Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және педагогикалық шеберлігі

1. Ұстаздың өз бетiнше бiлiм жетiлдiруi, осы саладағы үздiксiз iзденiсi, озат тәжiрибенi қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, iскерлiк негiздерi- педагогикалық бiлiктiлiкке жеткiзудiң бiр жолы болып саналады. Мұғалiм бiлiктiлiгi, оның әдептiлiгi мен сыпайылығына, жүрiс тұрысына, киiм- киiсiне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруiне, өзiнiң мiнез- құлқын басқаруына байланысты. Өйткенi,мұғалiм сахнадағы актёр сияқты әрқашан оқушылардың көз алдында болады, ал бала бәрiн байқап таниды. Мұғалiмдердi педагогтiк бiлiктiлiкке үйрету- педагогтiк оқу орнында оқып жүрген кезде басталады. Бұл iске студенттерге психология, педагогика пәндерiнен жүйелi бiлiм беру, педагогикалық шеберлiк негiздерi, көрнекi және жаңашыл педагогтардың iс- тәжiрибесi бойынша арнаулы курстар ұйымдастыру, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, педагогикалық практиканы мәндi өткiзу, өз бетiнше жұмыс жасауға үйрету ерекше орын алады.

Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша) білім мұғалімнің біліктілігі үшін маңызды, бірақ жеткіліксіз шарт, өйткені көптеген теориялық-практикалық және әдістемелік білім интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдының тек алғы шартты ғана болады.

Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады.

Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктілік үш компоненттен тұрады.

1. Тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмассақ, инновациялық тәжірибемен алмасу, өзінің іс-тәжірибесімен қорытып, басқаға бере білу білігі.

2. Оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажеті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі тәсілі, әртүрлі білім процесі мен жүйелері мазмұны түрі, әдістері және педагогикалық шындықты туғызу білігі.

3. Кәсіби білікті мұғалім рефлекцияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілетті.

Педагогика мен психологияда «білік» ұғымының әртүрлі түсініктемелері бар. Олардың бірінде білік меңгерілген іс-әрекет ретінде, енді біреулерінде бар білімді пайдалану тәсілі ретінде, дағды жиынтығы ретінде айтылған «Білік» іс-әрекетті саналы түрде меңгеру, сол меңгеру нәтижесінде іс-әрекетті тиімді орындау мүмкіндігі туады.

В.А.Сластенин барлық педагогиалық білікті 4 топқа біріктіреді.

1. Обьективті педагогикалық шындықтың, тәрбиенің обьективті нақты педагогикалық мақсатқа көшуіру білігі, яғни жеке тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді меңгеруге дайындық деңгейін анықтау үшін зерттеу және соның негізінде олардың дамуын бейнелеу, алғашқы білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды анықтау.

2. Логикалық тұрғыдан аяқталған педагогикалық жүйені жүзеге асыру білігі (білім, тәрбие жұмыстарын жоспарлаудан, білім беру үрдісінің мазмұнын таңдап алғаннан бастап оның ұйымдастыру түрлерін, әдістерін және құралдарын анықтағанға дейін).

3. Тәрбиенің әртүрлі компоненттері мен факторлардың арасында байланыс орнату, оларды іске қосу білігі, қажетті материалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, валеологиялық және басқа жағдайларды жасау білігі, мектепті ортамен байланыстыруды қамтамаасыз ету білігі, оқушы тұлғасын белсендіру білігі, оның іс-әрекетін тәрбиенің обьектісінен субьектісіне айналдыратындай етіп дамыту, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру білігі.

4. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін еспке алу және бағалау білігі, яғни оқу үрдісін және басқа мұғалімнің іс-әрекетін талдау өзін-өзі талдау жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенің анықтау білігі талап етіледі. Сондықтан, мұғалімнің теориялық, практикалық даярлығының мазмұны төмендегідей болуы шарт.

· Танымдық бiлiктiлiк, ең алдымен, жеке бастың интелектуалдық мүмкiндiгi, мамандық еңбегiнiң негiзi болып саналады. Танымдық бiлiктiлiктi қалыптастыру үшiн адамның қабылдау, зейiн, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерiнiң бiрлiкте дамуы қажет. Мысалы, адамның байқағыштығы, өзiн- өзi бақылауы, кездескен жағдайда дұрыс таба бiлуi, ойлау процесiнiң дамуы үшiн талдау жасау, салыстыру, сәйкестiгiнен ажырату, нақтылай бiлу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл қасиет өзiн- өзi тәрбиелеу, оқу, бiлiм алу, еңбек процесi барысында тұтас қалыптасатын iскерлiк.

· Құра бiлу (конструктивтiк) бiлiктiлiгi – оқу- тәрбие жұмысын моделдеу, жоспарлау, композициялық материялдарды iрiктеп алумен сипатталады. Оқушылардың жас және дара ерекшелiктерiне сай, оқу- тәрбие процесiнiң материялдық базасына сәйкес жұмысты реттi ұйымдастыра бiлу, Бұл бiлiктiлiктi меңгеру үшiн интелектуалдық қасиет, қабiлет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық логикалық ойлау қабiлеттерiмен тiкелей байланысты. Сондықтан құра бiлу бiлiктiлiгi танымдық бiлiктiлiгiмен ұштасып жататын қасиет.

· Қарым- қатынас (комуникативтiк) бiлiктiлiгi-бұл мұғалiмнiң педагогикалық процестiң барысында адамдармен қарым- қатынас жасауға үйренуi. Қарым- қатынас тәсiлдерi ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере бiлуден басталады. Коммуникативтiк iскерлiктi тәрбиелеу үшiн, адам ең алдымен, басқа адамды түсiне бiлуi, тани бiлуi және өзiн де таныта, түсiндiре бiлуге үйренуi қажет. Екiншiден, өзiнiң ой-пiкiрiн, көңiл-күйiн, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пiкiрлескен адамға, ұжымға түсiндiре бiлуге және оларды да түсiне бiлуге үйренуi қажет. Үшiншiден, адамдармен қарым- қатынас барысында қажет болқан жағдайда, бет- бұрыс жасау сияқты мүмкiндiктердi басқара бiлу, оң шешiм таба бiлу. Осылардың нәтижесiнде мұғалiмге қарым – қатынас бейiмдiлiгi және ептiлiгi бар адамдармен оңай тiл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиетi қалыптасады.

· ұйымдастырушылық бiлiктiлiк - бұл мұғалiм еңбегiнiң бөлiнбейтiн үнемi жүрiп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық процестi басқарудың негiзгi шарты. Бұл барлық педагогикалық бiлiктiлiктi бiр-бiрiмен байланыстырып басқаратын бiлiктiлiк болып табылады. ұйымдастырушылық бiлiктiлiктiң өзiндiк белгiлерi бар. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгiлеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бақалау, есеп беру, нақтылап объектiге зейiн қоя бiлу, кездесетiн кедергiнi тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза бiлу, iске қызығушылықпен кiрiсу, басқаларға ықпал жасау iс- әрекеттерiнен қүралады.

· Хабарлау бiлiктiлiгi - жеке педагогикалық бiлiктiлiк болып саналады. Көбiне қатынас құралы ретiнде қарастырылады. Себебi қарым- қатынас хабарлама материялынсыз болуы мүмкiн емес. Информациялық бiлiктiлiк оқу- тәрбие процесiнiң оптималдылығын арттыруда шешушi орын алады. Оқу- бiлiм материалын терең, жан- жақты бiлу, оқу әдiстерiн меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етедi. Бұл бiлiктiлiк мұғалiммен дауысты үйлестiре бiлудi, көңiл- күй сезiмiмен сөйлеудi, сөздiң құдiреттi күшiн және дауыс үнiн, бет қимылды меңгере бiлудi талап етедi. Сөйлеу, әңгiмелесу, көрсете отырып түсiндiру, пiкiрлесу тыңдау, сұрақ- жауап айту тәсiлдерiн қолдану арқылы тыңдаушының зейiнiн аудару- мұғалiмнiң педагогикалық iс- әрекетiне қажет бiлiктiлiк.

· Зерттеушiлiк бiлiктiлiк - әрбiр педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргiзудi жоспарлауды, сонымен қатар мұғалiм озат тәжiрибенi де өзiнiң тәжiрибесiне жинақтауды, оларға теориялық- практикалық негiзде талдау жасауды және мектеп өмiрiне ендiрудi қамтиды. Мұғалiмдiк мамандық- педагогтiк бiлiктiлiк, бiлiм шеңберi жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет- сапаларын ашып беруге мүмкiндiк жасайды. Мұғалiмнiң жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсiби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенiмi, белсен

 

· Аналитикалық білік мынадай жеке бөліктерден тұрады:

Педагогикалық құбылыстарды талдау, яғни оларды құрушы бөліктерге бөлу (шартты себептері мотивті құралдары, түрлері).

- педагогикалық құбылыстың әрбір элементінің басқа элементтермен байланысын түсіну.

- Педагогикалық теориядағы қарастырылып отырған құбылысқа сәйкес келетін жағдайларды, қорытындыларды, заңдылықтарды табу.

- педагогикалық құбылысқа дұрыс диагностика қою.

- Педагогикалық мәселелерді шешудің ұғымды тәсілдерін табу.

Болжамдау білік мұғалімнің модельдеу, болжам қоя білу, ой эксперименті, әдістерді меңгеруді талап етеді.

Жобалау білік білім бері процесін жобалау барысында жүзеге асырылады.

Рефлексивті білік мұғалімді бақылау, бағалау іс-әрекетімен байланысты.

Дамытушылық білік оқушылардың еркі мен сезімін, таным үрдістерін дамыту үшін арнайы жағдайлар мен проблемалық ситуациялар туғызу оқушылардың бұрынғы алған білімін қолдануды талап етеін сұрақтар қою оқушылармен жеке қарым-қатынас орнату.

Бағдарлық білік оқушылардың білімі мен мүмкіндіктеріне сәйкес олардың іс-әрекетіне ынтасын тұрақты түрде қалыптастыру мен тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырумен байланысты.

Мұғалімнің перцептивті білігі қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде көрінеді, басқа адамды (оқушыны, мұғалімді) түсіне білу білігі. Бұл білікті жүзеге асыру үшін басқа адамның талғамын, ынтасын, бейімін, өмірге көзқарасын түсіне білуі.

Сонымен мұғалімнің кәсіби білігі мен оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізгі болып табылады.

Жоғарыда баяндалған білікті меңгеру мұғалімнің басты міндетінің бірі болып саналады.

Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық, әдістемелік білігімен, дағдысымен тығыз байланыста болу керек.

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінінң маңызды түрлерінің бірі оқытудың теориялық негіздерін біліп, мектепке әртүрлі тақырыптарды оқытқанда қолдана білу, ол үшін оның әдістемелік дайындығы болу қажет.

2. Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. Білім беру саласындағы «құзырлылық» түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетіндегі, ал 1980 жылдардың соңындағы әдебиеттерде кездесті. «Құзыреттілік» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзыреттілік табиғаты тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзыреттілік» - белгілі сала бойынша жан- жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу дегенді білдіреді».

Құзырет – (лат. «сompeteo» – жетемін, сай келемін, жараймын) белгілі бір сала бойынша білім, білік, дағдылардың, тұлғалық сапалардың жиынтығы.

Құзырет – білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқу арқылы алған білім алушының жалпы қабілеті.

Құзыреттілік – қандай да бір салада өмірдегі немесе кәсіби міндеттерді шешуге қолданылатын жинақталған қабілеттілік.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші – оның кәсіби шеберлігі мен өз кәсіби әрекетіне жауапкершілікпен оң қарауы. Ал, кәсіби шеберлік – кәсіби білім мен біліктің, оны практикада және оқытудың жаңа жағдайларында қолдана білудің жиынтығы.

“Бiлiктiлiк” пен “құзыреттiлiк” ұғымдарын салыстыра келiп, О.Б. Ховов екiншi терминнiң бiрiншi терминнен гөрi мағынасы кең екенiн көрсетедi. Өйткенi оған бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен және iскерлiкпен қоса топта жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, коммуникативтiк қабiлет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу мен пайдалану т.б. iскерлiктер жатады. Бұл пiкiрден байқайтынымыз, автор “құзыреттiк” терминiн iс-әрекеттiлiк, және әлеуметтiк- коммуникативтiк өзектi белгiлердiң негiзiнде маманның жеке тұлғасына сүйене отырып, кәсiпке дайындау деңгейiнiң қосымша сипатын беру үшiн қолданады. Бұл қарастырып отырған ұғымның гуманизммен толығуына сай келедi, алайда оның белгiлерi жүйелеу мәселелерiн шеше алмайды.

Құзыреттiлiк, бiздiң ұғуымызда, жеке тұлғаның теориялық бiлiмi мен практикалық тәжiрибесiне сай белгiлi бiр мiндеттердi орындауға дайындығы және қабiлетi. Нақтылай айтып кеткен жөн, “дайындық ұғымы,,бәрi орындалған, бiр нәрсе үшiн бәрi дайын,, дейтiндей жағдай мағынасын анықтау мүмкiндiгiн бiлдiру үшiн қолданылады. Бұл мағыналар құзыреттiлiктiң мәнi мен мазмұнын жеткiзiп, ашып тұрады. Құзыреттiлiк теория мен практиканың бiрлiгi негiзiнде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгiлi мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысымен нәтижелерiн талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер еңгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.

1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет.

2. Әлеуметтік құзыреттілік -кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

3. Білім беру құзыреттілік - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Бүгінгі күнде ЖОО түлектері - ертеңгі түрлі мекемелердің қызметкерлері болатынын ұмытпауымыз керек. Құзыреттілікті модельдеудің практикалық құндылығы мыналардан тұрады, бұл құзыреттілік моделі «берік анықтылыққа» ие. Бұл дегеніміз, құзыреттілік моделі болжам жасайды, қалай адамдар қызметтерін атқаратынын, оның ішінде кәсіби жағдаяттары өзгергенде.Кейбір теориялық алдын ала шолу жасалған жете зерттелген құзыреттілік моделі жайлы қысқаша тоқтала кетейік.

Н.В.Кузьмина бойынша педагогтың кәсіби құзыреттілігі:

• Оқытатын пән саласындағы арнайы кәсіби құзыреттілік;

• Оқушылардың білім, іскерлігін қалыптастыру тәсілдері саласындағы әдістемелік құзыреттілік;

• Қарым- қатынас үрдісі саласындағы әлеуметтік - педагогикалық құзыреттілік;

• Оқушыларға бағыт беруде қабілет, түрткі саласындағы дифференциалды- психологиялық құзыреттілік;

• Тұлғаның және өзіндік іс әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктер саласындағы аутопсихологиялық құзыреттілік.

А.К.Маркова бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілік құрылымы төмендегідей:

• Кәсіби психологиялық және педагогикалық білімі;

• Кәсіби педагогикалық іскерлігі;

• Мамандық талап ететіндей мұғалімнің нұсқауы, кәсіби психологиялық ұстанымы.

• Мұғалімнің білімі мен іскерлігін меңгеруді қамтамасыз ететін тұлғалық ерекшеліктері.

Құзыреттілік моделі /Р.Бояцис/

Құзыреттілік түрлері

Алынған   Табиғи   бейімделген

Білім Іскерлік   Тұлғаның базалық сапасы   Жаңа жұмыс ортасында мақсатқа жетуге қажетті сапалар

Құзыреттілік деңгейлері /Т.Дюран/




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 244 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды қабілеттері. | Педагогикалық әрекеттің гностикалық функциясы. | Зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар. | Тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі | Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық. | Л.Б. Ительсонның педагогикалық ұстанымға берген сипаттамасы | Зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар. | Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі | Зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар. | Мұғалімдер типологиясы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав