Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жағдай ажыратылады.

Брінші топты субъектісі шетелдік сипатқа ие қатынастар құрайды. Басқаша айтқанда, шетел элементі субъектіде көрініс табады.

Халықаралық жеке құқықта мұндай жағдайлар көптеп орын алады: әр түрлі ұлттылыққа ие заңды тұлғалардың мәміле жасасуы, зиян келтіру нәтижесінде пайда болатын қатынастар, мұрагерлік, неке-отбасылық қатынастар және т.б.

Екінші топқа шетел элемнті болып объект табылатын құқықтық қатынастар жатқызылады. Оған мысал ретінде шетел мүлкіне меншік құқығын анықтауға байланысты немесе дауды қарастырушы мемлекет аумағынан тыс жерде орналасқан құрылысты мұраға қалдыру тәртібін анықтау жөніндегі дауларды келтіруімізге болады.

Үшінші топ шетел элементі заңи факті түрінде көрініс табатын қатынастардан тұрады: азаматты қайтыс болды деп жариялау, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп жариялау, туыстық қатынас фактісін анықтау және тағы да басқа заңи фактілер.

Шетел элементі қоғамдық қатынастардың кез-келген саласында орын алуы мүмкін. Алайда, халықаралық жеке құқық тек азаматтық-құқықтық сипатқа ие қатынастарды реттейді. Мысалы, халықаралық жеке құқық нормалары шетел азаматтарын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту, оны орындау, жазаны өтеу мәселелерін қамтымайды.

Осылайша, халықаралық жеке құқықтың әрекет етуінің екінші шарты – шетел элементімен күрделенген құқықтық қатынастардың тек азаматтық салада орын алуы.

Бұл сала мұрагерлік, отбасылық, зиян келтіру, шаруашылық, авторлық, патенттік, сыртқы экономикалы және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастарды қамтиды.

Сонымен, халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні болып халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық қатынастар табылады. Бұл позиция кеңестік халықаралық жеке құқық қалыптасуының ерте шағында И.С.Перетерскиймен ұсынылған болатын.

 

§ 3. Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретiндегi мәнi

Халықаралық жеке құқықтың мақсаты – бір мемлекеттің юрисдикциясының шеңберінен тыс қатынастарды реттеу. Ешқандай мемлекет шетел тәртібінің пайдасына өз құқығын ерікті түрде өзгертпейтінін ескерсек, халықаралық жеке құқықты «құқықтық компромисс» ретінде қарастыруымызға болады. Оның мәнісі мемлекет өзінің құқықтық жүйесін өзгертпестен, оған арнайы коллизиялық нормаларды – құқықтық жүйені таңдау ережелерін енгізуінде.

Халықаралық жеке құқық негізгі мақсаттарына белгілі бір қызметтерді орындауды білдіретін мәселелерді шешу арқылы қол жеткізеді. Бұл басты қызметтер - өз мемлекетінің азаматтарының және шетелдіктердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау болып табылады.

Шетелдіктердің құқықтарын қорғау оларға ұлттық құқықтық реттеу ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттің заңнамасы шетелдік тұлғалардың құқықтық мәртебесінің ерекшелігін ескеретін арнайы нормаларды да қамтиды. Мұндай нормалар Қазақстанның барлық құқық салаларында да көрініс тапқан.

Халықаралық жеке құқық алдында тұрған келесі бір маңызды мақсат – сот және арбитраж шешімдерін үйлестіру. Мұндай үйлесімділік дау қаралған жеріне қарамастан осы дау бойынша шығарылған шешімі объективті нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Сот шығаратын шешімдердің бірегейлілігіне әр түрлі мемлекеттердің халықаралық жеке құқығына альтернативті коллизиялық нормаларының бекітілуі оң әсерін тигізіп отыр. Заң шығарушылар бекітілген ережелердің ішінен құқықтық қатынасқа түсуші тараптар үшін ең тиімді норманы қолдану мүмкіндігін қарастырған.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 17 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

А)Халықаралық келісім шарттар | Ішкі заңнамалар | Б) сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі. | Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы | Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi | Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі | Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау). | Зара түсіністік | Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау | Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав