Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншік құқығындағы Ұлттандыру мәселесі

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы меншік проблемалары әр түрлі. Олар тек меншік қатынастарындағы коллизиялық мәселелерді шешуін ғана қарастырмай, сонымен қатар ұлттандыру, табиғи ресурстарды өңдеудегі шетелдік капиталдың қатысуы, шетелдік инвестициялардың режимі мәселелерін де қарастыруы қажет.

Ұлттандыру” термині мемлекеттендіру ұғымын береді, яғни жеке меншіктегі мүлікті тартып алып, мемлекеттің меншігіне өткізу дегенді білдіреді. Ұлттандыру нәтижесінде мемлекеттің қарамағына тек жекелеген объектілер емес, экономиканың тұтас салаларын өтеді. Ұлттандыруды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің жалпы іс-шаралары ретінде конфискация және экспроприяциядан ажыратуы жөн. Экспроприация дегеніміз, мемлекеттің меншігіне жекелеген объектілерді өткізу бойынша шаралар болса, конфискация деп, жекелеген тәртіпте жазалау шарасын айтамыз.

Ұлттандыру процесі халықаралық жеке құқық теориясы мен практикасында қызықты, әрі глобалды кезең болып табылады.

 

· Ұлттандырудың халықаралық жеке құқықтағы теориясы мен практикасындағы түсінігі;

· Шетелдік және ұлттық меншік иелерінің меншікті ұлттандыру жөніндегі мәселелері;

· Ұлттандыру актілеріндегі қайтымды және қайтымсыз өткізілу мәселелері;

· Ұлттандыру процесі кезінде дауларға қолданылатын құқық;

· Шетел меншік иелеріне экспроприация және ұлттандыру кезінде кепілдік беру.

 

Г.К. Дмитриевский ұлттандыру жөнінде былай жазады: «Ұлттандыру– мемлекеттендіру, яғни жеке мүлікті мемлекет меншігіне алу болып табылады[8]». Үлкен энциклопедиялық сөздікте былай деп түсіндіріледі: «Ұлттандыру – жеке кәсіпорындарының және экономика саласының мемлекет меншігіне түрлі жолдармен өтеуі: қайтарымсыз экспроприация негізінде, толықтай немесе белгілі бір бөлігін сатып алу, майда меншіктерді көшірмелеу кезінде мемлекет меншігіне алу[9]».

Ұлттандырудың сипаты ол кіммен және қандай мақсаттарда жасалғанына байланысты. 1917-1920 жылдарда кеңес мемлекетімен жерді, банктерді, өндірістік және сауда кәсіпорындарын ұлттандыру жүргізілген.

Жиырмасыншы ғасыр үлкен өзгерістер дәуірі болды. 1918 жылдан бастап жеке меншік мүліктерін ұлттандыру мен экспроприациялау ағымы өтті. Оған мысал ретінде Франция және Ресейді қарастыруға болады.

Францияда ұлттандыру өзіне тән ерекшеліктерімен өзгешеленді. Онда ұлттандырудың екі ағымы болды. Бірінші толқын 1918-1920 ж.ж. Германиямен бейбітшілік жөніндегі келісімнен кейін Франция Саардағы көмір қазбалары, Эльзастағы калий жер қазбасы, Арастағы мұнай орнын басқаруға мүмкіншілік алады. Сол себепті бұл ағым қайтарымсыз негізде болды. Шарт негізінде болғандықтан шетел меншік иелері тарапынан ұлттандыру кезінде ешқандай претензия болған жоқ. Келесі этап екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өндірісті ұлттандыру болып табылады. Сол кезеңдегі ұлттандыру ұлттық - азаткер қозғалысы кезеңінде болды. Франциядағы ұлттандырудың екінші ағымы қайтарымсыз негізде болды.

Францияда 1946 жылы ұлттандыру процесі көмір өнеркәсібі, электростанция, 45 үлкен компаниялар, Алжир банкінің мемлекеттендіруімен жалғасын тапты. Ұлттандырылған өнеркәсіп орындарының бұрынғы иелеріне 1944 жылғы түсіп тұрған табыстары дивидент ретінде беріліп тұруына мемлекет кепілдік берді. Сонымен Франциядағы ұлттандыру процесі уақытылы компенсация мен дивидент төленуі арқылы өтті.

Келесі ұлттандыру процесі қайтарымды негізде болды, яғни ұлттандырылған меншік иелеріне уақытылы «адекватты компенсация» беріліп отырды, тек нацистік Германия меншік иелерінен басқа.

Ұлттандыру ағымы 1918-1920 ж.ж. КСРО мемлекетінде жүрді, соның ішінде Қазақстанда да. 1917 жылы 8 қазанда Екінші Бүкілресейлік жұмысшылар мен солдат депутаттарының съезінде жерге меншік құқығын жойып, жерді бүкіл халықтікі делініп және оған бақылап, қадағалау жүргізілді.

Кеңестік Ресейде және Қазақстанда жеке меншікті ұлттандыру шетел меншік иелерімен де, отандық меншік иелерімен де қайтарымсыз негізде «Экспроприаттардың экспроприациясы» ұранымен жүргізілді[10].

Меншікті ұлттандыру кезінде жаңа меншік иесімен ескі меншік иесі арасында жанжалдар, келіспеушіліктер туындады. Ол компенсациялық төлемдер мен дивидент үшін болды. Көрініп тұрғандай шетел мемлекеттерінде бұл қадам оңтайлы жағымен көқрінбеді. Сондықтан да Кеңес Үкіметі бірінші болып ұлттандырудың қайтарымыз негіздегі кемшілік проблемасын халықаралық аренада қозғады. Бұл дауда жүргізілген ұлттандыруда мемлекеттің өздерінің шешуі қажеттігі жайында айтылды. Бұл мәселе тек жиырмасыншы ғасырдың 50-70 ж.ж. шешілді.

1956 жылы Египет үкіметі Суец каналын ұлттандырды, яғни ол Египет үкіметінің 1956 жылғы 26 шілдедегі Декрет бойынша мемлекет меншігіне берілді. Оның барлық құқықтары мен міндеттері, мүлкі мемлекет иелігіне өтті. Акционерлер өзіне тиесілі Париж биржасындағы құнды қағаз негізінде орнын толтырып отырды. Египет үкіметінің осы акциясы басқа тараптар жағынан, яғни Англия, Франция және Израиль жағынан ыза тудырды. Тап осы кезеңде халықаралық бірлестікте мемлекеттердің ұлттық егемендігі жөнінде концепция қабылданды. Концепцияда мемлекеттің өз табиғи ресустарына иелік ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар ұлттандыру процесі кезінде ұлттық үкіметтер өз табиғи ұлттық байлықтарына мүмкіндік пен иелікке ие.

Ұлттандыру бойынша шаралар, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде жүргізілген. Социалистік ұлттандыру ұлттандырылған мүлікте жеке меншік құқығы жойылып, оның орнына принципиалды түрде жаңа социалистік меншік құқығының келгенін білдіреді. Кейіннен ұлттандыру колониялық тәуелділіктен азат болған жас мемлекеттердің экономикалық тәуелсіздікке жету күресінде маңызды құралға айналды. Нақтылы жағдайларға байланысты мемлекеттік секторды ұлттандыру жолымен құру процесі бұл елдерде әр түрлі жүрген: біреулері шетелдік капиталға жататын меншікті ғана ұлттандырса, келесілері жергілікті жеке капиталға қол сұққан.

Жеке меншікті, оның ішінде шетелдіктердің иелігіндегі меншікті ұлттандыруға әр мемлекеттің құқығы халықаралық құқықтың жалпы таныған қағидасы – мемлекеттің егемендігі принципінен туындайды. Ұлттандыруды жүзеге асыру – мемлекеттік егемендікті көрсетудің бір нысаны болып табылады.

Әр мемлекет егемендігіне сәйкес өзінің саяси және экономикалық жүйесін, өзінің меншік құқығының жүйесін өзі белгілейді. Мемлекет меншік құқығының сипаты мен мазмұнын, оны иемдену, өткізу және тоқтату тәртібін өз бетінше белгілеуге ерекше құқыққа ие.

Өзінің табиғи ресурстары мен байлықтарына еркін иелік етуге құқықты қамтитын мемлекеттің ұлттандыруға құқығы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірқатар резолюцияларында бекітілген. Мысалы, 1952 жылғы 21 желтоқсандағы VII сессиясында «Табиғи ресурстар мен байлықтарды еркін пайдалану құқығы туралы» №626 резолюциясын қабылдаған. Мұнда «халықтардың өз табиғи байлықтары мен ресурстарын еркін пайдалануға құқығы оның ажырамас егемендік құқығы болып табылады және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес келеді» делінген. Резолюцияда БҰҰ-ның барлық мүше мемлекеттеріне басқа мемлекеттердің табиғи байлықтары мен ресурстарына егемендік құқығын жүзеге асыруға кедергі жасауды мақсат ететін кез-келген тікелей немесе жанама түрдегі әрекеттерден ұстануын ұсынылған. Сонымен қатар резолюцияда мемлекеттердің шетелдіктердің меншігін ұлттандыруға құқығын шектейтін қандай да бір ережелер жоқ. Ұлттандыру мемлекеттің ішкі құзыретіне жататындықтан, ешбір халықаралық орган шетелдіктердің меншігін ұлттандыру бойынша шараларды талқылай алмайды.

Халықаралық жария құқық мемлекеттің ұлттандыруды жүргізу құқығын таниды, алайда ол мемлекет пен жеке және заңды тұлғалардың арасында пайда болатын меншік қатынастарын реттемейді және реттей алмайды. Ұлттандыруды жүргізу шарттары халықаралық құқық емес, ұлттандыруды жүргізіп отырған мемлекеттің ішкі құқығымен анықталады.

Ұлттандырудың құқықтық табиғатына тән белгілер: біріншіден, ұлттандырудың кез-келген актісі мемлекеттік биліктің актісі болып табылады; екіншіден, бұл жекелеген тұлғаларды жазалау жөніндегі шара емес, жалпы сипаттағы әлеуметтік-экономикалық шара; үшіншіден, ұлттандыру меншіктің кімге жататындығына қарамастан жүзеге асырылады; төртіншіден, ұлттандыруды жүзеге асыратын әрбір мемлекет ұлттандырылған меншікке қатысты шетелдіктерге компенсация төлене ме және төленген жағдайда қандай мөлшерде берілетінін өзі анықтайды.

Сонымен бірге, мемлекет, инвестицияны өзара қорғау туралы халықаралық келісімнің тарабы бола тұра, капитал салымдарды мәжбүрлеп тартып алуды, соның ішінде ұлттандыру, реквизиция, әкімшілік тәртіптегі тәркілеу жолымен жасалатын шараларды жүргізбеуге міндеттеме ала алады. Бұл келісімдерде мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қажет болған жағдайдағы шетелдік капитал салымдарды ұлттандыру кезінде компенсация төленеді деп көзделген. Ол негізсіз ұстап қалынбауы, конвертирленуі және бір территориядан екінші территорияға еркін өтуі тиіс.

Ұлттандыру туралы заңдар экстерриториалдық күшке ие, яғни олар оны қабылдаған мемлекеттің шегінен тыс та танылуы керек. Бұл дегеніміз, ұлттандыруды жүзеге асырған мемлекет ұлттандыру кезінде оның территориясында және шетелде орналасқан мүліктің меншік иесі ретінде танылуы тиіс.

Қазіргі кезде бірде-бір Батыс елдерінің сот тәжірибесімен және құқықтық доктриналарымен ұлттандыру кезінде ұлттандыруды жүзеге асырған мемлекеттің территориясында орналасқан және кейіннен сыртқы сауданы жүргізу тәртібінде, көрмелерге экспонат және өзге де мақсаттарда сыртқа шығарылған мүлікке қатысты ұлттандыру туралы заңның экстерриториалдық күші дауланбайды.

Әр мемлекетте коллизиялық нормаларды қолдану күшіне сәйкес, меншік құқығының пайда болуы мен ауысуы сәттері lex rei sitae қағидасына сәйкес анықталады. Яғни, шетел соты ұлттандырылған мүлікке қатысты мәселені қарастырғанда ұлттандыруды жүргізген елдің заңын қолданады.

Ал ұлттандыру кезінде шетелде орналасқан мүлікке мемлекеттің меншік құқығын тану Батыс елдерінің сот тәжірибесінде басқаша көзқарастар туғызды. Соттар бұл жерде меншік құқығын иемдену тек мүліктің орналасқан елінің заңымен анықталады дегенге сілтеме жасайды.

Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің оның жеке және заңды тұлғаларының мүлкін ұлттандыруын тануы кейінгі кездерде халықаралық тәжірибеде халықаралық келісімдердің пәніне айналды. Мұндай келісімдерде ұлттандыруға қатысты өзара мүліктік претензиялар реттелуі мүмкін. Мысалы, осы саладағы кеңестік келісімдік-құқықтық тәжірибедегі ең алғаш келісім – 1922 жылы 16 сәуірде Рапалло қаласында бекітілген кеңес-германдық келісімі. Келісімге сәйкес, Германия, егер РСФСР басқа мемлекеттердің осыған ұқсас претензияларын қанағаттандырмайды деген шартпен, Кеңестік Ресеймен оның азаматтарының мүлкіне қатысты ұлттандыруды қандай да бір конпенсацияны талап етпестен претензия қоюдан тікелей бас тартты.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 169 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Заңды тұлғалардың ұлты мен статуты | Заңды тұлғалардың жеке статутын анықтаудың негізгі доктриналары | Азақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы | Халықаралық заңды тұлғалар | Мемлекет иммунитетiнiң түсiнiгi мен элементтерi. | Халықаралық жеке құқықта мемлекет иммунитетiнiң теориясы. | Мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі. | Сот тәжірибиесіндегі мемлекет иммунитетінің қағидасы. | Mемлекеттердің иммунитеті және меншігі туралы ұлттық заңнамалар | Меншік құқығының түсінігі |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав