Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ішкі заңнамалар

Ішкі заңнама -бұл мемлекеттің ең маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Ішкі заңнаманы халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде сипаттама берсек, ТМД -да басқа мемлекеттерге қарағанда мысалы, Австрия, Венгрия,Туркия, Швейцарияда, халықаралық жеке құқықтың мәселесін қарастыратын арнайы заң қабылданбаған, тек осы саланы қарастыратын нормалардан тұратын заң актілері бар.

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде ішкі заңдарды айтқанда мемлекеттің екі тобын айыра білу керек. Екеуінің біріншісінде халықаралық жеке құқықтың арнайы заңы әрекет етеді. Осындай заңдар Австрия, Әзербайжан, Бельгия, Болгария, Венгрия, Венесуэла, Грузия, Италия, Корея, Лихтенштейн, Польша, Румыния, Словения, Тунис, Туркия, Швейцария, Эстония елдерінде, халықаралық жеке құқық туралы Заңдар Луизиана штатында (АҚШ), Квебек провинциясында (Канада) қабылданған.

Осы кешенді заңдар 3 бөлімнен тұрады:

1) Жалпы түсінік (сапаны бағалау, мазмұнды орнату және шетел құқығының әрекет ету аясы, кері сілтеме және т.б.);

2) Кең аядағы қатынаста қолданылатын құқықтың анықтамасы (азаматтық, отбасы, еңбек құқығы саласында);

3) Халықаралық азаматтық іс жүргізу құқығы мәселесі (халықаралық жеке құқықта тиісті істі қарағанда соттардың компетенциясы және басқа да мемлекет органдары, шетел азаматтарының және заңды тұлғаларының процессуалдық құқығы, шетел сот шешімін тану және орындау және б.).

Ал кейбір мемлекеттерде,яғни дамушы мемлекеттерде коллизиялық нормалар азаматтық кодекстерде көрсетілген. Коллизиялық нормалармен қатар, дамушы мемлекетттердің азаматтық кодекстерінде осы мемлекеттердің экономикасын шетел капитал салымдарынан азат ету (Перудің 1984ж азаматтық кодексі) коллизиялы нормалары қосылған.

Көптеген африкалық мемлекеттерде шетел капитал салымдарын құқықтық реттеу мақсатында арнайы инвестициялық заңдар мен кодекстер қабылданған. Инвестициялық кодекстерде аралас кәсіпорындардың құқықтық жағдайы, шетелдік жеке меншікті ұлттандыру ережелері, арбитраж жағдайлары анықталған. Латынамерикалық мемлекеттердегі (Мексика, Анд топтарының мемлекеттеріндегі) шетелдік технологияны иелену жөніндегі заңдар үлкен маңызға ие.

Австрия. 1978 ж (1991 ж. өзгертулермен) халықаралық жеке құқық туралы заңда әртүрлі мәселе бойынша ережелер қамтылған (жеке заң, отбасы құқығы, мұрагерлік құқығы, мүлік құқығы, материалдық игіліктер құқығы, міндеттемелік құқығы, соның ішінде еңбек шарты, зиян келтірудегі міндеттемелік), және де құқықты қолдануға байланысты ережелер, коллизиялық байламды құқыққа бекіту.

Әзербайжан. 2000 ж. халықаралық жеке құқық туралы заңда коллизиялық нормалар қамтылған. Заң келесі тараудан тұрады: жалпы ережелер, тұлғалар, мәмілелер, мүліктік құқық, шартық міндеттемелер, шарттық емес міндеттемелер, м ұрагерлік құқығы, іс жүргізу құқығы саласындағы нормалар заңда қамтылмаған.

Болгария. 2005 ж. Халықаралық жеке құқық Кодексі қабылданған. Ол 124 баптан тұрады.

Венгрия. 1979 ж. Халықаралық жеке құқық туралы Заң қабылданды. Заңның "жалпы ережелері" I тарау – сапаны анықтау мәселесін, кері сілтеме, шетел құқығының мазмұнын бекіту, жария ережелерді реттейді, II тарау – тұлғаларға (азаматтарға, мемлекет құқық қатынас субъектісі ретінде, заңды тұлғаларға) арналған; III тарау – зияткерлік меншік құқығы; IV тарау – меншік құқығы; V тарау – міндеттемелік құқық; VI тарау – мұрагерлік құқығы; VII тарау – отбасы құқығы; VIII тарау – еңбек құқығы; IX тарау – заңдылық мәселесі; X тарау – іс жүргізу ережесі; XI тарау – шетел сотының шешімін тану және орындау, басқа органдары қамтылған.

Венесуэла. 1998 ж. халықаралық жеке құқық заңында жалпы жеке сипаттағы ережелерді және халықаралық азаматтық процесс мәселесі бойынша ережелер қамтылған.

Грузия. 1998 ж. Халықаралық жеке құқық заңында материялдық және коллизиялық нормамен қатар, халықаралық азаматтық процессуалдық құқық нормалары қамтылған. I тарау – жалпы ережелер; II тарау – Грузияның халықаралық сот құзыреті; III тарау – тұлғалар; IV тарау – мәмілелер; V тарау – мүліктік құқық; VI тарау – міндеттемелік құқық; VII тарау – отбасы құқығы; VIII тарау – мұрагерлік құқық; IX тарау – процессуалдық нормалар қамтылған.

Қытай Халық Республикасы. 1999 ж. 15 наурызда шаруашылық шарт туралы Заң қабылданды. 1999 ж 1 қазанда күшіне енді. Ол, Қытай ұймдары арасында да, шетел контрагенттері мен де шарт бекітуге қолданылады. 1986 жылы 12 ақпанда ҚХР-ң Азаматтық құқығының жалпы ережесі қабылданды. Заңда бірнеше коллизиялық нормалар қамтылған: азаматтық әрекет қабілеттілік бойынша құқықты қолдану (143 б.), жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (144 б.), отбасы қатынастары (147 б.), мұрегерлік (149).

Польша. Халықаралық жария құқықтың басты қайнар көзі ретінде 1965 ж. халықаралық жария құқық туралы Заңы болып табылады. Онда азаматтық, еңбек және отбасы құқығы коллизиялық нормалары қамтылған. Осы заңмен қатар, халықаралық жеке құқық саласында бөлек нормалар әрекет етеді, 1962 ж. Әуе құқығы Заңы, 1961 ж. Теңіз құқығы Заңы және басқа актілерде қамтылған. Процессуалдық сипаттағы мәселені 1964 ж. Азаматтық процессуалдық кодекс реттейді.

Францияның 1804 ж. Азаматтық кодексінде шетел азаматтыры құқығына арналған бірнеше баптар бар. Халықаралық жеке құқық саласына байланысты өзге де нормативтік актілер бар.

1995 ж. 31 мамырда итальяндық халықаралық құқық жүйесін реформалау туралы Заң қабылданды.

Кубада құқық қолдану мәселесі бойынша маңызды ережелер 1987 ж. Азаматтық кодексінде және 1975 ж. Отбасы кодексінде жалпы ережелер қамтылған.

1937 ж. Латвияда Азаматтық Заңның әрекет етуі қалпына келтірілді. Онда коллизиялық нормалар қамтылған.

1996 жылы Нидерланды елінде мұрегерлікке байланысты коллизиялық норма туралы заң қабылданды.

Ұлыбританияда да, АҚШ та да осы елдердің ХЖҚ кодификациялайтын арнайы заңдар жоқ. Англо-американдық құқықта сот преценденттері маңызды мәнге ие, бірақ ХЖҚ нормалары қамтылған өзге мәселе бойынша арнайы заңдар шығарылған. (1976 ж. шетел мемлекеттерінің иммунитеттері туралы Заң, 1978 ж. Мемлекеттік иммунитет туралы Ұлыбритания Заңы, 1996 ж. Арбитраж туралы Ұлыбритания Заңы.)

Бірқатар дамушы мемлекеттерде (мысалы, Сирия, Мысыр, Ирак, Алжир, Перу) коллизиялық нормалар азаматтық Кодексте қамтылған.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

АЛМАТЫ 2013 | Жағдай ажыратылады. | Ылым және құқық саласы ретінде халықаралық жеке құқықтың жүйесі. | Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы | Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi | Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі | Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау). | Зара түсіністік | Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау | Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав