Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мүмкіндіктері

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А)Бизнес-процесстерді құру жəне талдау технологиясы.

Б)«E-Learning» электрондық оқыту негіздері.

В)Электрондық оқыту əдістері.

Г)«E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технологиясы.

III.Қорытынды


Кіріспе

Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім және Ғылым минстрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық Ақпараттық Технологиялар акционерлік қоғамы жүзеге асыратын болады. Электронды оқыту жүйесі Электронды Үкіметтің бір бөлігі болып есептеледі.
«E-Learning»

Бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.

Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьютерлер және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.

Оқушы қай мектепте оқыса да, қалалық немесе шалғайдағы ауылдық және шағынкомплектілі мектепте оқитынына қарамай, оқу үдерісіне енуге тең мүмкіндік алады, басты тұлға оның өз ұстазы болып қала береді, бірақ енді жалғыз емес, республиканың озық мұғалімдерімен, ғалымдарымен бірге, оқушыға қашықтан жаңа тақырыпты түсіндіреді және әрбір тақырып бойынша оның оқу жетістіктерін тексереді.

Кеше ғана Интернет пен басқа заманауи инфокоммуникациялық технологиялар болмаған кезде, бұл ертегі тәрізді еді, ал бүгінде мемлекет бұл шынайы және болашақ кәсіби іс-әрекетке даярлаудың қуатты факторы болу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Мектеп оқушыларын электрондық оқыту, оларды іс жүзінде барлық қызмет түрлері электронды болатын, ал кәсіби іс-әрекет шынында Интернетсіз, компьютерсіз және желілік әлеуметтік, кәсіби қоғамдастықсыз мүмкін болмайтын болашақ өмірге дайындайды.

 


 

Мүмкіндіктері

Е-Learning ұсынатын мүмкіндіктерге келетін болсақ, онда олардың шегі жоқ. Білім алу кеңістігі өзінің атымен-ақ бәрін айтады – Интернет, Жаһандық желі, Бүкіләлемдік тор және т.б.

 

· Біріншіден, e-Learning – білім беру контентін әр түрлі жастағы адамдарға алуға мүмкіндік береді. e-Learning –өзінің білім деңгейін жоғарлатамын деген кез-келген адамға жақсы құрал болып табылады.

· Екіншіден, e-Learning – коммуникация. Интернет әлемі және Медиа – бұл 24/7 деген шексіз коммуникация. Қашықтықтан оқытудың тағы бір басымдығы осында жатыр, қалаған уақытта, қалаған жерде.

· Үшіншіден, e-Learning дәстүрлі оқытуға қарағанда арзанырақ. Қол жетімді мәліметтерге сүйенсек, «онлайн-сабақтар» аудиториялық сабақтарға қарағанда 2-3 есе арзан.

· Төртіншіден, e-Learning – ірі ақпараттық орта. Бір уақытта, бірнеше университетте білім алуға болады.

· Бесіншіден, e-Learning – әрқашан қазіргі заманғы технологиялармен бірге өмір кешу, ол XXI ғасырдағы адамдардың маңызды аспектісі болып табылады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы | Education | Business and Environment | The Best Way to Travel | Celebrities | Dress for Success (by Lydia Ramsey) | Shopping in England | Language styles | Pitfalls of international meetings | Cross cultural business communication |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав