Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Еңбек қорғауды және техникалық қауіпсіздікті OHSAS 18000 жүйесі бойынша басқару

Өндіріс орнындағы қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесіне арналған стандарт OHSAS 18001 болып табылады. Стандарт ұйым үшін денсаулық және қауіпсіздікке байланысты қатерлерді анықтап, бақылау, апаттық жағдайлардың алдын алу, заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғаудың жалпы жағдайын жақсартудың негізін қалайды.

OHSAS 18001 ISO стандарты емес. Бұл стандартты үш елдің стандарттау жөніндегі ұйымдары (Ирландия, Оңтүстік Африка және Ұлыбритания) әзірлеп шығарған. Алайда ISO 9001, мен ISO14001-дің ережелері және халықаралық еңбек ұйымынан қабылданған өндірістегі қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесінің негізгі қағидалары ескерілген.

Осы стандартты барлық үлкен, кіші мекеме, ұйымдар (жекеше мемлекеттік, өндірістік, сервистік) пайдалануына болады.

OHSAS 18001-де тек қана өндірістегі қауіпсіздік және денсаулық мәселесі қарастырылған, яғни жұмыскерлердің әл-ауқаты, оларды сауықтыру, өнім қауіпсіздігі, меншікке келетін зиян, қоршаған орта мәселелеріне қатысы жоқ.

OHSAS 18001 келесі мәселелерді қамтиды:

- Өндірістегі зиянды және қауіпті факторларды анықтау, қатерлерді бағалау және бақылау;

- Өндірістегі менеджмент бағдарламалары;

- Өндірістің ұйымдық құрылымы мен жауапкершілігі;

- Жұмыскерлерді оқыту (қауіпсіздік жөнінен) және біліктілігін арттыру;

- Қызығушы тараптармен ақпарат алмасу;

- Қауіптілік жағдайға ерекше дайындық;

OHSAS 18001-ді енгізу арқылы кәсіпорын, мекемелердегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.

 

№18 тапсырма. Қоршаған ортаны қорғау саласында ИСО 14000 тапсырмасының стандарттарын оқу (зерттеу)

Қауіпсіздік стандарттары әлеуметтік стандарттар жүйесіне жатады. Қауіпсіздік стандарттарына экологиялық менеджмент стандарттар (ISO 14000) топтамасы, соның ішінде негізгі екі стандарт бар: «ISO 140001: 2004» экологиялық менеджмент жүйесі қолдану бойынша талаптар және жетекшілік, «ISO 14004: 2004 экологиялық менеджмент жүйесі. Қағидалар мен жүйелер бойынша жалпы жетекшілік және қолдану әдістері».

ISO 14001 әлемдегі экологиялық менеджмент жүйесіне (ЭМЖ) арналған ең танымал стандарт. ISO 14001- ге негізделген ЭМЖ-нің негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғауға қолдау көрсету және ластанудың алдын алу болып табылады.

ISO 14001-ді қоғамдық, өндірістік, қызмет көрсетуші, үлкен, кіші, кез-келген ұйым, мекемеге енгізуге болады. Себебі бұл стандарт ЭМЖ ортақ талаптарының жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ әртүрлі георафиялық, мәдени және әлеуметтік жағдайларды ескеретіндіктен барлық мекеме, ұйымдар үшін қолдануға ыңғайлы.

ISO 14001 стандарты өнеркәсіптік саламен қатар қызмет көрсету саласында да бірдей қолданылады. Қызмет көрсету аясына энергетикалық және электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету агенттігі, қалдықтарды жинау және пайдалану, тұрмыстық отын және газбен жабдықтау, жанармай станциялары мен көлік мекемелері жатады. Мұндай мекемелерге экологиялық менеджмент стандарты ISO 14001-ді енгізу олардың экологиялық мәселелерді өздерінің бақылауына және қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерлерді ең төменгі деңгейге жеткізу мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ ISO 14001 стандартын қолдану арқылы қонақ үй, құрылыс мекемелері мен кеңсе қызметтері отын, су, энергия үнемдеуге мүмкіндік алады. Жалпы кеңселік қызмет компьютер мониторы, принтерлер, картридждер, телефондар, фотоапппараттар т.б. электрондық құрылғы қалдықтарын пайдаланып, кәдеге таратып, отыруы тиіс. Сондықтан ISO 14001 стандартын енгізу арқылы электрондық қалдықтарды өңдеу, қайта өңдеу және кәдеге жаратуға болады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Стандарттың санаттары | Кесте 1 - Ұйымдық стандартты белгілеу тәртібі | Тапсырма. Стандарттау әдістерін зерттеу | Тақырып. Нанның органолептикалық зерттеулер | Тақырып. Пісірілген шұжық сапасын зерттеу | Шұжық өнімдерінің сапасын бағалау | Тақырып. Макарон өнімдерінің жақсы сапалығын анықтау | Кесте 14 – Макарон өнімінің қауіпсіздік көрсеткіштері | Натуральный логарифм, е | V. РЕАБІЛІТАЦІЯ ДІТЕЙ - ІНВАЛІДІВ |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав