Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №3

Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»

Мақсаты:Word текстік процессорында текстік құжаттарды құру,

редакциялау және форматтау тәсілдерін меңгерту.

Негізгі түсініктер:

Текстік процессорлар (мысалы,MSWord программасы)–текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.

Құжат құруWord программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.

Құжатты редакциялаутерілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жасалады.

Текстік құжаттарды форматтаудыWord программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Форматоперациясының командалары арқылы жүзеге асырады.

Текстік құжатты форматтау тәсілдері:


§ Шрифт гарнитурасын таңдау және өзгерту

§ Шрифт өлшемін өзгерту

§ Шрифтің сызылымын (начертание) өзгерту

§ Тексті бетке қатысты туралау

§ Маркерленген және номерленген тізімдер жасау

§ Абзацтың параметрлерін орнату.

Құжатты сақтау.Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Сервис -> Параметры командасының терезесіндегі ,Сохране­ние жапсырмасы бөлімінде көрсетіледі.

Құжаттарды ашу және жабу. Құжатты ашу,бұл бұрын даярланған және файл түрінде сақталған құжаттар үшін ғана мүмкін болады, ол Файл ->Открыть командасы көмегімен орындалады.Файл->Закрыть командасы арқылы ашылған құжатты жабуға болады , мұның басқа да тәсілдері бар.

Құжаттан фрагментті іздеу және ауыстырукелесі әрекеттерді қамтиды:

1. Правка ->Найти(немесе Ctrl+f пернелері)командасы орындалады;

2. Найти тұсындағы терезеге ізделінетін текст фрагменті жазылады;

3. Табылған фрагментті автоматты түрде бірден басқа текстпен ауыстыру үшін Заменить жапсырмасының элементтері қолданылады;

4. Заменить на нұсқауының тұсына алмастырушы жаңа текст жазылады.

Word программасы терезесі саймандар панелінде орналасқан негізгі командаларға сәйкес батырмаларды алып тастауға немесе керісінше қосуғаболады. Ол үшін Сервис →Настройка командасынан кейін пайда болатын Настройка терезесінен Командыжапсырмасы іске қосылады. Әрі қарай Категориялар тізімінен қажет батырма жататын топтың аты таңдалады., сол мезетте сол терезедегі Команды тізімінде таңдалынған топқа жататын батырмалардың белгілері шығады.

Құжаттың колонтитулдарыдеп құжат орналасқан беттің жоғарғы және төменгі жиектеріне сәйкес обылысты айтады. Құжаттың немесе құжат бетінің колонтиулын Вид→Колонтитулы командасы арқылы орнатады. Колонтитул ретінде текстер, суреттер (беттің номері, мекеме эмблемасы, құжаттың аты, авторы және т. б.) алынады да олар міндетті түрде, құжат беттерінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде басылады.

Гиперссылка – бір құжат көлемінде фрагменттен - фрагментке немесе бір құжаттан екінші бір құжатқа, Интернеттегі Web-беттерге бірден көшіп отыруды қамтамасыз ететін асты сызылған, басқа түске боялған текст немесе сурет .

Загрузка...

Текст фрагментін гиперссылка ретінде пайдалану үшін :

§ Гиперссылка ретінде қолданылатын фрагмент белгіленіп алып,Стандартнаяпанеліндегі Вставить гиперссылку батырмасы шертіледі;

§ Пайда болған терезедегі СвязатьжапсырмасыныңНовый документ белгісі шертіледі;

§ Имя нового документа нұсқауының тұсына сілтеме жасалатын, яғни гиперссылка қызметін атқарып тұрған фрагментке шерткенде ашылатын құжаттың немесе файлдың аты (қажет жағдайларда маршрутымен қоса) жазылады;

§ ОК батырмасына шертіледі.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу.

1. Берілген тексті теріп, төменде берілген суреттегі сияқты форматтаңыз.

2. Құжатты Лаб_1_Wordдеген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.

Файл-Параметры страницыкомандасын пайдаланып беттің параметрлерін (параметры cтраницы) өзгертіңіз: жоғарысы-2.5, төмені -2.5, сол жағы-3, оң жағы -1.5, ориентациясы – альбомная, масштабы – 75% .

4. Сервис – Язык – Расстановка переносовкомандасының көмегімен тасымалдауларды орналастырыңыз.

5. Тексттегі «т» әрпінен басталатын сөздерді Правка – Найтикомандасын пайдаланып табыңыз.

6. «Алмазная долина» сөзін Правка -Заменить командасын пайдаланып «Жемчужина»сөзімен алмастырыңыз.

7. Колонтитулдарды қойыңыз. Колонтитулға беттің номерлерін (положение – внизу страницы, выравнивание – от центра), құжатыңыздың атын («Лаб_1_Word»), құрылған уақытын , өз аты-жөніңізді, факультетіңіз бен тобыңызды жазыңыз.


Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 14 | Нарушение авторских прав

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1 | Жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау. | ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4 | Жаттығу жұмыстары. | Жаттығу. Текстік құжат үшін байланысқан объект құру. | Саймандар панелінен Редактор формулнемесебатырмасына шертіледі. | Жаттығу:Төменде берілген өрнектерді текстік құжатқа Редактора формул | Структурная схема модели Солоу | Жаттығу жұмыстары. | ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.029 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав