Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Microsoft PowerPoint, OpenOffice.org Impress, SoftMaker Presentations,

Multimedia Builder, ProPresenter, Prezi.

Тәлім алушы / Подопечный / Mentee - тәлімгердің қамқорлығындағы тұлға.

Тәлімгер / Ментор / Mentor (көне грек. Μέντωρ) - өз еркімен жүйелі түрде ұзақ

уақыт бойы өзінің білімі мен тәжірибесін тәжірибесі аздау субъектімен – тәлім

алушымен бөлісуге дайын жетекші, мұғалім, басшы. Бұның нәтижесінде тәлім

алушы өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек жолында айтулы өзгерістерге қол

жеткізу мақсатында проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

36 37

Тәлімгерлік / Менторинг / Mentoring - ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен

тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру

үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің

білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай

қарқын алуына көмектеседі. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты:

коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға

бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.

Технологиялық білімдер (ТБ) / Технологические знания (ТЗ) / Technological

Knowledge - оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық

бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл санаттағы білімдер

технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды

басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді.

Топтық жұмыс / Групповая работа / Group work - білім алушыларды оқу

тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық

емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық

оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас

жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.

Төмен деңгейлі сұрақтар (жабық сұрақтар) / Вопросы низкого порядка

(закрытые вопросы) / Low-order questions (closed questions) - берілген ақпаратты

есте сақтауға ғана бағытталатын сұрақтар. Оларға берілетін жауаптар «дұрыс»

немесе «бұрыс» деп қана бағаланады.

Тренинг / Тренинг / Training (train – оқыту, тәрбиелеу) – білім, білік, дағды

және әлеуметтік мақсаттарды дамытуға бағытталған белсенді оқу әдісі. Егер жаңа

ақпарат алуды ғана көздемей, мақсат алынған білімдерді тәжірибеде қолдану

болған жағдайда тренинг айтарлықтай жиі өткізіледі.

Тұжырымдама / Концепция / Сonception (лат. conceptio – түсіну, жүйе) - 1.

Басты ой, жетекші идея. Тұжырымдама әрекеттер стратегиясын анықтайды. 2.

Әлемде, табиғатта, қоғамда болып жатқан құбылыстарға байланысты қалыптасқан

көзқарастар жүйесі. 3. Қандай да бір зат, құбылыс немесе үдерісті түсінудің

(түсіндірудің, түйсінудің) белгілі бір тәсілі; затқа қатысты негізгі көзқарас,

оны жүйелі түрде жариялауға арналған жетекші идея, өзара бір-бірімен тығыз

байланысты және бір-бірінен туындайтын көзқарастар жиынтығы, таңдап алған

тапсырманы шешу жолдарының жүйесі.

Тұжырымдамалық / Концептуальный / Сonceptual (лат. conceptio – түсіну, жүйе)

- 1. Өзінің байыпты тұжырымдамасы бар. 2. Белгілі бір тұжырым, идея туралы

тұжырымдамаға негізделген, тұжырымдамасы бар. 3. Негізгі, түйінді, анағұрлым

маңызды.

Тұжырымдамалық карта/ассоциациялық карта / Концептуальная

карта/ассоциативная карта / Word map, mind map - ойлау үдерісінің

графикалық бейнеленуінің тиімді тәсілі, оның көмегімен түрлі тұжырым, ұғым,

идеялардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды визуалдандыруға болады.

Тұжырымдамалық карта идеялардың сабақтастығын, тұжырымдаманың дамуын

анықтап, бірден көзге көріне қоймайтын байланыстарын тауып, түрлі идеялар мен

шешімдерді тудыруға мүмкіндік береді.

Тізбектелген сабақтар топтамасы / Серия последовательных уроков / Sequence

of lessons - өзара қисындылықпен байланысқан сабақтардың жиынтығы (кем

дегенде төрт). Олар ортақ тақырып, оқыту мақсаттары, міндеттері және күтілетін

нәтижелері арқылы бірлескен.

Уәж / Мотивация / Motivation - белгілі бір мақсаттарға жету үшін

әрекет жасауға ынталандыру үдерісі.

• Ішкі уәж / Внутренняя мотивация / Intrinsic

motivation - жеке тұлғаның тілектері мен қажеттіліктеріне

негізделген.

• Сыртқы уәж / Внешняя мотивация / Extrinsic

motivation – түрлі көтермелеу шаралары (баға, мадақтау парағы т.б.) арқылы

көрініс тапқан, қоршаған ортаның факторларына негізделген уәж.

У

38 39

Үздіксіз білім алу (өмір бойы білім алу) / Непрерывное об-

учение (обучение в течение всей жизни) / Life-long learning

- жалпыға міндетті және кәсіби даярлықтың қажетті деңгейін

қоғамдық және жеке тұрғыдан ұстап тұру мақсатында адамның

білім, білік және дағдыларды өмір бойы мақсатты үйренуі және

игеруі.

«Үштік зият» теориясы / Теория «Тройственного интеллекта» / Triarchic Theory

- зияттың үш аспектісін – ақпаратты өңдеумен байланысты ішкі компоненттерді

(құрамдық зият), жаңа ахуалды игеру тиімділігін (эмпирикалық зият) және

әлеуметтік жағдайда зияттың көрінуін (жағдаяттық зият) сипаттайтын біртұтас

теориясы. Теорияның авторы америкалық зерттеуші Роберт Стернберг болып та-

былады, ол адамның зияты жеке адам өміріне қатысты нақты ортаны бейімдеуге,

іріктеуге және қалыптастыруға арналған ой әрекеті түрінде келеді (Sternberg, 1985)

деп есептеген, яғни зият адамның қоршаған ортаның өзгерістерін өмір бойы қалай

еңсеретіндігін көрсетеді.

Фасилитатор мұғалім / Фасилитатор-учитель / Facilitator -

жеке тұлғаға бағытталған педагогика идеяларына сәйкес жұмыс

істейтін және де баланың даму үдерісінде оған көмек көрсететін

педагог. Бұл ұғымды Карл Роджерс енгізген.

Флипчарт / Флипчарт / Flipchart - арнайы стендіге бекітуге

арналған үлкен қағаз парағы. Ақпаратты таныстыру кезінде қолданылады.

Форум (веб-форум) / Форум (веб-форум) / web-forum - веб-сайтқа кірушілердің

қарым-қатынас жасауын ұйымдастыруға арналған веб-қосымшалардың түрі. Фо-

рум талқылау жүргізуге арналған тараулар жиынтығын ұсынады. Форум жұмысы

пайдаланушылар тарауларда тақырыптар ашып, кейіннен осы тақырыптардың

ішінде талқылау жүргізу түрінде жүреді.

Ү

Ф

Функционалдық сауаттылық / Функциональная грамотность / Functional

literacy - оқушының оқу әрекетіне (танымдық қабілеттерді игеру негізінде) бай-

ланысты проблемаларды; өмір сүру барысында туындайтын стандарттық пробле-

маларды (ережелер мен алгоритмдерді меңгеру негізінде); құндылықтар жүйесінде

бейімделуге қатысты проблемаларды (құндылықтар туралы білімді меңгеру

негізінде); кәсіби білімге дайындалу барысында туындайтын проблемаларды (тірек

білім мен білікті, сондай-ақ кәсіби білім жүйесі туралы, кәсіби оқу мекемелеріне

қабылдау ережелері туралы және оларда оқу ерекшеліктері туралы білімді меңгеру

негізінде) шеше алу қабілеті.

Тони Вагнер («Change Leadership Group» (Harvard University, Graduate School of

Education) жобасының қосалқы директоры) өзінің «Табысқа жетелейтін дағдылар»

деген кітабында адамға ХХІ ғасырда табысқа жету үшін қажетті қасиеттерді

көрсеткен: сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды шеше алу қабілеті,

бейімделе алу қабілеті, бастамашылық және кәсіпкер дағдылары, тиімді ауызша

және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, ақпаратты тауып, оны өңдей алу

қабілеті, әуесқойлық және қиял.

Шеберлік сыныбы / Мастер-класс / Master class - білімдер

мен дағдыларды тарату мақсатында мұғалім өзінің жинақталған

кәсіби тәжірибесін өзінің әріптестеріне ұсынатын жұмыс түрі.

Шығармашылық / Творчество / Creativity - адамның

белсенділігі мен өз бетінше орындайтын жұмысының ең жоғары

түрі. Шығармашылық оның әлеуметтік маңызы мен бірегейлігіне (сонылығына)

қарап бағаланады. Шығармашылықтың объективтік және субъективтік жақтары

болады. Объективтік тұрғыдан шығармашылық өзінің түпкі нәтижесімен – ғылыми

жаңалығымен, өнертапқышымен, оңтайландыруымен, көркем туынды тудыруы-

мен анықталады. Бұл орайда шығармашылық ауқымы әртүрлі болғанымен, оның

әлеуметтік құндылығы мен шешімінің соны болуы міндетті талап. Субъективтік

тұрғыдан алғанда шығармашылықтың түпкі нәтижесінде әлеуметтік құндылық пен

жаңалық болмаса да, оның маңызы шығармашылық үдерісінің өзімен анықталады.

Шынайы / Аутентичный / Authentic– нағыз, шын, рас, шынайы, түпнұсқалық,

ақиқатқа сай, түпнұсқаға барабар.

Ш

40 41

Шынайы сынып / Аутентичный класс / Authentic classroom (грек. authentikys

түпнұсқалық) - іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып.

Шынайы оқыту және оқу / Аутентичное преподавание и обучение / Authentic

teaching and learning - мұғалім әрбір оқушыны жеке алғанда ол қалай оқитыны

жайлы өзінде бар ақпаратты бейімдеп, осы білімдер негізінде оқушыларға арнап

тапсырмалар әзірлеу және құрастыруға негізделген оқыту.

Ынтымақтастық / Коллаборативный / Collaborative (ағыл.

collaborate – ынтымақтасып қызмет ету/ынтымақтасу) -

бірлескен; ынтымақтастықта жүзеге асқан.

Ынтымақтастық оқу / Коллаборативное обучение (обучение

в сотрудничестве) / C ollaborative teaching and learning - бұл

тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз

қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке

тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты

бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа

білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік

пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың

алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге

негізделген.

Іс-әрекеттегі рефлексия / Рефлексия в действии / Reflection

in action - алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау

мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту және оқу), іс-әрекет

нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы мұқият

ойлану үдерісі.

Ы

І

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)

/ Организация экономического сотрудничества и разви-

тия (ОЭСР) / Organization for Economic Co-operation and

Development (OECD) – өкілдік демократия мен еркін нарықтық

экономиканың қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің

халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ 1948 жылы Мар-

шалл жоспары аясында Еуропаны экономикалық қайта құрылымдау жобасын

үйлестіру үшін құрылған. ЭЫДҰ штаб-пәтері Шато де ла Мюетте орналасқан.

ЭЫДҰ басқарушы органы ұйымға мүше елдердің өкілдер кеңесі болып табылады.

Ондағы барлық шешімдер ортақ бітім негізінде қабылданады. Қазіргі кезде ЭЫДҰ

құрамына 34 ел кіреді. ТМД және Балтық жағалауы елдерінен ЭЫДҰ құрамына

Эстония ғана кіреді.

Эпистемиялық субъект / Эпистемический субъект / Epistemic subject –

зерттеуші Ж. Пиаже жасаған зияткерлік даму теориясында қолданылатын түсінік.

Осы теорияның объектісі мінсіз жеке тұлға болады, мүмкін ондай объект табиғатта

жоқ та шығар, ал болса да оның логикалық ойлауы жай адамның логикалық ой-

лауынан ерекшеленбейді. Мұндай мінсіз жеке тұлға эпистемиялық субъект,

яғни ешқандай дара сипаттамалары, жеке қасиеттері, жынысы, (оны білім алуға

талпындыратын түрткілерден басқа) уәждері жоқ және белгілі бір ұлтқа немесе

мәдениетке жатпайтын білім иесі болып табылады.

ЮНЕСКО / ЮНЕСКО / UNESCO - United Nations

Educational, Scientific and Cultural Organization - Білім,

ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар

Ұйымы. Ұйымның ұсынатын негізгі мақсаттары – білім, ғылым

және мәдениет салаларындағы мемлекеттер мен халықтар

ынтымақтастығының арқасында бейбітшілік пен қауіпсіздікке

ықпал ету; әділдік пен заңдылықтарды, нәсілі, жынысы, тілі және дініне байла-

нысты айырмашылықтарға қарамастан барлық халықтарға арналған Біріккен

Э

Ю

42 43

Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған адамның негізгі еркіндіктері мен

құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету.

ЮНЕСКО білім беру жөніндегі кітаптар, монографиялар, анықтамалық матери-

алдарды жариялаумен айналысады. Басылып тұратын материалдар: жылына бір

рет шығатын «ЮНЕСКО статистикалықальманахы», «Шет елде білім алу», «Білім

беру жөніндегі бүкіләлемдік анықтамалық», «Келешек жоспарлар».

1991 жылдан бері екі жылда бір рет шығатын «Білім беру жөніндегі бүкіләлемдік

баяндамада» білім беру саласындағы статистикалық материалдар, шолулар және

әлемдік үрдістер талдауы беріледі. ЮНЕСКО екі жылда бір рет білім беру бойын-

ша халықаралық конференция өткізіп тұрады.

Тарау

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру кустарының деңгейлі

бағдарламасының есімнамасы__

Шынайы сынып / Аутентичный класс / Authentic classroom (грек. authentikys

түпнұсқалық) - іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып.

Шынайы оқыту және оқу / Аутентичное преподавание и обучение / Authentic

teaching and learning - мұғалім әрбір оқушыны жеке алғанда ол қалай оқитыны

жайлы өзінде бар ақпаратты бейімдеп, осы білімдер негізінде оқушыларға арнап

тапсырмалар әзірлеу және құрастыруға негізделген оқыту.

Ынтымақтастық / Коллаборативный / Collaborative (ағыл.

collaborate – ынтымақтасып қызмет ету/ынтымақтасу) -

бірлескен; ынтымақтастықта жүзеге асқан.

Ынтымақтастық оқу / Коллаборативное обучение (обучение

в сотрудничестве) / C ollaborative teaching and learning - бұл

тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз

қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке

тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты

бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа

білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік

пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың

алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге

негізделген.

Іс-әрекеттегі рефлексия / Рефлексия в действии / Reflection

in action - алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау

мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту және оқу), іс-әрекет

нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы мұқият

ойлану үдерісі.

Ы

І

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)

/ Организация экономического сотрудничества и разви-

тия (ОЭСР) / Organization for Economic Co-operation and

Development (OECD) – өкілдік демократия мен еркін нарықтық

экономиканың қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің

халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ 1948 жылы Мар-

шалл жоспары аясында Еуропаны экономикалық қайта құрылымдау жобасын

үйлестіру үшін құрылған. ЭЫДҰ штаб-пәтері Шато де ла Мюетте орналасқан.

ЭЫДҰ басқарушы органы ұйымға мүше елдердің өкілдер кеңесі болып табылады.

Ондағы барлық шешімдер ортақ бітім негізінде қабылданады. Қазіргі кезде ЭЫДҰ

құрамына 34 ел кіреді. ТМД және Балтық жағалауы елдерінен ЭЫДҰ құрамына

Эстония ғана кіреді.

Эпистемиялық субъект / Эпистемический субъект / Epistemic subject –

зерттеуші Ж. Пиаже жасаған зияткерлік даму теориясында қолданылатын түсінік.

Осы теорияның объектісі мінсіз жеке тұлға болады, мүмкін ондай объект табиғатта

жоқ та шығар, ал болса да оның логикалық ойлауы жай адамның логикалық ой-

лауынан ерекшеленбейді. Мұндай мінсіз жеке тұлға эпистемиялық субъект,

яғни ешқандай дара сипаттамалары, жеке қасиеттері, жынысы, (оны білім алуға

талпындыратын түрткілерден басқа) уәждері жоқ және белгілі бір ұлтқа немесе

мәдениетке жатпайтын білім иесі болып табылады.

ЮНЕСКО / ЮНЕСКО / UNESCO - United Nations

Educational, Scientific and Cultural Organization - Білім,

ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар

Ұйымы. Ұйымның ұсынатын негізгі мақсаттары – білім, ғылым

және мәдениет салаларындағы мемлекеттер мен халықтар

ынтымақтастығының арқасында бейбітшілік пен қауіпсіздікке

ықпал ету; әділдік пен заңдылықтарды, нәсілі, жынысы, тілі және дініне байла-

нысты айырмашылықтарға қарамастан барлық халықтарға арналған__




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 45 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тартылады. | Зылады. | Жасайды. | Иерархиясы теориясын__ |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.033 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав