Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Стандарттау әдістерін зерттеу

Стандарттуда қайталанып отыратын мәселелерді шешудің оңтайлы нұқасын тағайындап (таңдап), оны үлгі, норма немесе ереже ретінде заңдастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер мен іс-әрекеттер кешені деп түсінуге болады. Стандарттау жұмысы сол жұмыстың нәтижесіне мүдделі тараптардың (мысалы өнім өндіру- ші, өткізуші немесе сатушы, тұтынушының) өзара ынтымақ бірлігіге негізделуі тиіс. Яғни стандартты әзірлеу кезінде оған мүдделі әр- бір тараптың міндетті түрде қатысуы, ұсыныс пікірлерінің мүмкіндігінше ескерілуі тиіс. Сондай-ақ халықаралық, аймақтық, басқа елдердің ұлттық стандарттарының талаптары ескерілуі қажет.

Сонымен стандарттау әдістемесі – бұл стандарттаудың мақ- сатына жету үшін қолданылатын тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.

Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдістемелерге негіз- деледі. Стандарттау жұмысына төмендегі әдістері кеңінен қолданылады:

1 Стандарттау объектісін реттеу

1 Параметрлік стандарттау

2 Өнімді сәйкестендіру (унификация)

3 Агрегаттау

4 Кешенді стандарттау

5 Оза стандарттау.

Стандарттау объектісін реттеу - өнімді, процесс пен қызметті стандарттау саласындағы әмбебап әдістеме. Реттеу – көп түрлілікті басқару ретінде ең әуелі көп түрлілікті қысқартумен тығыз байланысты. Реттеу жұмысының нәтижесіне мысалы, соңғы дайын өнімді жабдықтаушы бұйымдардың шектеулі тізімі, бұйымдардың үлгілік конструкциялық альбомдары, басқару және басқа құжаттардың үлгілік түрлері жатады.Реттеу әмбебап әдіс ретінде жүйелеу, сұрыптау, жою, типтеу, тиімдеу қатарлы жекелеген әдістерден тұрады.

Стандарттау объектісін жүйелеу дегеніміз стандарттаудың нақты жиынтығын ғылыми негізде жіктеу, ажырату болып табылады.

Стандарттау объектісін сұрыптау (селекциялау) – әріқарай өндіруге және қоғамдық өндіріске пайдалануға ыңғайлы деп танылған нақты объектілерді сұрыптауға бағытталған іс қимыл.

Жою (симплификация) - арықарай өндіруге және қоғамдық өндіріске ыңғайлы емес деп танылған нақты объектілерді анықтауға бағытталған іс қимыл.

Сұрыптау және жою іс қимылдары қатар жүріледі. Бұлардан бұрын оюъектілерді жіктеу, ажырату және олардың болашақ қажеттілікке сәйкестігіне арнайы талдау жасау жұмыстары жүргізіледі.

Стандарттау объектілерін типтеу – конструкция, технологиялық ережелер, құжат түрлерін қатарлы үлгілік объектілерді құру жөніндегі іс қимыл. Сұрыпталған объектілер сапасы мен әмбебаптығын жоғарлатуға бағытталған қандай бір техникалық өзгертуге жіберіледі.

Стандарттау объектісін тиімді болдыру (оптимизация) - негізгі тиімді өлшемдерді (параметрлерді) анықтап, сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мәнін табуға бағытталған іс қимыл.

Стандарттау объектісін тиімді ету жұмысы арнайы экономикалық – математикалық әдістер мен тиімді ету моделі арқылы жүргізіледі. Тиімді етудің мақсаты – реттеудің тиімді дәрежесі мен жоғарғы тиімділікке қол жеткізу болып табылады.

Параметрлік стандарттау - өнімнің параметрі дегеніміз оның қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Ең негізгі параметрлер олар өнімнің мақсаттық орналуын және пайдалану жағдайын айқындайтын сипаттамалары:

- Мөлшерлік параметрлер (киім мен етіктің мөлшері, ыдыстың сиымдылығы).

- Салмақ параметрлері (спорттық құралдардың жеке түрлерінің салмағы)

- Машина, құралдардың өнімділігін сипаттайтын параметрлер (сеператордың өнімділігі, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы)

- Энергетикалық параметрлер (двигательдің қуаты т.б.)

Белгілі мақсаттағы яғни белгілі типтік өнім бірқатар параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген мәндік жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың тағы бір түрі мөлшерлік қатар болып табылады. Мысалы маталарда мөлшарлік қатар мата енінің жекелеген мәндерінен, ыдыс-аяқта сиымдылықтың жекелеген мәндерінен тұрады. Бір типтік бұйымның (немесе материалдың) әрбір мөшері типтік мөлшер деп аталады. Мысалы қазіргі кезде ерлер киімінің 105, әйелдер киімінің 120 типтік мөлшері белгіленген.

Параметрлік стандарттау дегеніміз параметрлердің ыңғайлы номеклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.

Бұл мәселе метеметикалық тәсілмен шешіледі. Мысалы киім мен етіктің мөлшерлік қатарын жасау үшін әртүрлі елді мекендерде (аудандарда) тұратын, әртүлі жастағы көптеген ер, әйел адамдардың антропометрлік өлшемдері жүргізіледі. Алынған мәліметтер матаматикалық статистика әдісімен өңделеді.

Машина, құралдардың параметрлік қатары ыңғайлы сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия боиынша өзгеріп отыратын сандар жиынтығы негізінде құрылады. Бұл жүйенің ерекшелігі кез келген есептеулер нәтижесінде алынған немесе ерікті шешім негізінде қабылданған емес, тек қана қатаң белгіленген матеметикалық заңдылыққа бағынатын параметрлер мәнін таңдау болып табылады. Бұл саладағы негізгі стандарт ГОСТ 8032 «Ыңғайлы сандар және ыңғайлы сандар қатары». Осы стандарт негізінде ГОСТ 6636 «Қалыпты сызықтық мөлшерлер» стандарты жасалған. Бұл стандарт сызықтық мөлшерлерді таңдауға арналған сандар қатарын белгілейді. ГОСТ 8032 ыңғайлы сандардың 4 негізгі қатарын белгілейді:

1-ші қатар R5 - 1,00; 2,50; 4,00; 6;30; 10,00…прогрессия алымы

2-ші қатар R10 – 1.00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50...

3-ші қатар R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60...

4-ші қатар R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25...

Аралықтағы сандар 1-10: R5 қатары үшін R10-10, R20-20, R40-40.Техникалық негіздегі кейбір жағдайда ұнамды сандарды дөңгелектекуге болады. Мысалы 1,06 санын 1,05; 1,12-ні - 1,1; 1,18-ді- 1,15 немесе 1,20-ға дейін дөңгелектеуге болады.

Қайсы бір қатарды таңдағанда өнімнің тұтынушысы ғана емес дайындаушының да мүддесін ескеру қажет. Параметрлік қатардың жиілігі тиімді болуы керек: Өте «нығыз» қатар тұтынушылардың кәсіпорындардың, жеке стып алушылардың қажеттілігін ең жоғары мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндіік береді, бірақта өнімнің номенклатурасы шектен тыс көбейеді, өндіріс процесі тым шашырап (ұсақтап) өндірістік шығынды молайтуға әкеп соғады. Сондықтан R5 қатары R10-ға қарағанда R10 R20-дан ыңғайылырақ болып саналады.

Ыңғайлы сандар жүйесін қолдану белгілі типтік өнімнің параметрін сәйкестендіріп қана қоймай әртүрлі өнімдерді (детальдар, бұйымдар, көлік және технологиялық құралдар) параметрлері бойынша өзара байланыстырады. Мысалы машина жасаудағы стандарттау практикасы көрсеткендей детальдар мен түйіндер қатары машиналар мен құрал жабдықтардың параметрлік қатарына негізделуі тиіс. Мұнда төмендегі ереже басшылыққа алынады: машиналардың параметрлер қатары R5 детальдар мөлшерінің қатары R10,R10-ға- R20 т.с.с. сәйкес келуі тиіс.

Консерві банкаларының қабы және оларды тасымалдауға көлік құралдарын тиімді пайдалану үшін теміржол вагондары мен автомашиналардың жүк көтеру қатары, контейнер мен жәшіктер, жеке консерві қапшықтарының мөлшерлік қатары сияқтылар R5 қатары бойынша алынуы ұсынылған.

Өнімді сәйкестендіру деп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегатттар санын оңтайлы қысқарту іс қимылын айтады. Бұл іс қимыл дайын өнімнің элементтерін жіктеу және қатарлау, сұрыптау және жою, типтеу және тиімдеуге негізделеді. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары төмендегідей:

- Бұйым, машина, құрал жабдық, түйін, детальдардың параметрлік және типтік өлшерлер (типоразмерные) қатарын әзірлеу.

- Біртекті өнімнің сәйкестендірілген топтарын құру мақсатында типтік бұйымдарды әзірлеу.

- Сәйкестендірілген технологиялық үрдістерді әзірлеу.

- Қолдануға рұқсатталған бұйым, материалдардың қолайлы да ең аз ат тізімін (номенклатурасын) жасау.

Сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері әртүрлі ресімделеді: Бұлар деталь, түйін, жинақ бірлігінің типтік сәйкестендірілген құрылымының (конструкциясының) альбомдары, сондай-ақ тип, параметр, мөлшер, конструкция, марка т.б. стандарттары болуы мүмкін.

Бұйымдарды сәйкетендіру оны жүргізу саласына байланысты сала аралық (екі немесе одан көп өнеркәсіп саласында дайындалған, бірдей немесе жуық мақсаттағы бұйымдар мен олардың элементтерін сәйкестендіру), салалық және зауыттық (бір кәсіпорында немесе бір өнеркәсіп саласында дайындалған бұйымдарды сәйкестендіру) болуы мүмкін.

Жүргізудің әдістемелік принциптеріне байланысты сәйкестендіру түр ішіндегі (бір типті бұйымдар тобының және түр аралық немесе жоба аралық әртүрлі типтік бұйымдардың түйін деталь, агрегаттарының) болуы мүмкін.

Сәйкестендіру дәрежесі өнімді сәйкетендіру деңгейімен яғни өнімнің сәйкестендірілген, соның ішінде стандартталған деталь, түйін жинақ бірлігімен толығуы арқылы сиптталады. Сәйкестендіру деңгейінің көрсеткіштерінің бірі ретінде қолданыс (cәйкестік) коэффиценті – Кn алынады.

Мұндағы детальдардың жалпы санына (түпнұсқадан басқа) стандартты сәйкестендірілген және сатып алған детальдар кіреді, сондай-ақ жалпымашина жасау, салааралық және салалық қолданыс детальдары кіреді.

Агрегаттау – бұл, машина құрал жабдықтары геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру мүмкіндігі бар, әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын, жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру әдісі болып табылады. Мысалы мебель өндірісінде 15 мөлшарлі (размерлі) шиттер мен мөлшерлі жәшіктерді қолдана (пайдалана) отырып әртүрлі комбинация жасау арқылы 52 түрлі мебель жасауға болады. Агрегаттау әдісі машина жасау, және радиоэлектроникада кеңінен қолданылады.

Кешенді стандарттау – кешенді стандарттау кезінде өзара байланысты талаптар жүйесін мақсатты да жоспарлы түрде белгілеу жүзеге асырылады. Бұл талаптар кешенді стандарттау объектісінің өзіне тұтастай қатысты болуымен қатар нақты мәселелерді тиімді шешу үшін олардың негізгі элементтеріне де қойылуы мүмкін. Сонымен қатар дайын бұйым және оны өндіруге қажетті шикізат материалдардың сапасы мен оларды сақтау, пайдалануға қойылатын талаптар өзара байланысты болуы тиіс.

Оза стандарттау әдісі. Бұл әдіс – стандарттау объектісіне бүгінгі практикада қойылып отырған талап, нормаларды қазіргі жетістіктерінен жоғары деңгейге көтеріп, келешекте тиімді болатындай етіп жобалауға мүмкіндік береді.

Стандартттар ғылым мен технеканың жеткен деңгейінен ғана шектелуі тиіс емес. Себебі олар көптеген өнімдердің моральдық ескіруінің жылдамдығына байланысты техникалық прогрессті тежеуі мүмкін. Сондықтан стандарттар сапа көрсеткіштерінің болашақ деңгейін белгілеп, олардың өндіріске қолданылатын мерзімін көрсетуі тиіс. Оза стандартттау жұмысы өндірілуі әлі басталмаған немесе басталу сатысындағы болашақ өнімнің перспективалы түрлеріне жасалады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 72 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тапсырма, Техникалық регламенттің дайындалу тәртібі | Тапсырма. Еңбек қорғауды және техникалық қауіпсіздікті OHSAS 18000 жүйесі бойынша басқару | Стандарттың түрлері | Стандарттың санаттары | Тақырып. Пісірілген шұжық сапасын зерттеу | Шұжық өнімдерінің сапасын бағалау | Тақырып. Макарон өнімдерінің жақсы сапалығын анықтау | Кесте 14 – Макарон өнімінің қауіпсіздік көрсеткіштері | Натуральный логарифм, е | V. РЕАБІЛІТАЦІЯ ДІТЕЙ - ІНВАЛІДІВ |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав