Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары

Оқушы сипаттамасы

4 Оқушыңыз белгілі бір деңгейде дарынды не талантты ма?

4 Оның қандай мықты және осал жақтары бар?

Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары

4 есте сақтау қабілеттері өте жоғары; ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

4 оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;

4 жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;

4 проблеманың мәнін тезірек ұғады;

4 ойлары тиянақты, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

4 күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады;

4 назарын ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;

4 ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

Анағұрлым «белсенді сынып» құрудың мақсаты – мұғалімнің сабақта орталық фигура болмауын қамтамасыз ету. Сабақтарда үстемдік ететін «мұғалімнің сөйлеуінің» орнына «оқушының сөйлеуіне» негізделген оқыту мен интерактивті оқыту ұсынылады.

Ақпараттық коммуникативтік технологиялар (200 сөз)

ЮНЕСКО әзірленген мұғалімдерге арналған АКТ құзыреттілігі стандарттары жобасы білім беру реформасы мен тұрақты даму саясаты тұрғысынан қарастырылады. Білім беру кез келген мемлекет пен қоғамның өзекті функциясы болып табылады және ол әртүрлі мақсаттар мен міндеттерге бағытталады. Жаңа технологиялар мұғалімдерден жаңа біліктілікті және оларды оқытуда жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді талап етеді. АКТ-ны сынып көлемінде білім беруге табысты кіріктіру мұғалімнің жаңа технологияларды педагогикадағы жаңа идеялармен біріктіру үшін оқу ортасын дәстүрлі емес тәсілмен құрылымдау, әлеуметтік белсенді сыныптарды дамыту қабілетіне байланысты болып табылады. Бұл сыныпты басқару дағдыларының түрлі жиынтықтарын әзірлеуді талап етеді. Болашақтың түйінді дағдыларына оқу ортасының тиімділігін арттыру, технологиялық сауаттылықты ынталандыру, бар білімді тереңдету және жаңасын құру үшін технологияларды пайдаланудың инновациялық тәсілдерін әзірлеу қабілеті енгізілетін болады.

Адам әлеуетін дамытуға негізделген білім беруді реформалаудағы үш тәсілді – технологиялық сауаттылық, білімді тереңдету мен жаңа білімді қалыптастыру тәсілдерін және білім беру жүйесінің алты құрамдас бөлігін – саясатты, білім беру бағдарламасын, педагогиканы, АКТ-ны, ұйымдастыруды және мұғалім даярлауды үйлестіру жолымен ЮНЕСКО-ның Мұғалімдерге арналған АКТ құзыреттілігі стандарттары жобасына арналған білім беру бағдарламасының форматы жасалды. Білім беру бағдарламасы матрицасының әрбір ұяшығы өздігінен жеке модульді құрайды.

Қазіргі таңда оқуға қолдау көрсету үшін технологияларды тиімді пайдаланудың сансыз дәлелдері күннен күнге артуда. Алайда, оны тәжірибеде қолданудың тиімділігі туралы куәлендіретін болса, онда технологияны қолданатын жағдайды да ескеру қажет; және ол өнеркәсіп үшін де, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар үшін де қол жетімді болуы керек.

Бағалау (200 сөз)

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс.

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).

Критериалды бағалауды

енгізудің мақсаты:

Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

Мектеп бітірушілердің білімін

халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Оқушы өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған,рефлексия арқылы алға қойған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге,өзін-өзі жақсы түсінуіне мүмкіндік береді.

Ата-аналар-баланың дамуына және сапалы білім алуына,жайлы әлеуметтік психологиялық орта қалыптастыруға,балаларының барлық мүмкіндіктерінің ашылуына бірден-бірі қолдау жасайды.

Ұстаздар-білім деңгейін көтеруге қызығушылық танытушы білім беру жүйелеріне сәйкес білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын меңгеру,нәтижелерді бағалаудың кешенді тәсілін қамтамасыз етеді.

Жиынтық бағалау:

ü Жиынтық бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады

ü Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

ü Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

 

Қорытынды (100 сөз)

Бұл оқу барысында болашақ ұстаз ретінде үйренгенім көп болды. Жаңа оқу жүйесі бойынша алған білімімді келешекте ұстаздық жолда қолданатыныма сенімдімін. Атап айтар болсам жоспар құрудың жаңаша түрі, жаңа әдіс-тәсілдер, критериалды бағалау жүйесі, жаңа технологиялық ақпараттарды қолдану, командалық оқыту жүйесі. Оқушыларды бағалау жүйесін де кейін дәстүрлі бағалау жүйесімен үйлестіре отырып қолданамын деп ойлаймын. Себебі оқушылардың білімін әділ, дұрыс бағалауды ең маңызды дүние деп білемін. Командалық білім беруді болашақта әрі қарай қолдану оқушылардың білім алуын нәтижелі ете түседі деп ойлаймын. Себебі бір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың қабылдауына қарай екі мұғалімнің бір ұғымды екі түрлі жолмен қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндіктері болады. Бірі білмегенін екіншісінен үйреніп тәжірибе алмасады. Осыларды қолдана отырып, тәжірибе жинап, жақсы білім беретін ұлағатты ұстаз боламын деп үміттенемін және сенемін.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кіріспе| олданылған әдебиеттер тізімі

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав