Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тартылады.

8 9

Әңгіме / Беседа / Talk - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында

қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім

қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа

білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.

• Әңгіме-дебат / Беседа-дебаты / Disputational talk – оның барысын-

да қатысушылар арасында ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және

әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Әңгіме-дебат ынтымақтастыққа

бағдарланбаған бәсекелестікке негізделеді.

• Диалогтік әңгіме / Беседа диалогическая / Dialogic talk - белгілі

бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды-

коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,

оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында

оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып

табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мер-

сер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне

тартылады.

• Зерттеушілік әңгіме / Беседа исследовательская / Exploratory talk - бұл

әңгіме түрінде әркімнің идеясы пайдалы деп қарастырылғанымен, олар

егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді. Зерттеушілік әңгімеге қатысушылар бір-

біріне сұрақ қойып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді. Алай-

да зертеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі

маңызды болып табылады.

• Кумулятивтік әңгіме / Беседа кумулятивная / Cumulative talk - бұл әңгіме

түріне қатысушы әрбір адам басқа адамдардың айтқанын қабылдайды

және олармен келіседі. Кумулятивтік әңгіме білім алмасу мақсатында

қолданылады, бірақ әңгімеге қатысушы адамдар бір-бірінің идеялары-

на төзімділікпен қарайды. Кумулятивтік әңгіме үдерісінде идеялар

қалыптасады, қайталанады, бірақ үнемі егжей-тегжейлі бағалана бермейді.

Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі (майевтика) / Сократический метод ве-

дения беседы (майевтика) / Socratic dialogue (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудар-

масы - босанатын әйелге көмек көрсету) - сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы

адам бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогикада Әңгіме

жүргізудің сократтық әдісі бағыттаушы сұрақтар мен пікірталастар орталық

орын алатын оқыту түрі деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен

оқушылардың ақиқат туралы түсінігін бұзып, кейін олар өз ұстанымдарын қорғай

отырып, оны қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қоя

берген. Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні – әңгімелесушінің «барлық

нәрсе жайлы білемін» деген орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келген-

де, көп нәрсені білмейтіндігіне көзін жеткізу. «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ.

Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей

аламын» – Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы ойды желеу ету

қажет болады.

Әріптеспен кеңесу / Консультирование с коллегой / Counseling - іс-тәжірибеде

туындаған кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған, белгілі бір жолмен құрылған

әңгіме арқылы іске асырылатын әріптеспен жүргізілетін қарым-қатынас.

Бағдар картасы / Маршрутная карта / Moving-on map - белгілі

бір тапсырма, сондай-ақ жалпы сабақ көлемінде оқудың соңғы

нәтижесіне жетуге бағытталған және оқушыларға арналған

қадамдап көрсетілген нұсқаулық; оқушылардың өз бетімен жұмыс

істеу қабілетін дамытады, оқушыларды шығармашылықпен

ойлауға бағыттайды, тапсырмаларды орындауда қолданылатын

креативті тәсілдерді дамытады.

Бағалау / Оценивание / Assessment - оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде

және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты

тұжырым жасап, шешім және/немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.

• Критериалды бағалау / Оценивание критериальное / Criteria assessment

- оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына

сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мек-

теп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын

ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы

оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критери-

алды бағалаудың екі түрі бар – жиынтық және қалыптастырушы.

 Жиынтық бағалау (оқуды бағалау) / Оценивание сумматив-

ное (оценивание обучения) / Summative assessment (assessment of

learning) - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу

мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау

оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының

белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады,

біртұтас бағалау критерийлері негізінде іске асырылады.

Б

10 11

 Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) / Оце-

нивание формативное (оценивание для обучения) / Formative

assessment (assessment for learning) - мұғалімдерді, оқушыларды

және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды

жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы

бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс

барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің

көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байла-

нысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға

мүмкіндік береді.

Бағалау критерий / Критерий оценивания / Assessment criterion - ұсынылған

талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,

негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады,

онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты

түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін

анықтайды.

Бағалауды реформалау тобы / Группа реформы оценивания / Тhe Assessment

Reform Group - бағалау рәсімдерінің, сондай-ақ оқыту мен оқу тәжірибесінің

білім берудегі релеванттық нәтижелерге сай болуын қамтамасыз ету мақсатында

1989 жылы Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша британ қауымдастығы

(ағылшын тілінде British Educational Research Association (BERA)) ұйымдастырған

ерікті зерттеушілер тобы. Сонымен қатар бұл топ бағалау рәсімдерінің мақсатын,

міндеттерін және күтілетін нәтижелерін анықтау мақсатында мұғалімдер,

мұғалімдер қоғамдастықтарымен және білім беру ұйымдарымен тығыз

ынтымақтастықта жұмыс істеді. Топ 2010 жылы өз жұмысын тоқтатты.

«Бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) / «Инициатива-ответ-последующее

действие» (ИОД) / Initiation – Response – Follow-up (IRF) - диалог жүргізу үлгісі.

Оның барысында мұғалім сыныпта әңгімені бастап, оның іске асырылуын бақылап

отырады (Mercer, 1995). БЖӘ оқушыларға диалогтік әңгімеге қатысуға мүмкіндік

беруді көздемейді.

Басымдық / Приоритет / Priority (лат. prior – бірінші, аға) – белгілі бір іс-әрекетті

жүзеге асырудың уақыт жағынан бірінші кезекте болуы.

Белсенді оқу / Активное обучение / Active learning – педагогикалық

(дидактикалық), сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару құралдарын кеңінен және

мүмкіндігінше кешенді пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметін

жан-жақты жандандыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

• Белсенді оқу әдістері / Методы активного обучения / Active learning

methods – оқу материалын өз бетінше, бастама жасай отырып,

шығармашылықпен игеруде оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды ой-

лану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амалдар. Белсенді оқу

әдістеріне дебат, пікірталас, рөлдік ойындар, жоба жүргізу, т.б. жатады.

Блум таксономиясы / Таксономия Блума / Blooms’ taxonomy of learning objectives

– 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған танымдық саладағы

оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі. Оған ойлау дағдыларының

алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

• Білу / Знание / Knowledge - деректерді, жағдайларды, негізгі

тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өтілген материалдың

есте сақталғанын растау.

• Түсіну / Понимание / Comprehension - негізгі идеяларды ұйымдастыру, са-

лыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту арқылы деректер мен идеяларды

түсінгенін көрсету.

• Қолдану / Применение / Application - жаңа білімдерді, әдістерді және

ережелерді түрлі нұсқада қолдану.

• Талдау / Анализ / Analysis – біртұтас объектіні жақсылап зерттеу неме-

се оның мән-мағынасын түсініп-білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге

бөлу үдерісі.

• Жинақтау / Синтез / Synthesis - алғашында бөлінген ұғымдарды біртұтас

біріктіру үдерісі.

• Бағалау / Оценка / Evaluation – объектінің құндылықтарын, кемшіліктерін,

маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын белгілі бір критерийлер мен

стандарттар негізінде анықтау үдерісі.

Білім беру порталы / Образовательный портал/ Virtual learning environment

- оқу мақсатындағы ақпараттық ресурстарға қатынауды қамтамасыз етуге, тиісті

білім беру ұйымдарына білім беру қызметтерін көрсетуге, жаңа коммуникациялық

кеңістік құрып, білім беру желілік қоғамдастығына қатысушыларды Интернет

желісінің құралдарымен қамтамасыз етуге арналған Интернет телекоммуникациялық

желісіндегі компьютерлік жүйе (серверлер жиынтығы немесе мультисервис

сервері).

Білім берудегі парадигма / Парадигма в образовании / Educational paradigm

-педагогикалық ғылыми зерттеулермен анықталатын және нақтылы бір кезеңде

педагогикалық қауымдастық мойындаған түйінді педагогикалық тұжырымдамалық

ережелер мен идеялар жиынтығы.

12 13

Білім беруді басқару / Менеджмент в образовании / Management in education

- білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған білім беру үдерісін басқарудың

қағидаттары, әдістері, ұйымдастырушылық нормалары мен технологиялық

амалдарының кешені.

Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА) / Педагогический аспект знаний (ПАЗ)

/ Pedagogical knowledge - білім беру мәнмәтінінде нәтижелілікті қамтамасыз ететін

аналогия (ұқсастық), суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету әдістерін қолдана

отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың барынша тиімді, оңтайлы нысан-

дары болып табылады. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі

ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың өз бетінше зерделеуін қамтамасыз

етіп, оқушылардың белгілі бір тобына ұсыну үшін абстрактілі құрамдас бөліктерге

бөлуге қабілетті болуы тиіс.

Білімнің технологиялық аспектісі (БТА) / Технологический аспект знаний /

Technological knowledge - технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің

(ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілі. Білімнің технологиялық аспектісі мұғалімнің

өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы

пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуін көздейді.

Вебинар (онлайн-семинар) / Вебинар (онлайн-семинар) /

Webinar - шынайы уақыт режімінде интернет желісі арқылы

өткізілетін веб-конференциялардың, онлайн-кездесулер мен

таныстырылымдардың бір түрі. Вебинар кезінде әр қатысушы

өзінің компьютерінің алдында отырады, ал олардың арасындағы

байланыс Интернет желісі арқылы әрбір қатысушының компьютерінде орнатылған

қосымшалардың көмегімен немесе веб-қосымшалар арқылы жүреді.

Волонтер / Волонтер / Volunteer – ерікті, бастама білдіруші.

Воркшоп / Воркшоп / Workshop - қатысушылар ең алдымен өздерінің атқарған

белсенді жұмыстарының нәтижесінде білім алатын қарқынды оқу іс-шарасы.

В

Дарынды және талантты оқушылар / Одаренные и

талантливые ученики / Gifted and talented children –

Бағдарламаның негізгі идеяларына сәйкес «дарынды» және

«талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп

біріктірілген болатын. Бұл санаттағы оқушылар өздерінің

оқуларының нәтижелілігін арттыру әдістерін іздеуге және өзін өзі бақылау

қабілетіне ие; олар ақпаратты талдауға, толықтыруға, таңдауға, пайдалы және

орынсыз деп саралауға, оның мағынасын бірден түсінуге; проблеманы анықтап,

басқа оқушылардың ұсынған шешімдерінен өзгеше баламалы шешімдерді

таңдауға; қызығушылықты арттыру мақсатында анағұрлым күрделі ойындар мен

тапсырмаларды құрастыруға қабілетті болып келеді; олар ерте жаста назарын

ұзақ уақытқа бір нәрсеге сыртқы мәжбүрлеусіз шоғырландыру сияқты айрықша

қабілетке ие; сондай-ақ осындай балалар қарым-қатынас жасауға, оқуға және

жазуға деген қабілеттерін ерте жастан бастап көрсетеді.

Дәлелдеу / Аргументация / Argumentation – белгілі бір көзқарасты жеке немесе

ұжымдық реципиенттің түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы мақсатында

негіздеу үшін жүргізілетін логикалық-коммуникациялық үдеріс.

Дескриптор / Дескриптор / Standard - оқушының белгілі бір тапсырма бойынша

орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.

Джигсо (мозаика) / Джигсо (мозаика) / Jigsaw - Эллиот Аронсон ұсынған,

оқушылардың білімдік міндеттерді шешу мақсатында ынтымақтасып жұмыс

істеуін көздейтін оқыту мен оқу әдісі.

Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching - мұғалімнің оқу

материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі

мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің

нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.

Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және

олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

Д

14 15

Дивергентті ойлау / Дивергентное мышление / Divergent thinking - бір мәселенің

(проблеманың) бірнеше шешімін іздеу мақсатында қолданылатын шығармашылық

ойлаудың түрі.

Дислексия / Дислексия / Dyslexia (көне грек. δυσ- сөздің оң мағынасын теріске

шығаратын қосымша және λέξις – сөз, сөйлеу) – оқуға жалпы қабілеттіліктің

сақталуы жағдайында оқу дағдыларын меңгеру қабілетінің ішінара неврологиялық

бұзылуы. Ол сөздерді жылдам және дұрыс тану, қайта код беру, дұрыс жазу

дағдыларын игеруге қабілетсіздігімен сипатталады. Дислексия кезінде бала іс-

әрекеттердің басқа да көптеген салаларында асқан қабілеттер көрсетуі мүмкін:

спортта, сурет өнерінде, музыкада, математикада немесе физикада. Дислексияның

негізгі белгілері: сөздерді баяу буындап немесе әріптеп оқу, болжап оқу, оқу кезінде

әріптерді ауыстыру және алмастыру сияқты қателіктер жіберу; оқылған дүниенің

мән-мағынасын түсінудің бұзылуы.

Диспраксия / Диспраксия / Dyspraxia (грек. praxis – қызмет) – қозғалыс аппараты

мен дене үйлесімінің бұзылуы арқылы көрінетін созылмалы неврологиялық бұзылу.

Диспраксия кезінде бала мақсатты әрекет жасауда қиыншылық көреді.

Драфт нұсқа / Драфт версия / Draft - алғашқы нұсқа, жобалық нұсқа.

Жады / Память / Memory - 1. Ақпаратты сақтауға, жинақтауға

және жаңғыртуға арналған психикалық функциялар мен ақыл-

ой қызметінің бір түрі. 2. Сыртқы әлем оқиғалары мен ағза

реакциялары жайлы ақпаратты ұзақ мерзім бойы сақтау және

келесі іс-әрекетті орындау үшін сол ақпаратты бірнеше рет

саналы түрде қолдана білу қабілеті.

• Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы) / Память кратковременная

(рабочая память) / Short-term memory - негізгі фунциясы ұзақ мерзімді

жадыдан алынған ақпаратты нақтылы қолдану (мысалы, тапсырмаларды

орындауда, мәселелерді шешуде, қарым-қатынас жасау үдерісінде немесе

ішкі ойлану кезінде) мақсатында жандандыру болып табылатын жадының

қосалқы жүйесі. Қысқа мерзімді жады серпінді болып келеді, сондықтан

да ол қысқа уақытқа: бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана со-




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Жасайды. | Иерархиясы теориясын__ | Болып табылады. | Microsoft PowerPoint, OpenOffice.org Impress, SoftMaker Presentations, |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.029 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав