Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма, Техникалық регламенттің дайындалу тәртібі

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі

1. Жалпы ережелер

Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою тәртібін белгілейді.

2. Техникалық регламенттерді әзірлеу

1. Техникалық регламенттер ғылыми негізделген статистикалық деректер негізінде әзірленуге тиіс.

2. Техникалық регламенттерде белгіленетін талаптар мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес келуі тиіс.

3. Өнімге және (немесе) процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде берілген өнімді пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайларында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескерілуі қажет.

4. Бірдей өнімге арналған талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамы мен мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара үйлестірілген болуы тиіс.

Техникалық регламенттер жобаларын әзірлеген мемлекеттік органдар:

1) жобаларды, нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері мен толықтыруларын немесе оның күшін жоюды әзірлей бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, ресми баспа басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады;

2) техникалық регламенттердің жобаларын жария талқылауды, оларды әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап, жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жариялаған күнге дейін кемінде алпыс күнтізбелік күнге тең мерзім ішінде ұйымдастырады;

3) техникалық регламенттер жобаларын алынған ескертулерді ескере отырып пысықтайды және оларды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады;

4) техникалық регламенттердің жобаларына алынған ескертулерді

мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша береді;

5) жобамен және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты, техникалық регламент жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауын, оның почталық және электрондық мекен-жайын қамтуы тиіс техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны уәкілетті органның ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады.

5. Техникалық регламенттердің мазмұны Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

6. Техникалық регламенттерді әзірлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) техникалық регламенттермен белгіленген талаптар қолданылатын өнімдер мен процестердің («Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы» жіктеуішіне сәйкес) толық тізбесі және болдырмаған жөн қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер), сондай-ақ техникалық регламенттерді қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады;

2) терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламенттерде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттарда және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдерге сәйкес келуі тиіс.

Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің баптарына сілтемелер жасауға рұқсат етіледі;

3) Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналымы өнімнің техникалық регламенттер белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиістігі және бұл туралы тұтынушыға дейін ақпаратты жеткізу тәсілдері (техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы ілеспе құжаттамада көрсету, сәйкестік сертификатының, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті алдын алуларды, жинақтау схемаларын және басқаларды қоса алғанда, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану жөнінде нұсқаулардың болуы) туралы ереже белгіленетін шарттар айқындалады;

4) өнімнің және оның тіршілік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді. Техникалық регламенттерде зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптарды қамтуы мүмкін.

Талаптар адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты тек өнімге және (немесе) оның тек тіршілік циклінің процестеріне белгіленеді.

Ең төменгі қажетті талаптар осы өнімге тән әлеуетті қауіптің (тәуекелдің) әр түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдісі осы мақсат көрсетілген әдісті ерекше қолдануға қол жеткізе алатын жағдайлардан басқа регламенттелмейді.

Өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері, егер олар: «аспайтын», «кемінде», «ұстауға жол берілмейді» деген тұрақты шамасы бар болған жағдайда, белгіленуі мүмкін.

Егер қауіпсіздік көрсеткіштерін техникалық регламенттер мәтінінде көрсету мүмкін болмаған жағдайда, онда осы көрсеткіштер техникалық регламенттерге қосымша түрінде ресімделуі мүмкін.

Егер ұзақ пайдалану зиян келтіруі мүмкін, зиян келтіру рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін емес жағдайда техникалық регламенттер өнімнің болуы мүмкін зияны мен оларға байланысты болатын факторлар туралы тұтынушыға хабарлауға қатысты талаптарды қамтуы тиіс;

5) сәйкестікті растау нысандары мен схемалары туралы ақпарат енгізілетін сәйкестікті растау тәртібі белгіленеді. Сәйкестікті растау нысандары мен схемаларын таңдау дұрыс бағаламаудан және сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан болған зиянның жиынтық қаупі ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Өнімнің сәйкестігін растаудың ұсынылатын рәсімдері техникалық регламенттерге қосымшада сипатталуы қажет;

6) үйлестірілген стандарттар тізбесі белгіленеді;

7) техникалық регламенттерді, нормативтік немесе техникалық құжаттамаларды әзірлеу және/немесе түзетуді қолданысқа енгізуге, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілуі тиіс өтпелі кезеңнің уақытын белгілейтін техникалық регламенттерді қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары белгіленеді.

7. Осы Ереженің 3, 4 және 6-тармақтарымен белгіленген талаптар сәйкестікті растау рәсімдеріне және орауға, таңбалауға, заттаңбалауға және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптарды ғана белгілейтін жеке техникалық регламенттерге қолданылмайды.

3. Техникалық регламенттерді сараптау

8. Техникалық регламенттердің жобалары өнімнің және (немесе) процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең төменгі қажетті талаптардың жеткіліктілігін, талаптардың республиканың халықаралық міндеттемелерімен үйлесімділігін, дамудың ғылыми-техникалық деңгейі мен материалдық-техникалық базаның сәйкестігін, нарық пен бәсекелестікке әсер ету деңгейін белгілеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестерге жіберіледі.

Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестерге техникалық регламенттердің жобалары, пікірлер жиынтығы, мүдделі ұйымдардың пікірлерінің көшірмелері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісім туралы хаттардың көшірмелері ұсынылады.

Пікірлер жиынтығы техникалық регламенттердің жобаларына берілген ескертулер мен ұсыныстарды білдіреді және ескертулер мен ұсыныстар авторын, қолданыстағы, ұсынылатын редакциясын, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар негіздемесін көрсете отырып кесте түрінде ресімделеді.

9. Техникалық регламенттердің жобалары бойынша техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізіледі.

Сараптама:

1) техникалық регламенттер жобаларының сапасын, негізділігін, уақтылығын және оның техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкестігін бағалау;

2) техникалық регламенттердің мүмкін болатын тиімділігін анықтау;

3) жобаларды техникалық регламенттер ретінде қабылдаудың мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.

Сараптама жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Техникалық регламенттердің жобаларына сараптаманы қаралатын техникалық регламенттер жобаларының мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан сарапшыларды тарта отырып тиісті бейіндегі ұйымдар конкурстық негізде жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сарапшылар комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.

Техникалық регламенттердің жобалары бойынша алуан түрлі мамандықтың сарапшылары кешенді сараптама немесе әр түрлі жеке сараптамалар, ал қажет болған кезде - қайта сараптама жүргізуі мүмкін.

Сарапшылар ретінде жобаларды дайындауға тікелей қатыспаған ұйымдар мен тұлғалар тартылады.

Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.

Жобалар сараптама жүргізу үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.

10. Осы Ереженің 8 және 9-тармақтарына сәйкес сараптамалық қорытындыларды алғаннан кейін техникалық регламенттердің жобалары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына техникалық регламенттердің сәйкестігін анықтау мақсатында уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

Уәкілетті органға техникалық регламенттердің жобалары, сараптамалық қорытындылар, пікірлер жиынтығы, техникалық регламенттердің жобалары жөнінде мүдделі ұйымдар пікірлерінің көшірмелері мен техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат беріледі.

4. Техникалық регламенттерді қабылдау, өзгерту және жою

11. Техникалық регламенттерді қабылдау, өзгерістер енгізу, жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Стандарттың түрлері | Стандарттың санаттары | Кесте 1 - Ұйымдық стандартты белгілеу тәртібі | Тапсырма. Стандарттау әдістерін зерттеу | Тақырып. Нанның органолептикалық зерттеулер | Тақырып. Пісірілген шұжық сапасын зерттеу | Шұжық өнімдерінің сапасын бағалау | Тақырып. Макарон өнімдерінің жақсы сапалығын анықтау | Кесте 14 – Макарон өнімінің қауіпсіздік көрсеткіштері | Натуральный логарифм, е |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав