Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Социологиялық зерттеулерді жіктеу

 

Нақтылы, өлшеуге және тексеруге болатын ақпаратқа, фактілерге сүйену, айтарлықтай тәжірибелік нәтижелерге бағыт алу - социологияның ғылым ретінде пайда болуынан бастап ерекше белгілері. Қоғамтанудың ешбір өзге саласында эмпирикалық зерттеулердің осыншама бай, алуан түрлі және мұқият жүйеленген тәжірибесі жинақталмаған. Бүгінде социологиялық зерттеулердің әдістері оларды жасаған ғылым шеңберінен әлдеқайда аттап өтті. Олар экономика, психология, саясаттану, құқықтануда кеңінен қолданылады. Социологиялық ақпарат тұтынушылары, яғни социологиялық зерттеулердің қайсы бір түрлеріне тапсырма берушілер мемлекеттік органдар мен жеке фирмалар, бизнесмендер мен саясаткерлер, қайырымдылық қорлары мен діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

Қоғамдық пікірді зерттеу өз алдына дербес ғылыми-қолданбалы салаға айналды. Қоғамдық пікірді сұрау қазіргі заманғы қоғамдардың міндетті атрибутына, ал оларға қатынас - саяси мәдениет пен демократия деңгейінің маңызды көрсеткішіне айналды.

Социологиялық зерттеулермен бірге жалпы объект - адамның белгілі бір әлеуметтік бірліктің өкілі ретіндегі жүріс-тұрысы - маркетингтік зерттеулерге ие. Адамдардың пікірлері, көңіл-күйлері, үміттері, қажеттіліктері, талғамдары, ұнатулары - мұнын барлығын кез келген әлеуметтік бағытталған іс-әрекеттің табысы үшін білу қажет. Нарық - бұл индивидтердің жүріс-тұрыстары әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген өзіне тән қоғамдық орта. Екіншіден, идея, саяси бағдарлама - ол да өзгеше бір тауар, ал рухани өндірістің өнімдері, материалдық өндірістің өнімдері сияқты жүзеге асырылуының өз жолдарына ие болуы қажет.

Сонымен, адамдардың тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы жүріс-тұрысы олардың әлеуметтік жүріс-тұрысының бір бөлігі болып табылады. Эмпирикалық социологиялық және маркетингтік зерттеулердің жалпы әдістемелік, технологиялық және ұйымдастырушылық базасы осымен анықталады.

Социологиялық зерттеулерсіз қазіргі заманғы менеджмент мүмкін емес. Шынында, менеджмент - бұл социология мен гуманизмге негізделген басқару. Еңбек ұжымдарындағы қарым-қатынастар, басқарудың тиімділігі, ұйымдар мен фирмалардың сыртқы ортасы, олардың имиджі - мұның барлығы социологиялық әдістердің көмегімен зерттелінеді.

Социологиялық ақпарат макроэкономикада да қажет. Әсіресе ол әлеуметтік қолдау, әлеуметтік механизм мен экономикалық реформалардың әлеуметтік салдары мәселелеріне қатысты.

Социологиялық зерттеу әдістемелерінің аса ірі тұтынушысы - бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен “Төртінші билік” жарнамасының саласы (ал БАҚ билігі көпшілік мақұлдаған түсінікке қарамастан, саясатта ғана емес, адамдардың экономикалық және әлеуметтік жүріс-тұрысында басым) өзінің құзыретінің әрдайым тексерілуін немесе қарапайым тілмен айтқанда, өзінің тиімділігін байқап отыруын қажет етеді.

Социологиялық және маркетингтік зерттеу әдістемелерінің қазіргі жиынтығы өте кең және әр алуан. Сондықтан, зерттеулерді бірқатар негіздер бойынша жіктеуге болады, атап айтқанда:

- қарқыны мен күрделілігі бойынша;

- шапшандығы мен уақыт шегі бойынша;

- зерттеу объектілері мен қолдану саласы бойынша;

- социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың қолданылатын негізгі әдістері бойынша;

Аталған типтердің біріншісі бойынша сипаттау және жіктеу үшін қарқын мен күрделіліктің бір шамасын көз алдымызға елестетейік. Осы шама негізінде пилотаждық зерттеу орналасады, батыс әдебиетінде “pіlot research” терминінен гөрі “pre-test” термині жиі қолданылады. Пилотаж, әдетте екі жағдайда жүргізіледі: көбінесе сыналатын зерттеу ретінде, негізгі зерттеу құралдары жиынтығын тексеру үшін, ал зерттеу проблемасын, пәні мен объектісін, жұмыс болжамдарын айқындау үшін сирек қолданылады.

Пилотаж үшін іріктеу үлкен емес, егер негізгі зерттеу бұқаралық сұрау болса, әдетте - 10-50 адам.

Зерттеудің қорытындысы бойынша пилотаждық есеп жасалынады, оның негізінде бағдарлама мен құралдар жиынтығы жетілдіріледі.

Күрделілігінің деңгейі бойынша зерттеудің келесі түрі экспресс-сұрау болып табылады. Мұнда социологиялық ақпарат теориялық қорытындылау мен іс-тәжірибелік ұсыныстар үшін негіз болмай,, өзін-өзі үшін жиналады.

Экспресс-сұрау - бұл қоғамдық пікірдің, қоғамдық көңіл-күйлердің лезде суретке түсірілуі. Мұндай сұрауларға, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары тапсырыс береді және олар не маңызды оқиғалар қарсаңында, не ізін суытпай өткізіледі.

Одан ары қарай “күрделілік шамасында” сипаттамалық немесе дискриптивтік зерттеу орналасады. Ол зерттелетін объектінің ішкі құрылымы мен оның сыртқы байланыстарын, қоршаған ортамен нақтылы және потенциалды өзара әрекеттесуінің сипаты мен бағытын анықтауды міндет етіп қояды. Сипаттамалық зерттеу “не, қайда, қандай, қалай?” деген сұрақтарға жауап береді.

Компания - тауар өндірушісі немесе сатушысы қайсы бір нарыққа шығу перспективасын бағалауға тырысатын маркетингтік зерттеу социологиялық әдістемелердің қолдануымен сипаттамалық зерттеудің қарапайым мысалын білдереді. Компания оның тауарын кім сатып алады, кім елемейді деген сұрақтарға жауап алады. Тұтынушыларды сұрауда алынған мәліметтер негізінде нарықтың көлемі есептелінеді, тауардың түрлері мен маркаларының позициялары айқындалады. Соңында, кім тауарды сатып алуға дайын (әйелдер немесе ерлер, жасы келгендер немесе жастар және т.б.), қандай дүкендерде сатып алуды қалайды, қанша және қандай бағамен сатып алады деген сұрақтарға жауап беріледі.

Келесі кезеңде, компания өзінің тауарын нарыққа жеткізу қажет екенін шешкен уақытта немесе тауарды жеткізу кезінде күтпеген жағдайлармен және проблемалармен кездескен уақытта немесе жаңа тауар оның бұрынғы позициясын төмендеткенде немесе қиындатқан жағдайда оған енді сараптамалық зерттеулер қажет болады. Осындай жағдайда не болды немесе не болуы мүмкін екендігінің себептерін анықтап, жағдайды реттеу үшін қандай факторларды пайдалануға болатынын түсіну қажет.

Егер осы сұрақтарға “неге” деген сұрақты қосар болсақ, онда алдымызға біздің “шамамызды” аяқтайтын зерттеудің тым күрделі түрі - талдамалық зерттеу басталады. Оның басты мақсаты - зерттелетін объектіге немесе құбылысқа қатысты себептік-салдарлық байланыстарды айқындау. Талдаудың корреляциялық, регрессивтік, кластерлік және т.б. түрлерінің әдістерін пайдалана отырып, бір өзгермелілердің басқаларға тәуелділігін анықтаймыз, объектінің жүріс-тұрысының қайсы бір факторлары басқа факторларға қалай әсер ете алады, қандай факторлардың әсерінен объектінің әрекеті нақ солай болады деген сұрақтарға жауап аламыз.

Зерттеулер шапшаңдығы мен уақыт шегі бойынша нүктелі, бір жолғы (ad-hok research) және қайталанған болып бөлінеді.

Нүктелі зерттеу зерттелетін объектінің жай-күйі жөнінде оны зерделеу сәтінде ақпарат береді. Қайталанған зерттеулер объектіде, құбылыста, ұжымдық пікірлер мен көңіл-күйлерде өзгерістерді тіркеу үшін жүргізіледі.

Қайталанған зерттеулердің ең көп тараған түрлерінің бірі соңғы кездері социологиялық мониторингтер болды. Мәселен, қоғамдық пікірді зерттеудің Бүкілресейлік орталығы мониторинг жүргізеді, оның барысында 3-4 айда бір рет халықтың қоғамдық көңіл-күйлерінде, әлеуметтік хал-ахуалындағы, саяси бағыт-бағдарларындағы өзгерістер, сондай-ақ мемлекет басшылары мен саяси лидерлердің, билік құрылымдардың, партиялар мен қозғалыстардың рейтингілері өлшенеді. Мониторинг нәтижелері арнайы мерзімдік басылымдарда жарияланады. Қазақстанда да осындай мониторингтер ұйымдастыруға талпыныстар жасалуда.

Қайталанған зерттеулердің кеңінен таралған және әдістемелік жағынан өңделген типі панельдік зерттеулер болып табылады. Панельдік зерттеулердің өзгешелігі мынада, бірыңғай уақыт аралығы арқылы (іріктеу көлемі өзгермесе де, респонденттер құрамы өзгеруі мүмкін мониторингтерге қарағанда) зерттелуге тура сол тұлғалар (үй шаруашылылықтары, ұйымдар) тартылады.

Панельдік зерттеулердің мысалдары маркетингтегі сауда және тұтынушы панельдер болып табылады (дүкендерде тауарлардың толықтығына немесе отбасыда қайсы бір азық-түліктердің, тауарлар мен қызмет көрсетулердің тұтынылуына қатысты дәлме-дәл тіркелген мәселелер бойынша сауда орны мен тұтынушыларды сұрау). Статистика органдары әрдайым өткізетін отбасыларды (үй шаруашылықтарын) іріктеп зерттеулер де іс жүзінде панельдік зерттеулер болып табылады. Бүгінде медиапанельдер кеңінен таралуда, оның мақсаты аудиторияның бұқаралық ақпарат құралдарын жүйелі түрде бақылау болып табылады.

Отбасылар өмір стилінің әр түрлі өзара әрекеттесуші өлшемдер бақыланатын кешендік, “синтетикалық” панельдер де пайда болды. Аса қолданбалы сипатқа ие және әдетте, компанияның маркетингтік және жарнамалық стратегиясын жасауда пайдаланылатын мұндай панельдердің мақсаты - әлеуметтік құндылықтардың, өмір салтының тұтыну құрылымына, жарнаманы қабылдауға және бұқаралық ақпарат құралдарын таңдауға әсерін бақылау. Нәтижелері әлемде кеңінен танымал стандартты зерттеу өнімдері болатын мұндай панельдердің бірқатар патенттелген әдістемелері бар. Олар туралы біздің мысалдарымызда қысқаша айтылады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Этносаралық қатынастар | Социологиялық зерттеу | Этносоциологиялық зерттеу методологиясы | Таңдамалы жиынтықтың жалпы саны - 2000 респондент | Леуметтік жанжал табиғаты | Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі | Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері | Түрі ретінде | Мен логикасы | Социологиялық зерттеудің бағдарламасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав