Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылым және құқық саласы ретінде халықаралық жеке құқықтың жүйесі.

Көптеген ғылыми әдебиеттерде «халықаралық жеке құқық жүйесі» түсінігі екі мағынада түсіндіріледі:

· Біріншіден – құқық саласы ретіндегі «халықаралық жеке құқық жүйесі»;

· Екіншіден – құқықтану ғылымы ретіндегі «халықаралық жеке құқық жүйесі».

Ең алдымен, халықаралық жеке құқық жүйесін бірегейлендірілген материалдық, азаматтық – құқықтық нормалардан (халықаралық шарттар нормалары) және коллизиялық – құқықтық нормалардан (халықаралық шарттар нормаларымен қатар ұлттық заңнаманың коллизиялық нормалары) тұратын құқық саласы ретінде қарастырады. Осы тұста ұлттық коллизиялық нормалар мен халықаралық коллизиялық нормалардың маңызды айырмашылықтарына тоқталып өткен жөн.

1. Әрекет ету сферасына байланысты: халықаралық коллизиялық нормалар тек бір ғана мемлекет үшін ғана емес, шарттың барлық қатысушылары үшін заңды күші болғандықтан олар ұлттық коллизиялық нормаларға қарағанда әрекет ету саласы кеңірек болып табылады.

2. Оларды қолданудың тәртібіне байланысты: халықаралық коллизиялық нормалар халықаралық шарттардың мақсатын ескере отырып қолданылады. Бүгінгі таңда қандай да бір халықаралық шарт жасалған кезде оның халықаралық сипатын ескере отырып қолданылатын норманы таңдауды міндеттейтін нормалар бекітіледі.

Ғылым саласы ретіндегі халықаралық жеке құқықтың жүйесі оның пәнін зерттеумен байланысты мәселелер кешенін қамти отырып, өзгеше анықтамаға ие болады. Сол себепті, халықаралық жеке құқық ғылымы нормативтік құрамымен қатар шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеумен байланысты жария-құқықтық сипаттағы әр түрлі мәселелерді қарастыруды да қамтиды. Мысалы, халықаралық жеке құқық ғылымында халықаралық сипатқа ие азаматтық құқықтық дауларды сотпен қарастырудың процессуалдық ерекшеліктері зерттелінеді: шетелдік талапкерлердің талап-арыздарын қамтамасыз ету шаралары (сот кепілдігін төлеу); шет мемлекеттерде дәлелдемелер жинаудың құқықтық негізі; шетелдік сот тапсырмаларын орындау; шетелдік сот шешімдерін мойындау және т.б.

Ғылым саласы ретіндегі халықаралық жеке құқық жүйесінің тағы да бір ерекшелігі - оның қатарына әр түрлі ғылыми зерттеулер, халықаралық жеке құқық классиктерінің еңбектері, доктриналары және оқу курсы да жатады.

Халықаралық жеке құқықтың оқу курсы үлкен екі бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімде, негізінен, халықаралық жеке құқық үшін жалпы маңызы бар сұрақтар, сондай-ақ, Ерекше бөлімнің жекелеген тақырыптарының мазмұнын құрайтын нормалар мен институттардың анализі барысында оның шегінен тыс шығатын мәселелер қарастырылады. Бұл бөлімде халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері, ортақ анықтамалар мен қағидалар қатары, ең бастысы, реттеу әдіс-тәсілдері, коллизиялық нормалар, ұлттық режим және ең қолайлы жағдай ұсыну режимі, өзаралылық қағидасы және басқа да халықаралық жеке құқықтың қағидалары көрініс табады. Сонымен қатар, аталмыш бөлімде шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынас субъектілерінің, осындай қатынастардың ерекше субъектісі ретіндегі мемлекеттің, шетелдік заңды тұлғалар мен шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы зерттеледі.

Ал Ерекше бөлімге келер болсақ, ол мынадай тараулардан тұрады:

1. Меншік құқығы;

2. Міндеттемелік құқық, соның ішінде, тауарды сатып алу-сату шарты, тасымалдау шарты;

3. Несиелік-есеп айырысу қатынастары;

4. Құқық бұзушылықтан туындайтын қатынастар;

5. Авторлық және патенттік құқық;

6. Отбасылық құқық;

7. Мұрагерлік құқық;

8. Еңбек қатынастары;

9. Халықаралық азаматтық процесс.

Сауда, теңізде жүзу саласындағы мүліктік қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеудің дамуы халықаралық жеке құқықтың ерекше бір саласының пайда болуына алып келді.

Халықаралық жеке құқықтың әйгілі классигі Л.А.Лунц өз еңбегінде халықаралық жеке құқық жүйесін үш бөлімге - Жалпы бөлім, Ерекше бөлім және Халықаралық азаматтық іс жүргізу бөліп қарастырған.

 

§ 4. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесiнде алатын орны

 

Халықаралық жеке құқықтың түсiнiгi мен мәнiн айқындап болғаннан кейiн бiз тағы бiр мәселе қарастыруымыз қажет. Бұл мәселе бiзге халықаралық жеке құқықты құқық саласы ретiнде айқындап, оның құқық жүйесiнде алатын орны қандай деген сұраққа жауап бередi.

Аталған сұраққа жауап беру халықаралық құқықтың түсiнiгiмен және оның құқықтық табиғатымен терең байланыс-та болып келедi, сондықтан да бiз бұл тұрғыда да ғалымдардың ойларының көп ұшқырлығымен кездесемiз. Олар:

1) халықаралық жеке құқық кең ауқымда алғанда халықаралық құқыққа жатады;

2) халықаралық жеке құқық мемлекеттiң iшкi заңнамасының құрамына кiредi;

3) халықаралық жеке құқық бұл құқықтың кешендi саласы болып табылады, яғни iшiнара халықаралық жария құқыққа және жеке құқыққа – мемлекеттiң iшкi заңнамасына қатысты болып келедi.

Осы аталғандардың барлығының шеңберiнде өздерiне тән айырмашылықтары бар.

Бiздiң көзқарасымыз бойынша, осы тұста бiрқатар қорытындыларды жасауға болады:

– халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты екендiгi даусыз, бiрақ бұл тұста ол жеке құқықпен – мемлекеттiң iшкi заңнамасымен де тығыз байланыста болып табылады;

– халықаралық жеке құқықтың халықаралық құқықпен тығыз байланыста болуына қарамастан, ол iшкi құқық жүйесiне кiредi. Бұл құқықтық реттеу пәнiнен – жеке құқықтық қаты-настардың мазмұнынан келiп шығады. Бұл қатынастар барлық кезде мемлекеттiң бастамасында (әрине бұл тұста мемлекеттiң заңының астарында деген сөз) болып табылатын субъектiлер – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасында болғандықтан жеке құқықтық реттеуге көп ұшырайды. Халықаралық құқық-тық реттеу жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке қатынастарды реттеуге бағытталмағандығын бiлемiз;

– iшкi құқық жүйесiнде азаматтық (отбасылық және еңбек) құқықтың бiр бөлiгi болып табылмайды. Ол осы жүйеде өзбетiн-дiк орынға ие болып табылады, өйткенi оның өзiне тән реттеу әдiсi мен өзiндiк пәнi бар болып табылады;

– бұл құқықтың аты халықаралық жеке құқық деген сөзбен байланысты болғанмен, ұлттық-құқықтық табиғатқа ие болып табылады. Халықаралық жария құқықтан айырмашылығын атап айтар болсақ, халықаралық жария құқық барлық мемлекеттерге тән құқықтың аясында өмiр сүретiн болса, халықаралық жеке құқық бұл жекелеген мемлекеттердiң құқықтық жүйесiнде өмiр сүредi. Мысалы, қазақстандық халықаралық жеке құқық, ресейлiк халықаралық жеке құқық, украиндық халықаралық жеке құқық т.б.

– жоғарыда аталғандардың негiзiнде халықаралық жеке құқыққа анықтама беруге болады. Халықаралық жеке құқық – бұл шетел элементiмен күрделендiрiлген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтiн, мемлекеттiң унификацияланған жеке құқық-тық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесi болып табылады.

Әрине, халықаралық жеке құқықта мемлекеттiң өзiнiң ұлттық құқығының болуы басқа мемлекеттердiң қатысуының жоқтығын бiлдiрмейдi. Бiзге белгiлi болғандай, кез келген мемлекеттiң құқықтық жүйесiнде ұқсас ережелер мен нормалар кездесiп жатады. Бұл түсiнiктi де, дегенмен, құқық бұл мемлекеттiң iшкi юрисдикциясы бола тұрғанымен, құқық жүйесiнде де құқықтардың бiр-бiрiне әсер етуi болып тұрады. Әсiресе, мұндай екi жақты әсер етулер халықаралық жеке құқықта көп кездесiп жатады, өйткенi, ол өзiнiң құқықтық табиғаты бойынша халықаралық қатынастарда жатқан қатынастарды реттеушi.

Халықаралық жеке құқықты зерттеген кезде салыстырмалы құқықтану көп маңызға ие болып табылады. Салыстыру дегенiмiз – бұл түрлi мемлекеттердiң құқықтық жүйелерiндегi институттарды бiр-бiрiне сәйкестендiру болып табылады. Мысалы, шетелдiк тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiкпен айналысуларының құқықтық негiздерi туралы мәселенi зерттеген кезде бiз сол мемлекеттiң құқығына жүгiнумiзге тура келiп отырады, өйткенi бұл негiздер сол мемлекеттiң тиiстi заңнамасында реттеледі.

 

§ 5 Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері.

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзінің түсінігіне өзара байланысты екі элементтер кіреді Біріншіден нормаларға заңи міндеттілік сипатын беру яғни мемлекеттік ерікті білдіру жолы, екіншіден нормалардың сыртқы нысанының сипаты Әр түрлі жүйелерінің қайнар көздерінің ерекшілігі құқықтық реттеудің объектілерінің ерекшелгімен анықталады.Құқықтың қайнар көзі дегеніміз құқықтық нормалары мазмұндалатын ресми нысан Құқықтың қайнар көзі ол нақты заңи істі шешу үшін, құқықтық норманы анықтауға мүмкіндік береді.

Халықаралық жеке құқықта қайнар көздің 5 түрі бар:

1) халықаралық келісімдер; 2) ішкі заңнама; 3) сот және арбитраждық тәжірибе; 4) әдет –ғұрыптар,5) ілімдер.

Ілімде көрсетілген халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің негізгі ерекшелігі оның екіжақты сипатталынуында және теңдей заң күші барлығында: бір жағынан қайнар көздері халықаралық келісімдер және халықаралық әдет-ғұрыптар, ал екінші жағынан ішкі заңи нормалар мен мемлекеттік сот тәжірибесі.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 154 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

АЛМАТЫ 2013 | Ішкі заңнамалар | Б) сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі. | Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы | Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi | Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі | Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау). | Зара түсіністік | Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау | Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав