Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспары

І.Кіріспе:Программалау. Программалау тілдері туралы түсінік

 

ІІ. Негізгі бөлім: Алгоритмдер

 

а) Алгоритмдерді беру тәсілде

ә) Түрлері (типтері). Қасиеттері

б) Алгоритмдерді құру үрдісі

 

ІІІ.Қорытынды. Алгоритмдер мен программалау тілдерінің ЭЕМ-да қолданылуы

 

 

Программа дегеніміз - берілген мәліметтер терімін өңдеге қолданатын машиналық амалдардың белгілібір тізбегінорындауға арналған есептеу жүйесінің құрылғыларын басқаратын нұсқаулар терімі.

Бұл программаларды жасау үрдісі, қңдеу, тестілеу үрдісі программалау деп аталады.

Программалаудың этаптары:

 

1.Алгоритмді құрастыру

2.Алгоритмді машина тіліне аудару, программа құру

3.Программа өңдеу

4.Есепті шығару

Программалаудың екі түрі

 

1. Қолданбалы

2. Жүйелік 1. Басқарушы

2. Ресурстарды бөлетін

3. Программалау жүйесі

Программалау тілдері және негізгі классификациясы қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:

1) программалауға үйретуші;

2) жалпы мәнді;

3) проблемалық-бағытталған;

4) параллель программалаушы.

 

 

Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классикацияға сәйкес қарастырамыз. Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Бұдан басқа Algol, Cobol, Lisp тілдері бар.

Программалау тілдері

 

1.Машинаға тәуелді

2. Машинаға тәуелді емес

 

Машинаға бағдарланған тілдер ЭЕМ-нің белгілі бір типтеріне арналып құрылған. Мұндай тілде құрылған программа машинаға енгңзңлгеннен кейін машининың ішкі тіліне тікелей аударылды,мүндай тілдер автокод тар деп аталады. Бірақ басқа машина үшін программа түсініксіз болып қалады, бұл программаны қолданған ыңғайсыщ.

.Машинаға тәуелді емес тілдер неғұрлым әмбебап, оларды қолдану шығарылатын есептің класына байланысты. Бұл тілде құрылған программа кезкелген машинада шығарыла алады., тек ол үшін сол типтегі машинаға арналып жазылған, жұмыс программасынмашина тіліне аударатын программа-транслятор қажет.

Машина кодының тәлдерінде программа жазу өте күрделі жіне сондықтан да 50-жылдардың басында ассемблер тілдер жүйесі жасалды.

Машинаның барлық ресурстарын тиімді пайдалану жіне оны жоғары жылдамдықпен орындау керек болғандапрограммаларды ассемблер тілінде жазады.

50-жылдары жоғары деңгейдегі тілдер пайда болды. Ол пронрамма мәтінін қысқартады, еңбек шығынын азайтады. Бірақ оны программа жазғаннан кейін машина тіліне аудару керек, яғни транчляция өткізу керек. Тілдің трансляциясын жүзеге асырады компилятлар

интерпретаторлар

 

ассемберлер

 

Интерпретатор деп берілген программаның әр операторын өңдеп, орындайтын трансляторды атайды. Компилятор – берілген программаны толығымен машина тіліндегі модульге айналдырып, оны компьютердің жадына жазып барып орындайды. Ассемблерлер автокодтар (ассемблер) тілінде жазылған программаны машина тіліне түрлендіреді.Кез- келген транслятор келесі мәселелерді қарастырады:

-Трансляция жасылып жатқан программаның синтаксистік қателерін тексереді, талдайды;

-Объекттік немесе қарапайым деп аталатын, копьютерге түсініқті болатын программаны жасайды;

-Компьютерлік жадының тиімді пайдалануын қадағалап байқайды (программаның әр үзіндісіне, айнымалыларға, тұрақтыларға, массивтерге жіне де басқа объектілерге өздеріне тән болатын жадының бөліктерін белгілейді).

Машиналық командалармен жұмыс істеу көп еңбекті қажет ететін болғандықтан,бірінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықаннан бастап ақ программа құруды жеңілдету жолы мен ЭЕМ нің өзі осы программаны машиналық тілге автоматты түрде аударып,жадына енгізе алатын тәсілдерді іздестірген зерттеулер көптеп жүргізіле бастады. Осының нәтижесінде түрлі жоғарғы деңгейлі алгоритмдік тілдер мен оларды ЭЕМ арқылы машиналық тілге автоматты түрде аударатын транслятор «аударғыш» атаулы арнайы программалар пайда болды. Транслятор интерпретатор және компилятор деп аталатын екі түрі бар (interpretation – арадағы,түсініктілеу тілге аудару:compilation жинақтау,құрастыру).Интерпретатормен жұмыс істеу кезінде процессор оның программалау тілдерінен аударған кезекті әр операторын бірден орындайды. Компилятор алдымен программаның синтаксисін тексеріп,программада жіберілген синтаксистік қателерді хабарлайды.

Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Алгоритм белгілі бір тізбекпен орындалуға тиісті бірнеше қадамнан тұрады. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз.

Алгоритмді графикалық кескін түрінде жазу – кеңінен қолданылатын тәсіл. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.

Атауы Блок-схема түрі Негізгі әрекеттері
Процесс Математикалық өрнектерді есептеу
Таңдау Шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау
Модификация Циклдің басы (қайталау)
Енгізу және шығару Берілгендерді енгізу және шығару
Басы, соңы Алгоритмнің басы және соңы
Қосалқы программа Қосалқы программа шақыру

 

 

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
1. Алгоритмнің дискреттілігі (үзілісті) –ақпаратпен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
2.Алгоритмннің анықтылығы –біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
3.Алгоритмннің жалпылығы –Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда,жалпылық қасиеті деп атайды.
4.Алгоритмннің нәтижелілігі -Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.

5.Түсініктілігі. Алгоритмді жазғанда орындаушы оны түсініпжәне оны орындай алатындай ұйғарымдарды қолдануға қажетті. ЭЕМ-да программалау тілдері белгілі бір алгоритмдер негізінде жүзеге асырылады. Ақпаратты программалағанда олар ретпен кезектес амалдармен орындалады. Себебі алгоритм - процестің орындалу реті. Мысалы ЭЕМ-да есеп шығару алгоритммен жүреді. Педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнынан құратын мәселелердің мынадай тобы бөлініп алынады:
- алгоритм, оның қасиеттері, алгоритмдерді жазудың құралдары мен әдістері, алгоритмді ЭЕМ үшін жазу ретіндегі программа туралы түсініктер;
- алгоритмдік тілдердің біреуі арқылы программалаудың негіздері, ЭЕМ-мен қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
- ЭЕМ құрылымының жалпы принциптері, әрекет ету принципі және ЭЕМ негізгі элементтерінің құрылысы;
- өндірісте және адамның іс-әрекеттерінің басқа да салаларында ЭЕМ-нің қолданылуы мен атқаратын қызметі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Информатика: Базовый курс. / Под редакцией С.В. Симоновича и др. - СПб.: Питер, 2001, - 640с.

 

2. Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой. СПб.: Финансы и статистика, 2003, - 765с.

 

3. Информатика. Практикум по технологии работы на компьютере. Под ред. проф. Н.В. Макаровой. СПб.: Финансы и статистика, 2001, 486с.

 

4. Инструментальные средства персональных ЭВМ. В 10-ти кн. Кн. 4. Программирование в среде Турбо ПАСКАЛЬ: Практическое пособие./ Под редакцией Б.Г. Трусова. -М.: Высш. шк.,1993. –142с.

 

5. Жаппарова Г.А. «Информатика». 2006г.

 

6. Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 45 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Самостоятельная работа (в том числе под контролем преподавателя на консультациях)| Мостиховському О.І.

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав