Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы


Баяндама Қазақстан және Ресей университетінде өткізілген конференция
Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Оқу - ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу - білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды дамыту алға қойылған.

Болжамдар

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен бекітілген білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, тұңғыш рет (e-learning) электрондық оқыту жүйесін енгізу міндеттері анықталды.

Қазақстанда 2015 жылға қарай электрондық оқыту жүйесімен 50% білім беру мекемелерін, ал 2020 жылға қарай 90%, білім беру мекемелерінің барлық деңгейін қамту жоспарланған. Мектептер мен колледждерде мұғалімдердің жұмыс орнын заманауи нұсқадағы компьютерлермен, мультимедиалық проекторлармен және интерактивті тақталармен жабдықтау жоспарланып отыр. Мұғалімдердің жұмыс орнынан басқа кітапхана, медицина қызметкерлерінің бөлмелері, мұғалімдер бөлмесі компьютерлермен жабдықталады. Мектеп компьютерлері 4-тен 10 Мбит/сек дейінгі өткізу қабілеті бар Интернетке қосылады.

Электрондық оқыту жүйесімен бірге басқару жүйесі де жаңартылады. Мектептер мен колледждердің жаңа технологиялық инфраструктурасы басқару жүйесінің әртүрлі – мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді (TMS), әлеуметтік өзара әрекетті (CMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) және білім беруде пән саласының электрондық әдістемелік жүйесі (MMS) талдамаларын болжайды. Мұның бәрі компьютерлік бағдарламалар ретінде әзірленген, мұғалімдер мен оқушыларға, директорлар мен оның орынбасарларына, сынып жетекшілері мен психологтарға, медицина қызметкерлері мен кітапханашылар үшін функционал болып есептелетін электрондық оқыту жүйесінің жалпы платформасын құрайтын бөлімдер. Олардың бәрі Ұлттық білім беру дерекқорларымен байланысты. Әрбір жүйеден күнделікті жеке-жеке түсетін мәліметтер ағымы кез келген білім беру деңгейін басқарушыға шынайы жағдайды білуіне, білім беру мекемелерінің рейтингін және олардың даму болашағын әділ анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқыту жүйесімен бірге білім беру жүйесінің мазмұны цифрлық форматқа ауыстырылады. Цифрлық білім беру контенті алуан түрлі болады, бұл педагогикалық және инфокоммуникациялық технологиялардың кіріктірілу деңгейіне байланысты. Біздің көзқарасымыз бойынша, мектепке дейінгі тәрбие беруде компьютерлік жаттықтыру ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждерде – виртуалдық жаттығу құрылғысы, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми-зерттеу зертханалары жетекші рөл атқарады.

ҚР БҒМ-нің осы күнгі іске асырылып отырған бағдарламасы бойынша мектептер мен колледждердің серверлеріне барлық пәндер мен әрбір тақырыптар бойынша цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) орнастырылады. Бұл тек Ұлттық Ақпараттандыру Орталығының (ҰАО) дайын ресурстары ғана емес, мұғалімдердің, оқушылар мен студенттердің өздерінің дербес талдаулары, ең маңыздысы – шетелдік педагогтардың ресурстары. Биылғы жылы мектептерге арналған 6 пән және колледждердің 38 пәндері бойынша 7043 ЦБР-ы әзірленді. Қазір ЦБР-ы тек отандық қана емес, әлемге әйгілі мына «СИВЕКО-Румыния», «With Education –Англия», «Young Digital Planet – Польша» компанияларымен бірге әзірленді.

Шетелдік компанияларды тарту педагогикалық тұрғыдан дәлелденген, себебі біздің бағдарламамыз бойынша олардың әзірлеген ресурстарымен бірге мектептерге жаңа оқыту әдістемесі келеді. Ал олардың елеулі айырмашылықтары бар, онда практикалық бағыттылық, интерактивтілік басым түрде беріледі де, түсіндірме-иллюстративтік тәсіл деңгейі азырақ.

Егер де біз осы елдерге жүздеген мұғалімдерді олардың тәжірибесін үйренуге жіберсек, мұндай нәтиже болмаған болар еді. Қысқа мерзімде жаңа әдіснаманы меңгеруге, біреудің әдістемесін өзінің жұмысына ендіруге мұғалімнің бәрі бірдей қабілетті емес. Бұл үдеріс көп зерттеушілікті, уақыт пен жігерлілікті талап етеді.

Бұл жағдайда біз, ресурстармен бірге біздің мектептердегі сабақтарға жаңа оқыту әдістемесін, мысалы, профессор Раду Джугуреанудың (Румыния) математиканы оқыту әдістемесін енгіземіз. Тағы бір маңыздысы, авторлық ұжымды таңдау ҚР БҒМ-нің бастамасымен Астана қаласында 2012 жылғы 16 наурызда құрылған цифрлық білім беру контентін әзірлеушілердің халықаралық консорциумында жүзеге асырылды.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 57 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мүмкіндіктері | Business and Environment | The Best Way to Travel | Celebrities | Dress for Success (by Lydia Ramsey) | Shopping in England | Language styles | Pitfalls of international meetings | Cross cultural business communication | Types of Presentations |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав