Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпараттық тақырыптардың ауқымдылығы т.б.

- Рефераттар мұрағатының болуы;

- Ең үлкен электронды кітапхананың құрылуы;

 

 

ІІ. Бизнестің сипаттамасы

2.1. Меншік формасы/Заңды тұлға:

Isker.kz кәсіпорны АҚ корпорация ретінде қызмет атқарады.

2.2. Жұмыс уақыты: Жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін аптаның барлық күндері

 

2.3. Ұсынылатын негізгі ақылы қызметтер:

 

- Компанияларға, кәсіпорындарға, мекемелерге, банкатерге, сауда орталықтарына т.б. стратегиялық түрде белгілі бір уақыт аралығында (апта, ай, жыл) порталда және түрлі БАҚ-та PR идеология және жарнама жұмыстарын жүргізіп беру;

- Жеке адамдарды (Кәсіпкегрлерге, тұлғаларға, мамандарға, шоу-бизнес өкілдеріне) PR және жарнама қызметтерімен қамтамасыз ету;

- Тауар және қызмет көрсету өнімдеріне PR және жарнама жасау;

- Порталдағы электронды кітапар, рефераттар, дипломдық т.б. түрлі жұмыстарды оқырмандардың әлеуеті көтеретіндей ақылы негізде сату;

- Іскер блогерлердің жетістікке жету тәжірибелеріне сүйеніп түрлі іскери әдебиеттер шығарып, оны сату;

- Шетелдік мотиваторлардың кітаптарын қазақ тілінде басып шығарып, сату т.б;

2.4. Басқару құрылымы:

 

Директор

Офис-менеджер

Тілшілер қосыны: Пиар және жарнама: Қаржылық бақылау:

4 журналист 1 пиар -менеджер 1 бухалтер

3 аудармашы 1 заңгер

 

 

2.5. Кәсіпорынды құруға кететін жалпы сома:

Кәсіпорынды құруға қажетті қаражат мөлшері мөлшері 1 714 650 тг құрайды. Кәсіпорын персоналына төленетін жалақы 840 000 тг (1 айға) құрайды.

 

 

 

ІІІ. Маркетингтік зерттеу

3.1. Нарық анализі:

 

- «Isker.kz» порталы бүгінгі күні Қазақстанға ең қажетті жобалардың бірі ретінде нарықта оп-оңай көтеріле алады. Елімізде «capital.kz» порталынан басқа экономикалық, іскерлік портал жоқ. Оның өзі тек қана орыс тілінде мәліметтер таратады. Ал, қазақ тілінде бірде-бір экономикалық-іскерлерік порталдың болмауы және оған деген сұраныстың көптігі, қажеттіліктің күн сайын артуы – «Isker.kz» жобасының тұтынушыларын еселеп арттыру мүмкіндігін туғызады. Жыл сайын мемлекеттік тілде сөйлеушілердің артып жатқанын, экономика, бизнес т.б. салалардың қазақ тіліне көшіп жатқанын ескерсек, еліміздегі мемлекеттік тілді іскерлерге арналған экономикалық-іскерлік порталды құру қажеттілігі дәл бүгінге келіп тұр. Оның үстіне, «ақпараттық ғасыр дәуірі» деп аталып жатқан бүгінгі күнде еліміздегі іскерлерге жылдам әрі қажетті ақпарат тарататын тетік – дәл осы жоба болмақ.

- Жобаның негізгі тұтынушылары – қазақтілділер. Кәсіпкерлер, экономистер, банкирлер, менеджерлер, заңгерлер, саясаткерлер, студенттер т.б. кәсіпкерлік қыр-сырын үйренем деуші басқа да азаматтар, өз саласының нағыз іскерлері, қаржылық сауатын арттырам деушілер - жобаның «потенциялды тұтынушылары» болып есептеледі. Ғаламтор желісі дамып үлгерген қала халқы (жалпы, халықтың 54, 1%), интернет жетіп үлгерген ауыл халқы (жалпы ауыл халқының 30-40%-ы) жобаның қызметін тұтына алады. Тұтынушылардың ең потенциялды бөлігі елордамыз Астана қаласы және ару қаламыз Алматыда орналасқан. Сонымен қатар, қазақ тілінде сөйлеушілері көп Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңірлерінде де потенциялды тұтынушылар бар. Елімізде ауыл қалқының қалаға шоғырлана көшуін есепке алсақ, алдағы уақытта да жобаның қызметіне деген сұраныс еселеп артатыны сөзсіз.

- Миллионерлер мен миллиардерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік әл-аухаты жақсылар – жобаның басты нысаны. Алдағы уақытта осы әлеуметтік топтарға пиар менеджменті қызметін көрсету, жарнама жасау арқылы портал табыстарға кенеле алады. Сауда орталықтары, банктер, ірі кәсіпорындар т.б. щАлматы қаласында көп екенін ескерсек, жобаның пайдаға бату мүмкіндігі орасан. Елімізде Жарнама агенттіктері, қызметтері көп болғанымен, PR компаниялар, PR агенттіктер әлі құрылып үлгерген жоқ. Кәсіпкерлердің өнімдерін нағыз «брендке» айналдыру үшін бүгінде PR қызметіне деген сұраныс айтарлықтай артып отыр.

- Әлемдегі ең көп оқылатын кітаптардың басым бөлігін іскерлік әдебиеттер құрайды (Н.Хилл «Ойлан және байы», Р.Кийосаки (Менің кедей және бай әкелерім», Д.Рон «Байлыққа, бақытқа жетудің 7 стратегиясы» т.б.). Орыс тілінде шыққан осы бір кітаптардың сатылуы да, таралуы да өте жоғары деңгейде. Ал, қазақ тілінде іскерлік әдебиеттер шығу былай тұрсын, сол шетелдік әдебиеттерді аудару мәселесінің өзі дұрыс жолға қойылмаған. «Isker.kz» жобасы өзінің сараптамалық мақалаларын қорыта отырып, іскер блогерлердің тәжірибелерін жинақтай отырып «іскер әдебиеттерді» шығаруға мүмкіндік бар. Оқырмандардың мұндай әдебиеттерге сұранысы жоғары екенін есепке алсақ, мұндай кітаптарды шығарумен-ақ, қаржылай пайда көруге деген мүмкіндік зор.

 

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 12 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Жетістікке жету факторы | Порталдың құрылымы | Жобаның миссиясы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав