Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

аржы индикаторлары

13% дисконттау ставкасы кезінде 5 жылға арналған инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 127 989 мың теңгені құрады.

16-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 24%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 127 989
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 4,2
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 5,9

 

17-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.

Кезең              
Қызметтерді сатудан түсетін кіріс 47 633 84 308 168 933 168 933 168 933 168 933 168 933
Баланстық пайда -18 500 -35 106 54 215 58 910 63 606 68 302 72 901
Қызметтердің толық өзіндік құны 66 133 119 414 114 718 110 023 105 327 100 632 96 033
Тұрақты шығындар 41 997 75 793 71 098 66 402 61 707 57 011 52 412
Ауыспалы шығындар 24 136 43 621 43 621 43 621 43 621 43 621 43 621
Шекті кіріс сомасы 23 497 40 688 125 313 125 313 125 313 125 313 125 313
Пайдадағы шекті түсімнің үлесі 0,493 0,483 0,742 0,742 0,742 0,742 0,742
Залалсыздық шегі 85 137 157 050 95 846 89 516 83 186 76 856 70 656
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық қоры (%) -79% -86% 43% 47% 51% 55% 58%
Залалсыздық 179% 186% 57% 53% 49% 45% 42%

 

Кесте кәсіпорын үшін залалсыздық шегі жылына 83 186 мың теңге екенін көрсетіп отыр (2016 жыл).

Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 43 % құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш өседі (58%-ға дейін).

 

18-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

Салықтың түрі Сомасы, мың тг.
ҚҚС 49 449
Табыс салығы 52 866
Мүлік және көлік салығы 7 075
Салықтар және ЕТҚ-дан міндетті төлемдер 40 833
Жиыны 150 223

 

Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдер көлемі 7 жылда 150 223 мың тг.құрайды.

 

 


12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні

Осы өңірде осы жобаны іске асыру үшін жеткілікті еңбек ресурстары бар, соған байланысты Компанияның қызметі жергілікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етілетін болады.

Технологиялық процестің ерекшелігі мен бірегейлігі білікті мамандардың болуын болжайды, бұл өз кезегінде компания құрамының білім деңгейінің артуына ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру көкөністі өсіру мен сақтаудың заманауи технологияларын, сондай-ақ тауарларды базарларға өткізу мен жылжытуды практикалық басқаруды игеруге мүмкіндік береді.

Осы жоба ел экономикасын дамыту талаптарына толық сәйкес келеді, өйткені оны іске асыру әлемдік стандарттарға, көкөніс өнімі импортын ығыстыруға ықпал ететін жылыжай қызметі шаруашылықтары қызметін дамытуға сәйкес келетін болады. Ұсынылып отырған жоба бүгінгі күнге өзекті болып табылады.

Осы жоба:

- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;

- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;

- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;

- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;

- жаңа жұмыс орындарын құруға (31);

- салық салынатын база құруға ықпал ететін болады.

Заманауи жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру осы өңірдің тұтынушыларын жылдың қай мезгілінде болмасын сапалы ауылшаруашылық өнімімен қамтамасыз етуге ықпал етеді, осылайша әлеуетті тұтынушылар өмірінің сапасы мен деңгейін барынша жақсартады..

 

12.2 Қоршаған ортаға әсер

Жоба қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені қолданылатын технология барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының қағидалары мен заңдарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.

Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз.

 

 

19-кесте - Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі

Іс-шараның мақсаты Іс-шара
Табиғатқа кері әсерді азайту 1.Табиғатты қорғау технологияларын қолдану 2.Қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді барынша азайту
Қоршаған ортаны қорғау 1. Дренажды суларды қайталап пайдалану
Қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін зиянды әсерлерді табу 1. Жүйелі тексеру

 

Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында табиғатты қорғау технологияларын қолдану, қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді барынша азайту жұмыстары бар.

Жылыжайдың технологиялық процесі тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында, сондай-ақ экономикалық сипаттағы жағдайларды ескере келе дренажды суларды қайталап пайдаланған орынды сияқты. Бұл үшін жобаға дренажды жинау және қайталап пайдалану жүйесі енгізілген.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 13 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Іске асыру жоспары| Центробанк получит доступ к данным о юрлицах и ИП.

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав