Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лизинг операциясының техникасы (2 схема).

 


 

 

4 6

 

 

1) Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелі келісім шарт жасалып, несие беріледі;

2) Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтауға төленеді.

3) Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.

4) Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын лизингтік келісім шарт жасалады;

5) Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;

6) Лизинг алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;

7) Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Мұндай лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

 

ЛТ=АА+НТ+КТ+ҚТ+ҚҚС

 

мұндағы,

ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы аммортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурстары пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ – лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті берген үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизинг алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

Аммортизациялық аударымдар (АА) соммасының формуласы:

 

БҚ х На

АА =

 

мұндағы,

БҚ – мүліктің баланстық құны;

На – амортизациялау нормасы, (%).

 

Несиелік ресур үшін (НТ) формуласы:

 

НР х Нс

НТ =

мұндағы,

НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

Нс – несие үшін сыйақы мөлшері;

 

 

Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:

 

Қб - Қа

НР =

мұндағы,

Қб – мүліктің жыл басындағы құны;

Қа – мүліктің жыл аяғындағы құны.

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы

 

НР х Қс

КТ =

мұндағы,

Қс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

 

Банктің қосымша көрсеткен қызметтер үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

 

ҚТ = Ші+Шқ+Шж+Шб

 

мұндағы,

Ші – банк жұмыскерлерінің іс сапар шығыстары;

Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

Шж – банктің жармасына кеткен шығыстар;

Шб – басқа да шығыстар.

 

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым ссудалардың мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

· Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, сол себепті ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Мынандай жол арқылы жүзеге асады: лизингтік мәмле жасалған мерзімі бойынша, лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалып лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды

· Лизинг 100 % -ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

· Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан кейін лизинг бойынша алған қолайлы, себебі бұл жерде мүлік кепіл ретінде болады:

· Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.;

· Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенін мақсаты пайдаланушыны ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операциялары тән кемшіліктер мыналар:

· жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлауына (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды.

· Ұйымдастырудың күрделілігі;

· Лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақта ескірген құрал жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орынын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік мәмілелер. Лизинг мәмілелері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 565 б қарастырылған. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш мәміле жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында[1].

Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, контагентін соныңда құрал-жабдықтың қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуы тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандыру полюсінің куәләндырылған көшірмесін береді.

Іс жүргізуде кез келген лизингтік мәмілі мынадай элементтерді қамтуға тиіс объектісі; жадау мерзімі; лизингке алу мерзімі лизингке берушінің меншіктік құқығы тәуекелдер жауапкершілік техникалық кепілхат; құрал-жабдықтарды пайдалану; күту, жөндеу және жаңарту; зиян; қолайсыз жағдайлар сақтандыру лизингтік төлемдер комиссиялар; төлемді кешіргені үшін пения, сатып алу мүмкіндігі даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру; кешіктіру шарты; қажетті ақпаратты беру міндеттемесі; тараптардың қолдары орналасқан жері қосымша сипаттама; қалдық құнын кепілдеу; банктердің кепілдемесі.

Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық өнімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылады.

Факторинг. Факторинг қаржы лизингі сияқты банктік қызметте қолданылатын мәміленің және коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметтің бір түрі болып табылады. Факторинг мәмілесінің түрі англо-саксондық елдерде ең алғаш рет пайда болды. Факторинг алғашқы кезде Х1Х ғ аяқ кезінде 1889 ж Англияда және кейіннен АҚШ-та ең алғаш рет қолданылды.


Қазіргі таңда факторинг өнеркәсібі жағынан дамыған Баыс Еуропа елдерінің банктік қызметтерінде кең тараған және Қазақстанның банктік қызметінде үлкен қолданысқа ие.

Батыс елдерінде факторинг операцияларын арнайы мамандырылған корпарациялар жүзеге асырылады және банктік операциялардың ең танымал түрі болып танылады. Факторинг операцияларын бүгінгі көлемі (ішкі және хықаралык фкторингті қосқанда) мынадай:Еуропа 56 %, Америкада – 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдерде – 13 % және Африкада 1%.

Шетел факторингі - бұл ұқсас және компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар нысанындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда – комиссиондық операциялардың бір түрі. Бұл жерде факторинг компания клиенттің шотын 90 % дейін төлеу шартымен сатып алады.

Факторинг - бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзіміне басты көңіл аударылады. Факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзіміне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

Факторинг – жабдықтаушы – клиенттің жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот – фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция. Сонымен қатар қазақстанның банк және банктік қызмет туралы заңының 3 бабына сәйкес – банктік қызмет қатарына факторинг операциялары жатады.

Нарық экономикасы дамыған елдерде факторинг компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:

1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) - өздерінің клиенттерінің шот – фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компанияисымен келісім - шарт жасасуды өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 3 схемада көрсетілген [1].

 

Факторинг мәмілесі жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізілген. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі бірінші – екінші апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.

 

 

Факторинг ұйымдастыру сызбасы (3 схема)

Факторинг компания (банктің факторинг бөлімі)

Өнімді төлеу Құжа заттарды төлеу

 

 

Төлем құжаттарын Төлем қабілетін (несиелік

сатып – алу қабілетін талдау)

 

Жабдықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы

 

Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілген барлық шот – фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот – фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот – фактура соммасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімге несиелер нарығы) мөлшерлемеден 1 – 2 % - дай жоғары болып келеді.

Факторинг операцияларының жүзеге асырылуы негізіне факторинг туралы мәміле жатады. Онда факторинг операцияларының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сомма, өтеу сый ақысының мөлшері, факторинг мәмілесін бұзу жағдайлары және тараптарын ойлары бойынша басқада мәмлілер.

Сонымен қатар, онда талаптарының өздеріне алған міндеттемелерін орындамай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктерді қарастырылады. Ондай жағдайларда тараптар бірінің алдында жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушыдан банк материялдық жауапта болып табылады.

Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфеденциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиенің сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызымет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент – кәсіпорынға өндіріспен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзгеде коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп 90 жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызыметінің банктер үшін тиімділігін айқындап, нәтежесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін операцияларға салғырттық танытуды.

Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 жылы халықаралық факторинг туралы конвенция бекітіген. Халықаралық факторинг туралы кез – келген мәміле төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

· Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

· Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

· Борышқордан ақшалай қаржы алу;

· Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары. Факторинг операцияларыбанктер және арнайы ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялар түрлері 4 – ші схемада көрсетіледі.

Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтын ескере отыру қажет:

· Жеке тұлғаларын қарыздық міндеттемемелері бойынша;

· Бюджеттік мекемелердің қойылатын талаптары бойынша;

· Банктік несиелеуден алынып тастаудан немесе төлем қабілеттіліксіз деп таныған кәсіпорындар мен ұйымдарын міндеттемелер бойынша.

· Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттеме бойынша

Факторинг, негізінен, жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай ақ оның сатып алушыларының төлем қабілеттеріне үздіксіз бақылауды білдіреді.

 

Факторингтік операциялар (Схема 4)


Қарыз бойынша талаптарды алдын ала төлеу

       
 
Несиелік тәуекелден сақтандыру
 
Жабдықтанушы-ның есебін ұйымдастыру


Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингке берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етеді. Жабық факторингке берешекке факторингтік келісім щарттың болуы туралы айтып жеткізеді.

Форфейтинг. Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтары қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал форфейтингке несие беру мерзімі не бары 6 айды құрайды.

Форфейтинг сөзі француз тілінде “ a forfait”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Форейтинг тауарды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруі тиіс. Егер вексель берушінің беделді немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенменде импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлға) табады. Осы жерде басты мән берілетін мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде 3 қатысушы болады:

· Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

· Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

· Форфейтор, яғни мәміле қаржыландырушы банк немесе арнай ұйым.

Форфейтор мәмілесі 5 схемада берілген.

Форфейтор мәмілесінің техникасы (5 схема)

Импортер
Экспортер
1


4 5

Форфейтор - банк


мәмілеге сқатысушылар арасында келісім—шарт жасалады:

1) тауарларды несиеге береді;

2) аудармалы вексельді (5-6 жылға) жасап береді;

3) аудармалы вексельді қайта сатады;

4) аудармалы вексельді қайта сатады: аудармалы вексельді есепке алып, оның 70 %-дай мөлшерінде банк ссуда береді;

5) мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;

6) вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер,форфейтор-банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды.Сонымен бірге осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор – банк несиелік талдау жүргізеді.Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальды беруін, яғни 3-ші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг механизімін мынандай 2 мәміле түрінде пайдаланылады:

1) Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

2) Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейі аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынандай артықшылықтары бар:

· Вексельді-форфейтор – банк сатып алғаннан кейін, экспортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешіктіреді;

· Уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма-қол акшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарды жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;

· Пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;

· Құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдылығы;

· Форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс табады.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдерінде алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швецраия алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция маңыздыболғанмен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты және т.с.с.

Форфейтингтеуге әдетте, сауда тратталары (аударма векселі) немесе жай вексельдер қабылданады.

Форфейтингтнгі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтерінене мыналар жатады:

· Еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР – Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);

· Импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5 – тен 6% - ға дейін жылдық мөлшерінде аутқиды;

· Несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары)0,5 % - ға дейін жылдық);

· Міндеттеме үшін алынатын комиссия (1 – 1,5 % жылдық)

 

Пысықтау сауалдары:

1. Сыртқыэкономикалық мәміленің түсінігі және ерекшелілігіі

2. Мәміле, шарт және контракт ұғымдарының арақатынасы

3. Сыртқыэкономикалық мәміленің жаңа түрлері

 

Тарау




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Меншік құқығындағы коллизиялық мәселелері | Меншік құқығындағы Ұлттандыру мәселесі | Шетел инвестициясын реттеу мәселесі | Азақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды аймақтық және көп жақты реттеу | Халықаралық сипаттағы шарттық міндеттемелердің түсінігі | Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты және орны | Міндеттемелік статут | Олданылатын құқықтың түсінігі. | Тараптардың еркі | Аса тығыз байланыс заңы – proper law және басқа коллизиялық ережелер |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.021 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав