Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық-құқықтық реттеудегі «жеке тұлға» түсінігі

Жеке тұлға ұғымын қарастырар алдында алғаш рет Рим құқығында пайда болған «тұлға» терминін талдап көрейік. Тұлға деп Рим құқығында жеке адамдар мен топтар, басқаша айтқанда заңды тұлғалар танылды.

Техникалық термин «тұлға» яғни persona (латын тілінен аударғанда-маска) құқық қабілеттілікті ерекшелендіру кезінде қолданылатын абсрактілі термин.

Тұлға және меншік-азаматтық құқықтағы белсенді және бәсең бастаулар.

Шынымен, сонау Рим заңгерлері біз қолданып жүрген барлық құқықтар тұлғаға қатысты ие болмаса меншікке қатысты пайда болады деп айтқан. Рим тұлғаны мәртебесіне сәйкес құқықтық жағдайын үшке бөліп қарастырады. Олар status liberitas адамның еркін болуы, status familiae басқа тұлғаның билігіне бағынбауы деген мәртебеге сәйкес тұлғаның құқықтық жағдайын анықтаған.

Рим құқығында да, феодализм кезіндегі цивилистикалық доктриналарда да, «құқық субъектісі» және «тұлға» терминдері сәйкес келмеген, себебі құлдар құқық субъектілігіне ие болмаған және jus civile құқығының да, jus gentium құқығының да субъектісі болып саналмады, ол жай ғана меншік ретінде қарастырылды.

Қазіргі азаматтық құқық адам құқықтарының теңдігін негізге ала отырып, мұндай айырымдарды білмейді бірақ тұлғаның азаматтығына, жасына, отбасылық жағдайына қарап ерекшелейді.

Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын, олардың нақты бір мемлекеттегі құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін сол мемлекеттің ұлттық заңнамасы қолданылады. Мысалы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабына сәйкес жеке тұлға ұғымына Қазақстан Республикасы азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Ал халықаралық жеке құқықта шетелдік азаматтарының азаматтық-құқықтық жағдайына (себебі олар біздің еліміздегі заңмен қатар, өз еліндегі құқықтары мен міндеттерін сақтайды), сонымен қатар азаматтығы жоқ және босқындарға басты назар аударылады. Ары қарай тұлғалардың нақты осы категорияларын шетелдіктер немесе шетелдік азаматтар деп қарастырамыз.

Халықаралық құқық ғылымында шетелдіктердің құқықтық жағдайын «шетелдіктер» категориясына қай тұлғалар кіретіні, «шетелдіктердің құқықтық режимінің» құрамын анықтау арқылы зерттейміз. Күнделікті өмірде шетелдік дегенде ойымызға басқа елден келген адам келеді, бірақ мұндай анықтама бұл терминнің заңды мағынасын ашпайды. Әр мемлекетте шетелдіктерді атауда әртүрлі термин қолданылады. Мысалы, «шетелдік», «шетел азаматы», «азаматтығы жоқ тұлға», «шетелдік тұлға». Осы терминдердің барлығы нақты сол мемлекеттің азаматығына ие емес тұлғаларға қолданылады.

«Шетелдіктер» термині заңнамаларда жеке тұлға категориясын анықтайтын термин, сондықтан бұл категорияға заңды тұлғалар кірмейді. Ұзақ уақыт бойы халықаралық-құқық құжаттарында жеке тұлғаның құқықтық жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар құжаттарда «шетелдік» терминіне ешқандай анықтама берілмеген еді. Тек 1972 жылы қабылдаушы мемлекетінің азаматы болып табылмайтын тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы Декларациясының жобасында «азаматы емес» деген терминді енгізуге талпыныс жасалды, нәтижесінде «шетелдіктер» терминімен ауыстырылды. Соңғы ресми басылымда бұл терминге мынадай анықтама берілді. «Шетелдік» – бұл өзі тұрып жатқан мемлекет азаматы болып табылмайтын тұлғалардың барлығы «шетелдіктер» деп аталады. Бұл анықтамаға сәйкес «шетелдіктер» категориясына басқа елдің азаматтары да, азаматтығы жоқ тұлғалар да, босқындар, саяси эмигранттар да кіреді.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқықтары жөніндегі Декларациясында «азаматы емес» деген термин ұсынылды. Бірақ бұл термин көп сынға алынып «шетелдік» термині қолданылды. Себебі осы термин бүкіл ішкі заңнамалардың талабына сай келеді.

Алайда Испанияда «азаматы емес» деген термин барлық шетелдік тұлғаларға, азаматтығы жоқтарға қолданылады.

Қазақстанда 1977 жылға дейін «шетелдіктер» термині қолданылмаған. Енді бұл термин ішіне шетел азаматтары да, азаматтығы жоқ тұлғалар да кіретін болды, бірақ бұл нақтылық азаматтардың құқықтық мәртебесін теңестіру үшін қолданылмайды. Егер 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен Заңды күші бар «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы» туралы Президенттің I Жарлығына анализ беретін болсақ (2007ж.кейіннен Заң), Конституцияда «шетелдік» және «азаматтығы жоқ тұлға» термині қолданылған, бұл шетелдік термині шетелдік азамат терминімен бір, ал I Жарлыққа сәйкес «шетелдік азаматтар» және «азаматтығы жоқ тұлғалар» терминдері қолданылған. Бәлкім бұл азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесінің ерекше болуынан шығар, бірақ Конституция мен I Жарғы сәйкес келмеді. Кейіннен «шетел азаматтары» термині басқа «шетелдіктер» терминге ауысты.Сонымен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайыда осы нормалар қолданылады. Заңның 3 бабы Қазақстан Республикасы шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаларын бекітеді. Олардың біреуі Конституцияның 12 бабында көрсетілген ұлттық режим қағидасы. «Шетелдіктер» мен «азаматтығы жоқ адамдар» Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады. Ал жарғыда шетелдіктер құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарының құқытарымен салыстырмағандықтан жарғының 3 бабы мағынасын жоғалтады. Екінші қағида – ешқандай дискриминациясыз шетелдіктердің заң алдында теңдігі. Бұл жерде дискриминация жасалудың тізімі берілген, тізімге кірмейтін себептер болса дискриминация жасалына алады деген мағына ма, белгісіз. Үшінші қағида-құқықтар мен міндеттердің бөлінбеуі, тұтастығы. Міндеттердің орындалмауы адамның құқықтарынан айырмайды. Сонымен қатар жарғыда шетелдіктердің халықаралық құқықпен қорғалатын ерекше құқықтары аталмай кеткен. Мысалы, ана тілін сақтау, кез-келген уақытта дипломатиялық өкілдермен байланысу құқытары айтылмаған.

Азаматтығы жоқ тұлғалар бір ғана мемлекет заңына бағынады, оларға реторсия қолданылмайды. Себебі реторсия жауапты шара ретінде белгілі бір мемлекет азаматтарына қолданылады. Азаматтығы жоқ тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Азаматтығы жоқ тұлғаларға қарағанда, шетелдік азаматтар өз елінің тарапынан дипломитиялық қорғау құқығы болады, олар екі заңға бағынады. Олардың әрекет қабілеттілігі қай елдің азаматы болса сол елдің заңымен анықталады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шетелдік азаматтар келесі белгілері бойынша бөлінеді.

1. Қазақстан Республикасының «шетелдіктердің құқықтық жағдайы» туралы Заңында шетелдіктердің 2 категориясы анықталған: Қазақстан Республикасына тұрақты және уақытша келгендер. Бұл байланыс уақытпен анықталмайды, біздің елмен шетел арасындағы құқықтық байланыстың тығыздылығымен анықталады. Осыған орай Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетелдік азамат, уақытша келген азаматқа қарағанда көбірек құқықтар мен міндеттерге ие болады. Олар тұрғын үй, баспана иемденуге құқылы.

2. Қазақстан Республикасының юрисдикциясына бағыну дәрежесіне сәйкес барлық шетелдіктерді 2 топқа бөлуге болады:

а. Қазақстан Республикасының юрисдикциясына толық немесе жартылай бағынатын шетелдіктер (жұмысшылар, туристтер, студенттер).

ә. Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан босатылған шетелдіктер (дипломаттар, мемлекет басшылары, т.б.)

Басқа елдерде шетелдіктер сол мемлекетте тұрған уақытына қарай, келу мақсатына қарай топтарға бөлінеді. Мысалы, Эстонияда 1993 жылы «Шетелдіктер» туралы заңына сәйкес «құқық мирасқор азаматтар», «натурализацияланған азаматтар», «азаматтар емес», «Эстонияда тұратын басқа елдің азаматтары» деп категорияларға бөлінеді.

Осы, мысалда байқалғандай шетелдіктердің құқықтық жағдайын мемлекеттің ішкі (ұлттық) заңымен бекітеді. Мемлекет шетелдіктердің құқықтары мен міндеттерінің көлемін өзі шешеді, бірақ мұны осы салада мемлекеттің шексіз билігі бар деп түсінуге болмайды. Шетелдіктердің құқықтық жағдайын бекіткенде мемлекет халықаралық негізгі қағидаларын, өзі мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарын ұстануы керек.

Біздің ойымызша «шетелдік» ол кез-келген қабылдаушы мемлеттің азаматы болып табылмайтын басқа елдің азаматы, жергілікті юрисдикциядан иммунитеті бар азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады.

 

§ 2. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың классификациясы.

 

Мемлекеттің басты құндылығы - адам. Қоғамның өркениеттілігі, даму дәрежесі адам құқықтарының қорғалу деңгейімен бағаланады. Сондықтан елімізде адам құқықтарын қорғау шараларына айрықша көңіл аудару керек, адам құқықтарын қорғау мәселесі ешқандай дау туғызбауы тиіс.

Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтары мен міндеттері мынандай қайнар көздермен реттелінеді:

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 19 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы» туралы заңы, Қазақстан Республикасы 22.07.2011 жылы қабылдаған «Қазақстан Республикасының көші қон» туралы заңы, Үкімет қаулылары, Сыртқы істер министрлігінің инструкциялары және т.б. құжаттар.

Шетелдіктер тек қабылдаушы мемлекеттер заңнамасына емес, сонымен қатар өз мемлекетеріндегі құқықтар мен міндеттерін сақтайды.

Шетелдіктерді классификациялаудың негізгі мақсаты жеке тұлғаның халықаралық-құқықтық жағдайын анықтау болып табылады.

Шетелдіктер қабылдаушы мемлекетте қалу мерзіміне қарай 2 топқа бөлінеді:

1) қабылдаушы мемлекеттерде тұрақты тұратын;

2) қабылдаушы мемлекетте уақытша тұратын.

Ұлттық заңнамада шетелдіктерді тұрақты және уақытша тұру айырмашылығына қарай бөлуі осы шетелдіктердің әр категориясын мемлекетпен қаншалықты құқықтық байланысы бар екенін анықтау.

Уақытша келген шетелдіктерге қарағанда Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер қабылдаушы мемлекеттің өмірімен тығыз байланысты. Қабылдаушы мемлекетте тұрақты тұратын шетелдіктер мемлекеттің ішкі заңнамасымен белгісіз мерзімге тұрақты тұруға рұқсаты бар, уақытша келіп-кетуге құқығы бар тұлғаларды жатқызамыз.

Болгарияның «шетелдіктердің Болгарияға келу» туралы заңының 3-бабында тұрақты тұратын шетелдіктерге мемлекеттен кету мерзімі көрсетілмеген тұрақты қалуға рұқсаты бар тұлғалар деп жазылған. Тұрақты тұратын шетелдіктер өз мемлекетімен құқықтық байланысына қарай 2 топқа бөлінеді:

Бірінші топ – өз мемлекеттерімен құқықтық байланысы жоқ тұлғалар. Нақтырақ айтсақ, баспана құқығын алған шетелдіктер.

Баспана беру құқығының 3 нысаны бар:

1. Аумақтық баспана беру (басқа елдің аумағында қудаланған азаматқа қорғаншылық беру)

2. Діни (қудаланған тұлғаны діни мекемелерде – шіркеу, мешіттерде тығып ұстау)

3. Дипломатиялық (консулдық және дипломатиялық мекемелерде қорғау)

Бірақ 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Конвенциясында дипломатиялық мекемелер өз қызметінен басқа функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес деп жазылған.

Екінші топ – өз мемлеттерімен құқықтық байланысқа ие және дипломатиялық қолсұғылмаушылық құқығына ие тұлғалар.

1. Өз мемлеттерінен басқа елдерге жұмыс табу мақсатында эмигрантталған еңбекші мигранттар.

2. Қабылдаушы мемлекеттің азаматы мен некеге тұрған, бірақ өз азаматтығын сақтап қалған тұрақты тұратын шетелдіктер.

3. Қабылдаушы мемлекетке өз жанұясына бірге тұрақты тұруға келген шетелдіктер.

Уақытша келген шетелдіктер – қабылдаушы мемлекетке белгілі мерзімге қалуға рұқсаты бар, мәртебесі ішкі заңмен анықталатын, халықаралық құқықтың ықпалы тиетін тұлғалар. Олардың қабылдаушы мемлекетте қалу мерзімі алдын-ала анықталған. Әдебиеттерде оларды классификациялаудың негізгі критерийлері қабылдаушы мемлекет юрисдикциясының таралу дәрежесіне қарай бөлінеді. Осы критерийлерге сәйкес шетелдіктер 2 топқа бөлінеді.

Бірінше топқа – қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан толық дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие тұлғалар жатады. Сонымен қатар, қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан шектеулі дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие тұлғалар жатады. Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар дегеніміз дипломатиялық өкілдіктер мен басқа да халықаралық құқыққа сәйкес қабылдаушы мемлекетте қорғанысқа ие тұлғаларға берілетін құқықтар мен жеңілдіктердің жиынтығы болып табылады. 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Конвенция осы иммунитеттер мен артықшылықтар бекітілген және осы Конвенциямен кепіл етіледі. Иммунитет дипломатқа өз қызметі мен функцияларын жүзеге асыруға және құқықтары мен міндеттерін орындауға жеңілдік береді. Дипломат өз қызметін осы иммунитет негізінде ғана толық жүзеге асыра алады, бірақ дипломатиялық жеңілдіктер мен артықшылықтар оның жұмысын адал атқаруға көмектеседі.

Бұл тұлғалар қабылдаушы мемлекет заңын орындауы тиіс бірақ құқық бұзушылық болған жағдайда олар қылмыстық, әкімшілік, азаматтық юрисдикциядан иммунитетке ие. Халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды мемлекет басшылары, үкімет басшылары сыртқы істер министрлері шетел аумақтарында толық қолданады. Сонымен қатар, елшіліктің қызметкерлері халықаралық ұйымның жоғарғы лауазымды тұлғалары, халықаралық ұйымдардағы дипломатиялық құрамындағы өкілдер де толық иммунитеттер мен артықшылықтарға ие.

Халықаралық тәжірибеде шектеулі иммунитеттер мен артықшылықтарға ие тұлғалардың саны да аз емес:

-дипломатиялық өкілдіктерде – әкімшілік-техникалық жұмысшылар және қызметші жұмысшылар (тек қана азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан иммунитеті бар)

-сауда өкілдіктерінде – әкімшілік-техникалық және қызметші жұмысшылар;

-консулдық мекемелерде – барлық қызметкерлер;

-халықаралық ұйымдарда – жоғарғы лауазымды тұлғалардан басқа ұйымның барлық қызметкерлері;

-халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілдіктерінде дипломатиялық өкілдіктердегі қызметкерлер категориясы;

-халықаралық конференциялары мен ұйым органдарының жұмысына қатысуға жіберілетін мемлекеттердің делегацияларында – дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлер, қызметші жұмысшылар;

-шектеулі иммунитетпен шетелдік әскери қызметкерлер де қолданады.

Екінші топқа – қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан иммунитеттерге ие емес уақытша келген шетелдіктер жатады. Олар шетелдіктердің ең көп топтарын құрайды. Оларды категорияларға классификациялаудың негізгі критериі – келу мақсаты болып табылады. Келу мақсатына қарай халықаралық құқықтық тәжірибеде 4 негізгі топқа бөлінеді:

1. Қызмет бабымен;

2. Туризм мақсатымен;

3. Жеке жұмыстарымен;

4. Қабылдаушы мемлекеттен транзит арқылы өту.

Бірінші категорияға:

а) шетелдік оқушылар, іссапарға келген шетелдіктер, өндірістік практиканы өтуге және квалификациясын көтеруге келген шетелдіктер;

ә) қабылдаушы мемлекетке щарт бойынша жұмыс істеуге келген шетелдік жұмысшылар және қызметкерлер;

б) жарыстарға, гастрольдерге, съездерге, жиналыстарға, симпозиумдарға өкілдік ету мақсатымен келген шетелдіктер;

в) халықаралық әуе жолдарындағы әуе, теңіз кемелерінің экипаж құрамындағы мүшелер;

г) автомобиль және темір жол көліктерінің жұмысшылары. Олар өздерінің жұмыстарын орындау үшін басқа мемлекеттің шекарасын кесіп етуге мәжбүр.

Екінші категорияға жататындар: - туристер. 1989 жылғы туризм туралы Гаага Декларациясының 4-бабында шетелдік туристердің белгілері көрсетілген:

а) өздерінің тұрғылықты тұратын мемлекетінен басқа елдерге саяхат мақсатымен баруы;

ә) басқа елде үш айдан аспайтын мерзімге қалуы, мерзімді ұзартуға рұқсат алған жағдайларды қоспағанда;

б) қабылдаушы мемлекетте пайда көру мақсатында, мұндай жағдай ұсынылып, ұсынылмағанына қарамастан жалақы төленетін жұмыс атқармауы;

в) келу мақсаты біткенде өз еліне немесе басқа елге қабылдаушы мемлекеттен міндетті түрде кетуі.

Жеке жұмыстармен қабылдаушы мемлекетке келген тұлғаларға әдетте жанұясын, туыстарын көруге, құқықтық және әлеуметтік мәселелерді шешуге келген шетелдіктерді жатқызамыз. Транзит арқылы өтетін жолаушыларға қатысты әртүрлі елдердің ұлтық заңнамаларында аса айырмашылық жоқ.

Айырмашылық тек мемлекеттен өту мерзімінде ғана. Мысалға Болгария елінің заңында транзиттік жолаушы мемлекеттен сағаттан аспайтын уақытта кететін шетелдіктерді жатқызады.Басқа елдердеде осыған ұқсас анықтама берілген.

Екі азаматтылық заңдарға сәйкес бір тұлғаның екі немес одан да көп мемлекеттердің азаматы болып танылатын жеке тұлғаның құқықтық жағдайы.

Азаматтық жоқтық бір тұлғаның ешқандай мемлекеттің азаматы болып танылмайтын жеке тұлғаның құқықтық жағдайы.

Халықаралық құқыққа сәйкес екі азаматтылық және азаматтылықтың жоқтығы мүмкін емес, себебі осы екі жағдайда да жеке тұлға мемлекетаралық қатынастарда өзіне тығыз байланыс елдің азаматы болып танылады деген пікірлер бар. Екі азаматтылық пен азаматтығы жоқтарды халықаралық құқық мойындайды себебі ол бұл жағдайға тыйым салмайды деген де пікір бар.

Екі азаматылықты және азаматтығы жоқтылықты азайту немесе жою мақсатында мемлекеттер тиісті заңды акт қабылдайды немесе мүдделі мемлекеттермен халықаралық шарттар бекітеді. Соңғы шара тиімдірек себебі, ешқандай заңды акт азаматтарға қатысты заңдар коллизияларын жоюға кепіл бере алмайды. Мұндай актілер бір жақты, сондықтан басқа мемлекеттердің заңнамаларының өзгеруін жобалай алмайды.

Екі азаматтылықтың пайда болуының негізгі қайнар көзі туылған кезде азаматтықты алу жағдайын реттейтін заңдардың коллизиялары болып табылады. «Қан құқығы» қағидасын ұстанатын және «жер құқығы» қағидасын ұстанатын заңдарға қарасты коллизиялар көп кездеседі.

Көптеген мемлекттер осы екі қағиданы ауыстырып оның орнына азаматтықты адамның білім алған, тәрбие алған немесе тұрақты тұратын оның ата-анасы тұрақты тұратын жеріне байланысты беруді ұсынды.

Бұл жағдай қиындықтар туғызады. Жеке тұлға азаматы болып табылатын немесе одан көп елдер арасында сол тұлғаның азаматтылығы туралы дау туу мүмкін. Екіншіден үшінші мемлекет екі азаматтылығы бар жеке тұлғаның қай мемлекеттің азаматтылығына бағыну керек екенін бір белгілер бойынша шешуі тиіс.

Әдетте, сот «тиімді азаматтылық» қағидасына негізделеді. Егер сотқа азамат басқа елдерге қарағанда көбірек фактылік байланыстырақ болса талап қанағаттандырылады. Ал егер азамат талап қойып отырған мемлекетпен басқа мемлекеттерге қарағанда байланысы тығыз болмаса талап орындалмайды. Бұл қағида 1957 жылы 15 мамырда италиян-американдық комиссия италияның да, американың да азаматтығына ие тұлғаға зиян құнын қайтару ісінде қолданылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық комиссиясының 6 сессиясында «тиімді азаматтықтың» келесі белгілерін атады.

а) азаматы болып табылатын елде өмір сүруі;

ә) егер ол 3 елде тұрса азаматы болып табылатын елдердің қайсысында көбіне тұратындығы;

б) егер бұл белгілер болмаса әскер міндетін атқарған мемлекет, саяси құқықтармен қолдануы, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі, қозғалмайтын мүлікке ие болуы, бұрын дипломатиялық қорғаныс сұрау жағдайына, тіліне қарап анықтауға болады.

Азаматтығы жоқ тұлға ешқандай мемлекетте толық саяси, азаматтық құқықтарға ие болмайды, оның жалпы құқық қабілеттілгі әрқашанда шектеулі.

Екі азаматтығы бар тұлға мұндай жағдайда емес.

Адам туылғанда азаматтығы жоқ болуы мүмкін. Мысалы, ата-анасының азаматтығы жоқ, ал бала «қан құқығын» ұстанатын мемлекет туылса, некеге тұру барысында азаматтығын жоғалту жағдайында пайда болуы мүмкін. Мысалы, Лихтенштейннің «Азаматтық туралы» заңының 20 бабында «Егер әйел шетелдікке тұрмысқа шықса, ол Лихтенштейн азаматтығын жоғалтады». Егер әйел күйеуінің азаматтығын алмаса, ол азаматтығы жоқ тұлға болып саналады. Сондықтан мемлекеттер жалпыға бірдей халықаралық қағидаларымен негізгі адам құқықтарын орындау керек.

Адам құқық жөніндегі Декларацияның 15 бабынды «Әр адам азаматтыққа құқығы бар. Ешкімді өз азаматтығынан айыруға немесе азаматтығын ауыстыру құқығынан айыруға болмайды»

«Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі» туралы Конвенцияның (1954 жылғы 28 қыркүйек) 1 бабынды азаматтығы жоқ тұлғаларға «ешқандай мемлекетте заң бойынша азаматтылығы жоқ тұлға» деп анықтама берілген.

Бұл Конвенция мына тұлғаларға қолданылмайды:

а) тиісті органдармен Біріккен Ұлттар Ұйым мекемелерінен көмек алып жатқан тұлғаларға;

ә) қабылдаушы мемлекетке келмес бұрын бейбітшілікке қарсы қылмыс бүкіл азаматқа қарсы қылмыс не болмаса саяси емес қылмыстар жасады деп, Біріккен Ұлттар Ұйымы қағидаларымен, мақсаттарына қайшы әрекет жасаған адамдарға да қолданылмайды.

Конвенцияның 3 бабы азаматтығы жоқ тұлға қабылдаушы мемлекеттің заңын құрметтеуі керек.

Кейбір авторлар тұлғаның құқықтық мәртебесін олардың қоғамдағы заңы бекітілген жағдайы, кейбіреулері заңда бекітілген жеке тұлғаның субъективті құқықтар мен міндеттеріне сілтеме жасайды, немесе осы тақырыпта зерттелген категорияларға берілетін құқықтар мен міндеттерін айтады.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 54 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы | Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi | Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі | Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау). | Зара түсіністік | Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау | Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай. | Заңында бұл мәселе мүлде қарастырылмаған елдер | Жария тәртіп туралы ескерту | Императивтік нормаларды қолдану |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав