексат
v № 21 Маркерлік белгілерімен ақаулы клеткалармен, транс-формацияланған клеткаларды алу үшін қоректік орталарға арнаулы заттар қосатын сұрыптау системалары қалай аталады?
  A) көп сатылы системалар
  B) електеуші система
  С) мутагендерді анықтаушы система
  D) екі сатылы система
  E) екі бағытты система
v № 22 Реципиенттегі трансгенді ДНҚ-ны қалай анықтауға болады?
  A) Вестерн-иммуноблоттинг әдісі ақылы
  B) Нозерн-блоттинг әдісі арқылы
  С) Саузерн блот-гибридизациясы арқылы
  D) ПТР әдісі арқылы
  E) геномдық дактилоскопия әдісі арқылы
v № 23 Реципиент трансгенінің иРНК детекциясы арқылы осы трансгенді ДНҚ-ның экспресссиясын қалай анықтауға болады?
  A) Вестерн-иммуноблоттинг әдісі ақылы
  B) Нозерн-блоттинг әдісі арқылы
  С) Саузерн блот-гибридизациясы арқылы
  D) ПТР әдісі арқылы
  E) Геномдық дактилоскопия әдісі арқылы
v № 24 Реципиентте белоктық өнімді табу арқылы трансгенді ДНҚ экспрессиясын анықтауға болады?
  A) Вестерн-иммуноблоттинг әдісі ақылы
  B) Нозерн-блоттинг әдісі арқылы
  С) Саузерн блот-гибридизациясы арқылы
  D) ПТР әдісі арқылы
  E) Геномдық дактилоскопия әдісі арқылы
v № 25 Реципиент геномында трансгеннің интеграциялық орнын қалай білуге болады?
  A) ДНК электрофорезі көмегімен
  B) гибридизациялық селекция арқылы
  С) геномдық библиотека арқылы
  D) хромосомалар препаратында in situ гибридизациясы арқылы
  E) гистологиялық препараттардағы немесе интактты мүшелердегі in situ гибридизациясы арқылы

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Технические требования| Введение

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав