Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көп құқықтық жүйелері бар елдің құқығын қолдану

Шетел құқығын қолдану кезінде коллизиялық норма сілтеме жасаған мемлекетте бір емес бірнеше құқықтық жүйе болуы мүмкін. Әдетте ол әкімшілік-территориалдық бөлімдерден тұратын федеративтік құрылымдағы мемлекеттер, мысалы Германия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Швейцария. СССР бар кезінде бұл мәселе республикалардың заңдарының коллизиясы дәрежесінде шешілген.

Р Азаматтық Кодексінің 1092-бабына сәйкес бірнеше аумақтық немесе құқықтық жүйелер қолданылатын елдің құқығы қолданылуға тиіс болған жағдайларда, осы елдің құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады.

Ал ресей заңнамасында егер қай құқықтық жүйе қолданылуға жататынын анықтау қиын болса, аса тығыз байланыс принципі қолданылады. Бұл позиция басқа көптеген мемлекеттердің заңнамасында көрініс тапқан. Заңнамада «интерлокальді коллизиялар» термині қолданылмаса да, доктринада жиі қолданылады. Интерлокальді коллизиялар дегеніміз, әр қайсысы халықаралық сипаттағы жекеқұқықтық қатынастарды реттей алатын бірнеше құқықтық жүйесі бар бір мемлекеттегі коллизиялар. Ішкі мемлекеттік құқықтық жүйелердің мазмұндарындағы айырмашылық мемлекетаралық коллизияларға қарағанда, бір мемлекетке локальді «байланған». Сондықтан, бір шаттың құқығы басқа штаттың құқығынан басқаша болу мүмкіндігін ескере отырып, тараптар американдық құқықты таңдаған кезінде АҚШ құқығы емес, Нью-Йорк штатының құқығы деп көрсеткен дұрыс.

Интерлокальді коллизияларды шешу тәртібі тек ұлттық заңнамаларда ғана бекітіліп қана қоймай, халықаралық конвенцияларда да көрініс тапты. Оған мысал, 2001 жылғы қозғалмалы құрал жабдыққа байланысты халықаралық гарантиялар туралы Кейптаун Конвенциясының 5-бабына сәйкес егер мемлекет мәселені тиісті реттеу бойынша өз құқықтық нормалары бар бірнеше территориалдық бөліктерден тұрса, сәйкес территориалдық бөліктің құқығын таңдау осы мемлекет құқығымен анықталады. Бұл мәселе бойынша норма жоқ болса, осы құқықтық қатынасқа аса тығыз байланысы бар территориалдық бөліктің құқығы қолданылады.

Интерлокальдық қоллизиялардан басқа халықаралық құқықта интерперсональды коллизиялар туралы атап кеткен жөн. Оған, әртүрлі тұлғалар группаларының арасындағы жекеқұқықтық қатынастарды реттеуге арналған бірнеше құқықтық жүйесі бар мемлекеттегі коллизиялар жатады. Әртүрлі критерийлерге байланысты тұлғалар ұйымдасады: дін тұту («мұсылмандар үшін құқық», «иудейлер үщін құқық»), немесе цивилизация дәрежесі («метрополий құқығы», колония болған кезде «туземдіктерге арналған құқық»)

 

 

Пысықтау сауалдары:

1. Қолданылатын құқықты анықтау барысында пайда болған мәселелерді қалай шешуге болады?

2. Заң ұғымдарын саралаудың (құқықтық саралау) түсінігі, түрлері және мақсаты.

3.Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде заңды айналып өтудің салдары қандай?

4.ҚР АК-ға сәйкес қандай жағдайларда коллизиялық нормаларға, ал қандай жағдайларда материалдық нормаларға кері сілтеме жасалады?

5.Жария тәртіп туралы ескертпені қолдану себептері және оны қолдануды шектейтін факторлар.

6.ҚР заңнамасындағы кез келген императивті нормалар шетел құқығын қолдануды шектей ала ма?

7.Өзара түсіністіктің формальді және материалды түрлері заңнамада бекітілген бе?

 

Тарау.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 34 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Б) сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі. | Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы | Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi | Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі | Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау). | Зара түсіністік | Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау | Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай. | Заңында бұл мәселе мүлде қарастырылмаған елдер | Жария тәртіп туралы ескерту |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав