Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зылады.

Ж

• Рәсімдік жады / Память процедурная / Procedural memory - нақтылы бір

әрекеттерді қалай орындау керектігі жайлы білімнің сақталуына жауапты

қосалқы ми жүйесі. Мысалы: қасықпен қалай тамақ жеу керек, түймені қалай

тағу керек, қалай секіру керек, велосипедті қалай тебу керек, қарындашпен

қалай жазу керек, допты қалай лақтыру керек. Осындай әрекеттерді қалай

жүзеге асыру керектігі жайлы жады немесе білімдер енжар күйде сақталады

және саналы вербалдауға көнбейді.

• Семантикалық жады / Память семантическая / Conceptual memory -

уақиғалармен, тәжірибемен және меңгерілген білімдермен байланысты

жалпылаулар мен бейнелерге негізделген, әлем туралы жалпы ережелер,

ұғымдар және идеялардың сақталуына жауапты жадының қосалқы жүйесі.

• Ұзақ мерзімді жады / Память долгосрочная / Long-term memory -

ақпаратты шексіз уақыт және шексіз көлемде сақтаумен сипатталатын

жадының қосалқы жүйесі. Оның тиімділігі ақпаратты жүйелі түрде қайталау

арқылы айқындалады. Себебі жүйелі қайталанған білім ассоциациялық

байланыстың орнауына себеп болады. Ол ассоциациялық байланыс арқылы

барлық ақпарат кеңістігінен қандай да бір ақпаратты еске түсіруге мүмкіндік

Туындайды.

• Эпизодтық жады / Память эпизодическая / Episodic memory - адамның

өмірлік тәжірибесі жөнінде уақиғалық ақпаратты қамтитын қосалқы ми

жүйесі. Онда мысалы, орын, уақыт және жағдай сияқты мәнмәтіндік

қасиеттер маңызды болып табылады.

Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) / Зона ближайшего развития (ЗБР) /

Zone of Proximal development (ZPD) - Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының

қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай

алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар

ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде

мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін.

Жас ерекшеліктері / Возрастные особенности / Age-related differences -

индивидтің белгілі бір жас кезеңдеріне тән танымдық, уәждемелік, эмоционалдық,

перцептивті, психологиялық ерекшеліктері. Олар дамудың жас кезеңдерінің ауысу

үдерісіне сәйкес өзгеріп тұрады.

Желілік қоғамдастық / Нетворкинг / Networking – іскерлік қатынастар желісін

орнату, байланыс орнату, кәсіби ақпаратпен алмасу.

16 17

Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары / Навыки мышления высокого порядка

/ High-order thinking skills - Блум таксономиясына сәйкес талдау, жинақтау

және берілген ақпаратқа байланысты қорытынды жасау сияқты дағдылар. Төмен

деңгейлі ойлау дағдыларына (берілген ақпаратты есте сақтау және жаңғырту)

қарама-қарсы келеді.

Жоғары деңгейлі сұрақтар (ашық сұрақтар) / Вопросы высокого порядка

(открытые вопросы) / High-order questions (open questions) - оқушының

белгілі бір ақпаратты қолдану, қайта құру, кеңейту, бағалау және талдау сияқты

қабілеттеріне бағытталатын сұрақтар.

Жоспарлау / Планирование / Planning - мақсат пен міндет қою, сондай-

ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арналған әдістер мен стратегияларды

іріктеумен байланысты қызмет түрі.

«Зерде теориясы» (ЗТ) / «Теория разума» (ТР) / Theory of mind

- басқа адамдарды саналы делдал ретінде түсінудің айрықша

танымдық қабілеті. Себебі олардың қалыптасқан көзқарастарын

ұстаным және қалау сияқты теориялық тұжырымдаманың

терминдерімен түсіндіру қажет. Зерде теориясы іс-әрекеттерге

жәрдемдесетін ой-сана жағдайларының (ұстаным, тілектер,

ниеттер, түсініктер, эмоциялар және т.б.) көптеген түрлерінің болуын көздейді.

Осының барлығын қорытындылай келе «зерде теориясын» қабылдау дегеніміз

өзіндік сана мен басқа адамдардың санасы жөнінде ойлана білу қабілетін білдіреді.

Зерттеу сабағы / Урок-исследование / Research lesson - оқытуды жетілдірудің

ерекше тәсілі, ол бірнеше кезеңнен тұрады: проблеманы белгілеу, оны шешу

шарттары мен жолдарын талқылау, экспериментті жоспарлау және өткізу, алынған

нәтижені талдау және қорыту, қорытынды жасау және ақпарат алмасу.

З

Инклюзивті оқыту / Инклюзивное обучение / Inclusive education

- білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін

оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның

ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.

Кейстер әдісі / Метод кейсов / Case method - шынайы

экономикалық, әлеуметтік, іскерлік және педагогикалық

жағдаяттарды суреттеуді қолданатын оқыту әдісі. Кейстер әдісін

қолдану барысында оқушылар жағдаятты талдап, проблеманың

мән-мағынасын түсініп, оның болжамды шешімдерін ұсынып,

олардың ішінен ең жақсысын таңдайды. Кейстер әдісі шынайы

нақты материалдарға негізделеді немесе мазмұны жағынан шынайы өмірден

алынған жағдаятқа жақын болуы тиіс.

Кері байланыс / Обратная связь / Feedback - белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны

түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе

оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.

Когнитивті психология / Когнитивная психология / Cognitive psychology -

адам сана-сезімінің танымдық үдерістерін зерттейтін, адамның мінез-құлық

әрекеттеріне емес, ең алдымен ойлау қызметіне басымдық беруге негізделген

психология бөлімі. Когнитивті психологтер адам санасында белгілі бір материалды

түсінгені не болмаса түсінбегені жөнінде болып жатқан үдерістерге қатысты

мәселелерді зерттейді

Когнитивтілік / Когнитивность / Сognitive (лат. cognitio - таным, зерделеу,

түйсіну) - сыртқы ақпаратты саналы қабылдау және өңдеу қабілеті.

Конвергентті / репродуктивті ойлау / Конвергентное/репродуктивное

мышление / Convergent thinking (лат. cоnvergere – қосылу) – белгілі бір

И Инклюзивті оқыту / Инклюзивное обучение / Inclusive education

- білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін

оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның

ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.

К

Кейстер әдісі / Метод кейсов / Case method - шынайы

экономикалық, әлеуметтік, іскерлік және педагогикалық

жағдаяттарды суреттеуді қолданатын оқыту әдісі. Кейстер әдісін

қолдану барысында оқушылар жағдаятты талдап, проблеманың

мән-мағынасын түсініп, оның болжамды шешімдерін ұсынып,

олардың ішінен ең жақсысын таңдайды. Кейстер әдісі шынайы

нақты материалдарға негізделеді немесе мазмұны жағынан шынайы өмірден

алынған жағдаятқа жақын болуы тиіс.

Кері байланыс / Обратная связь / Feedback - белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны

түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе

оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.

Когнитивті психология / Когнитивная психология / Cognitive psychology -

адам сана-сезімінің танымдық үдерістерін зерттейтін, адамның мінез-құлық

әрекеттеріне емес, ең алдымен ойлау қызметіне басымдық беруге негізделген

психология бөлімі. Когнитивті психологтер адам санасында белгілі бір материалды

түсінгені не болмаса түсінбегені жөнінде болып жатқан үдерістерге қатысты

мәселелерді зерттейді

Когнитивтілік / Когнитивность / Сognitive (лат. cognitio - таным, зерделеу,

түйсіну) - сыртқы ақпаратты саналы қабылдау және өңдеу қабілеті.

Конвергентті / репродуктивті ойлау / Конвергентное/репродуктивное

мышление / Convergent thinking (лат. cоnvergere – қосылу) – белгілі бір

18 19

тапсырманы орындаудың алдын ала игерілген алгоритмдерін нақты пайдалануға

негізделген ойлаудың түрі. «Репродуктивті» сөзімен бірге қолданылады, себебі

осындай ойлау проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның

нәтижесінде сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі дивергентті ойлауға

қарама-қайшы.

Коуч / Коуч / Coach - әріптестеріне нақты тақырыптар тұрғысынан өзінің кәсіби

білімін, білігін және дағдыларын жақсартып, жетілдіруге көмектесетін тренер,

маман, сарапшы. Бұл үшін коуч білім алушы не істеу керектігін түсініп, қалаулы

нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін тәсілдерді өз бетінше анықтауға жағдай




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 54 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Иерархиясы теориясын__ | Болып табылады. | Microsoft PowerPoint, OpenOffice.org Impress, SoftMaker Presentations, |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав