Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОРЫТЫНДЫ

Қазіргі нарықтық заманда шаруашылық серіктестіктердің жаңа үлгілері пайда болып, олардың біздің елде қалыптасып келе жатыр деуге болады. Сондықтан олардың тиімді және тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін заңнамаларды әрмен қарай дамыта түсу қажет. Қазіргі кезеңде әлемдегі дамыған елдердің барлығы шағын және орта кәсіпкерлікке үлкен қолдау жасап отырғаны мәлім. Себебі бұл мемлекет экономикасының дамуына зор ықпал жасайды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де заңды тұлғалардың кейбір заң актілері қайта қаралып жатыр. Заңнамалар қатты өзгеріске ұшырады, жаңадан арнайы заң актілері қабылданды. Азаматтық кодекстің өзі ғана қаншама нормаларды қамтиды. Сондықтан осы заманда туындап жатқан құқықтық қатынастарды реттеудің күрделілігі біздерді осы азаматтық құқық пәнін мейлінше игеруге тырысып, осы салаға тереңдей түсуімізді талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 33-бабында заңды тұлғалардың ұғымы берілген: «меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.» Заңды тұлғалардың түрлері жалпы ережеге сәйкес екі түрге бөлінеді: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Азаматтық кодекстің 34 бабының 2 тармағына сәйкес коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысанында құрылады. Аталған коммерциялық ұйымдардың басты мақсаты табыс келтіруді көздейді[20]. Қазақстан Республикасында жоғарыда көрсетілген коммерциялық ұйымдар туралы арнайы заңдар қабылданған, соның қатарына 2 мамыр 1995 жылы қабылданған №2255 «Шаруашылық серіктестіктер» туралы заңын атап көрсетуге болады. Шаруашылық серіктестіктің негізгі анықтамасы заңның 1-бабында көрсетілген, яғни «жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік болып танылады». Шаруашылық серіктестіктер - кәсіпкерлік қызметтің ең көп таралған нысаны. Осы нысан шеңберінде кез келген әмбебап коммерциялық қызмет жүзеге асырылады: өндірістік, сауда саттық, қаржы несиелік, сақтандыру және т.б. Статистика бойынша шаруашылық серіктестіктер - Қазақстандағы коммерциялық заңды тұлғалар арасында ғана емес, сонымен қатар жалпы ұйымдар арасында ең көп таралған заңды тұлға. Шаруашылық серіктестіктің жалпы сипаттамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 33-34баптарында көрсетілген ұғымдармен сәйкес келеді, яғни шаруашылық серіктестікке заңды тұлғаның басты, негізгі белгілері сәйкес келуі тиіс және басты, негізгі мақсаты табыс табуды көздейді. Зерттеу барысында келесідей ұсыныстар жасады: 1) «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңның 9-бабының 1-2 тармақшасы, яғни құру мерзімінің өтуі мен қойған мақсатқа жету негіздері алынып тасталуының қажеттілігі. Себебі заңды тұлға автоматты түрде тоқтатылмайды, олар не ерікті не еріксіз түрде жүзеге асырылады. Ал құру мерзімінің өтуі мен қойған мақсатқа жету жалпы жиналыста шешіліп, хаттамаға бекітіледі. Сондықтан бұл негіздерді құрылтайшылардың келісіміне жатқызуымыз керек. 2) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы» заңның 14‑бап 4 тармақшасындағы норманың өзгерту керектігі. Бұл норма бұрыс жасалған және серіктестік қатысушыларының мүддесін бұзуы мүмкін деп ойлаймын. Себебі, бұл бапқа сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс. Бұл құрылтай шартын үшінші тұлғаға беру кезінде атқарушы, бақылаушы немесе тексеруші органның шешімі боса жеткілікті екенін білдіреді. Заң бойынша директор, басқарушы да және тұтастай бақылаушы кеңес және ревизиялық комиссия серіктестік органы болып саналады. Дегенмен, бір айтатын жайт, айтылған органдар серіктестік қатысушысы болып табылмайтын адамдардан тұруы мүмкін. Бұл құрылтай шартын құжат ретінде үшінші тұлғаға көрсету шешімін қабылдау құқығын Заң басқа тұлғаларға ұсынып отырғанын білдіреді. Сондықтан да, бұл тек жалпы жиналысытың шешімімен ғана өзге тұлғаларға ұсынылыуы қажет. Шаруашылық серіктестік азаматтық қатынастардың субьектісі ретінде өз кезегінде бірнеше кезеңге бөлінеді: сенім серіктестігі, толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Ең алдымен шаруашылық серіктестік нысанында құрылған коммерциялық ұйымдардың жалпы анықтамалары, түсініктері және ерекшеліктері Азаматтық кодексте және арнайы заңда көрсетілген. 1995жылы 2 мамырда қабылданған «Шаруашылық серіктестіктер» -туралы заңға сәйкес коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің жарғылық капитплының ең төменгі мөлшері, оны құру мен пайдалану ерекшеліктері, мүліктердің құқықтық режимі шаруашылық серіктестіктері туралы немесе арнайы қабылданған заңмен реттеледі. Толық серіктестікке азаматтар ғана қатысушылар бола алады және азаматтар сенім серіктестікке толық серіктестік бола алады. Қорыта келгенде, шаруашылық серіктестіктер азаматтық айналыста, нарықтық қатынастарда заңды тұлғалардың бір түрі болып табылады, коммерциялық ұйымдардың қатарына жатқызылады, басты мақсаттарына қатарына пайда түсіру және жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінеді.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 19 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Шаруашылық серіктестіктердің түрлері және олардың қызметін құқықтық реттеу | Сенім серіктестіктерінің құқықтық жағдайы 1 страница | Сенім серіктестіктерінің құқықтық жағдайы 2 страница | Сенім серіктестіктерінің құқықтық жағдайы 3 страница | Сенім серіктестіктерінің құқықтық жағдайы 4 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав