Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Порталдың құрылымы

Негізгі айдарлары:

 

Қосымша айдарлар:

1)

 

2)

1.2. Айдарлар мен бөлімдер:

«Бизнес-жаңалық» айдары. Бұл айдар елдегі және кеңістіктегі болып жатқан экономка мен бизнестегі және басқа да салалардағы ең маңызды деген ақпараттар мен жаңалықтарды жедел түрде порталдың тұтынушыларына таратады. Әлемдегі және отандық миллиардерлер мен миллионерлердің, экономистері мен бизнесмендерінің, іскерлерінің күнделікті жұмысындағы тыныс-тіршіліктерінен, жұмысындағы болып жатқан оқиғалардан хабардар етеді. Жер жүзінің өнертапқыштары мен ғалымдары ашқан техникалық-технологиялық мәліметтерді отандық ғылымға жедел түрде жеткізеді. Әр күннің ең пайдалы, қызықты, әрі маңызды ақпараттары оқырманның назарында болады.

 

Айдар мына бөлімдерден тұрады:

«Бизнес-сараптама» айдары. Бұл айдар елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық құбылыстарға сараптама жасалып, еліміздегі ең мықты эксперттер тарапынан оқиғалардың салдары алдын-ала болжанып отырады. Нарықтағы күрмеуі шиеленіскен, түйіні шешілмеген мәселелерді талдап, анықтап көрсетеді. Отандық экономика мен бизнестің неден қателесіп, неден кемшіліктер жіберіп отырғандығына анализ жасап, басымдықтарын анықтайды. Бағаның өсуі немесе құлдырауы осы айдардың бақылауында болады. Аптаның, айдың, жылдың көкейкесті деген экономикалық мәселелері мен құбылыстары сараптамалық жанрда оқырмандардың назарына ұсынылады.

 

«Бизнес-сараптама» айдары өз ісінің нағыз іскерлерімен тығыз байланыста болады:

«Бизнес-сұхбат» айдары. Айдардың аты айтып тұрғандай, мұнда тек бизнесмен ғана емес, жетістіктің шыңын бағындырған кез-келген тұлғамен әңгіме-дүкен құрылады. Тілші субьектіні әңгімеге тарта отырып, оның бойындағы жетістікке жетелейтін ерекше қасиеттерін, мінезін оқырманға паш етеді. Еліміздегі ең үздік саясаткерлерден бастап, халықтың көз алдында жүрген дарынды тұлғалардың баршасымен сыр-сұқбат жасау осы айдардың еншісінде. Ақшаны күректеп тауып жатқан байлар да әңгіме-дүкеннен қалыс қалмайды. Сонымен қатар, Билл Гейтс, Марк Сукербург т.б. әлемдік деңгейдегі миллиардерлердің, атақты, танымал тұлғалардың ірі басылымдарда жарияланған сұхбаттарына аударма жасалып, халыққа ұсынылады.

 

Айдар мына бөлімдер бойынша кейіпкерлерді әңгімеге тартады:

«Бизнес-Шоу» айдары. Шоу-бизнестегі жаңалықтарды жария етіп қана қоймай, әлемдегі және еліміздегі шоу-бизнес арқылы табыс тауып жатқан шоумендердің өмірі жайлы кеңінен ақпарат беріледі. Отандық «шоу-бизнес» өнімдерінің халыққа тез сіңісуін қадағалайды. Шоу-бизнестің әрбір саласындағы өзгерістерді бақылауда ұстайды. Отандық және әлемдік деңгейдегі әншілердің, актерлардың т.б. өнер иелерінің өміріндегі әрбір жаңалықты қалт жібермейді. Ұлттық өнеріміздің насихатталуына үлкен үлес қосады.

 

Айдар мына бөлімдер бойынша материялдар жариялайды:

 

«Алпауыт корпорация» айдары. «Samsung», «Apple», «Sony», «Microsoft» т.б. әлемдік деңгейдегі алпауыт корпорациялар туралы немесе Қазақстандық «Air astana», «Kazakhmys», «Kazmunaigas» т.б. алып компаниялардың құрылу тарихы, кешесі және бүгінгі басшылары, небір қиындықтардан аман қалып, бүгінге қалай жетіп отырғандығы туралы хабарыңыз бар ма? Бұл алып корпорациялар мен компаниялардың қалай жетістікке жетіп, миллиондаған адамды жұмыспен қамтып отырғандығы туралы ше? Міне, «Алпауыт корпорация» айдары әлемдегі ең үлкен корпорациялардың кешесі, бүгіні, ертеңі туралы кеңінен деректі, сараптамалық материялдар жариялап отарады.

 

 

Мына бөлімдер бойынша қажетті ақпараттарды табуға болады:

 

 

 

«Кемел адам» айдары. Ең қызықты айдарлардың бірі осы болмақ. «Аңыз адам» журналының идеясына ұқсағанымен, мұндағы ақпараттар мен материялдар ерекшелігімен, деректілігімен, қызықтығымен, рухани пайдалылығымен көзге түседі. Ұлы адамдар жайлы тарихи материялдарды қамти отырып, олар жайлы бүгінгі айтылып жатқан мәліметтер де қоса берілмек.

 

«Кемел адам» айдары «ең ұлы адамдарды» қамтитын көптеген бөлімдерден тұрады:

Сонымен қатар, тарихи тұлғалардан бөлек, бүгінде күндегі Қазақстандағы және әлемдегі әр сала бойынша «ең ұлы 100...»-ді анықтап, портал тұтынушыларына кеңінен мәлімет беріп отырамыз.

«Бизнес-кеңес» айдары. Бұл айдар порталды тұтынушылармен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Әсіресе, жас мамандар мен бизнесмендердің кәдесіне дәл осы айдар жарайды. Мұнда өзінің іскерлік карерасын көтеруге құлшыныс білдірегендер, іскерлік имиджін қалыптастырғысы келетіндер тікелей білім ала алады. Бизнес немесе т.б. салада өзін мазалап жүрген кез келген мәселеге қатысты оқырманның сауалына жауап табуына көмек береміз. Әрине, біз барлық іскерлермен байланыс орнататындықтан, кез келген тұтынушының сауалы қанағаттандырылады.

Айдар негізгі 5 бөлімнен тұрады:

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Р Е Ф Е Р А Т Т А Р | Ақпараттық тақырыптардың ауқымдылығы т.б. | Баға белгілеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав