Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жасайды.

Коучинг / Коучинг / Сoaching - сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің

құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында

қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу,

коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының

жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары

сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында

кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг үдерісі

тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің

кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, жан-жақты

кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.

Көзқарас / Видение / Vision – қоршаған ортаны қабылдау және бағалау қабілеті;

белгілі бір мәселе бойынша пікір; болжамды тәуекелдерді ескере отырып, барлығы

ойдағыдай болған жағдайда қол жеткізуге болатын бір нәрсе туралы орныққан

пікірлер, көзқарастар жүйесі.

Көптік зият (зияттың қырлары) теориясы / Теория множественного интеллекта

/ Theory of multiple intelligences - 1983 жылы Говард Гарднер ұсынған және

зиятты әртүрлі нақты жағдайларда қарастыратын, бір нәрсе жасауда жалғыз жалпы

қабілеттілік болады дегенді жоққа шығаратын теория. Гарднердің айтуынша, зият

«нәрсе» емес, ол субъектінің басында орналасқан белгілі бір құрылғы, оның әлеуеті

индивидке мәнмәтінге нақты сәйкес келетін ойлау түрлерін пайдалануға мүмкіндік

береді. Гарднер зияттың бір бірімен байланыспайтын, әрқайсысы жеке жүйе

(немесе модуль) сияқты және өз ережелері бойынша жұмыс істейтін алты түрін

анықтаған. Олар: а) лингвистикалық; ә) логика-математикалық; б) кеңістіктік; в)

музыкалық; г) дене-кинетикалық; ғ) жеке тұлғалық.

Креативтілік / Креативность / Creativity (ағыл. create – жасау, creative – жасампаз,

шығармашыл) - индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан

ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен

ерекшеленетін және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін

шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше

тәсілдермен шешу қабілеті.

Қадағалау / Наблюдение / Observation - 1. Белгілі бір

құбылыстың қарқынын немесе бақылау объектісінде болып

жатқан өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін жоспарлы

түйсіну. 2. Қоршаған орта объектілері туралы бастапқы түсінікті

түзу, фактілерді жинақтауды мақсат ететін сезімдік танудың

белсенді нысаны. Қадағалау ұқсас фактілерді, қасиеттер мен

құбылыстарды топтастыра білуді, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын

аңғарып, оларды жіктей білуді және мүмкіндігінше, үдеріс немесе құбылыс

барысының қадағаланатын жағдайларға байланыстылығын айқындай алуды

көздейді. Қадағалау барысында қадағалау объектісімен байланысты деректерді

интерпретациялау жүргізіледі. Оның нәтижесінде қорытынды жасалады.

• Қадағалау объектісі / Объект наблюдения / Object of observation –

қадағаланатын адам, үдеріс, құбылыс, зат немесе т.б.

• Интерпретация / Интерпретация / Interpretation (лат. interpretatio

мағынасын жеткізу, түсіндіру) – қандай да бір құбылыс, оқиға, үдеріс не-

месе мәтіннің мәнін ашып, мағынасын ажырату, түсіндіру және мағынасын

жеткізу дегенді білдіретін ойлау жұмысы.

• Қорытынды / Заключение / Conclusion - бір нәрсенің негізінде жасалған

қорытынды немесе бір нәрседен туындаған салдар болып табылатын пай-

ымдау, ой-пікір, тұжырым.

«Қара жәшік» / «Черный ящик» / The Black Box - ғылым мен техника саласынан

алынған метафора, онда «қара жәшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе

білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу,

шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не

объект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты) «қара жәшік» деп

атауға болады: транзистор, алгоритм немесе адам санасы.

Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора сыныпқа

қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды

меңзейді.

Қ

20 21

Құндылықтар (түйінді құндылықтар мен ұстанымдар) / Ценности (ключевые

ценности и убеждения) / Core values – баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар

мен стандарттар. Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте

баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және

бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың

әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ

құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген

қарым-қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды.

Құрылымдалмай бөлінген топтардағы топтық жұмыс / Групповая работа с

неструктурированным делением на группы / Unstructured group work - топтық

жұмысты ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушылардың қабілеттерін,

көшбасшылық қасиеттерін ескермей, кездейсоқ таңдау әдісімен топқа бөледі.

Құрылымдалып бөлінген топтардағы топтық жұмыс / Групповая работа со

структурированным делением на группы / Structured group work - топтық

жұмысты ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушыларды шағын топтарға

бөлуді бүкіл топтың, сондай-ақ жекелеген білім алушылардың ерекшеліктерін

(мысалы, оқу үлгерімі, аталған пәнді оқуға деген қабілеті, көшбасшылық қасиеттері,

қарым-қатынас жасау қабілетінің деңгейі) ескере отырып, алдын ала жоспарлайды.

Қызмет теориясы / Теория деятельности / Action Theory - психикалық

феномендерді зерттеудің әдіснамалық және теориялық қағидаттар жүйесі. Ондағы

негізгі зерттеу нысаны психикалық үдерістердің аралық түйіні болып табылатын

іс-әрекет. Бұл теория 1920-1930 жылдары Л.С.Выготский ұсынған сындарлы тәсіл

негізінде әзірленді. Оның негізін қалаушы А.Н.Леонтьев пен С.Л.Рубинштейн

болып саналады. Теорияның негізгі тезисі былай деп тұжырымдалады: іс-әрекетті

сана-сезім анықтамайды, керісінше іс-әрекет сана-сезімді айқындайды. Сана-сезім

тек субъектілік қарым-қатынастар жүйесі, сондай-ақ субъекті дамитын үдерістегі

субъектінің іс-әрекеті арқылы танылады.

Л Lesson Study / Lesson Study / Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі

саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық

педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында

Жапонияда негізі қаланған.

Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау,

өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын

мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер

педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson

Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта

мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды

педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг,

Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.

Лейбл / Лейбл / Label - тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы. Қазақстан

Республикасында лейбл ретінде 1-ден (немесе 0-ден) 5-ке дейінгі бағалар ұсынылады.

Дегенмен лейбл ретінде «үздік», «озық», «жеткілікті», «толықтырылмаған»,

«толықтыруды қажет етеді» деген сипаттамалар да қолданылуы мүмкін.

Маслоу қажеттіліктер пирамидасы / Пирамида потребностей

Маслоу / Maslow’s hierachy of Needs - адам қажеттіліктерінің

иерархиялық моделі. Америкалық психолог А. Маслоу ұсынған

идеялардың қарапайым түрде баяндалуы. Аталған модель кең

тараған әрі танымал уәж теорияларының бірі – қажеттіліктер




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тартылады. | Болып табылады. | Microsoft PowerPoint, OpenOffice.org Impress, SoftMaker Presentations, |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав