Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық есеп айырысу саласындағы халықаралық әдеп-ғұрыптардың унификациялануы.

 

Халықаралық есеп айырысу ережелерінің унификациясы: Халықаралық сауда палатысымен 30-ы жылдары құжаттық аккредитивтер үшін, ал 50-ы жылдары инкассолық операциялар үшін жүзеге асырылған болатын. Яғни, халықаралық коммерциялық қатынастардағы есеп айырысудың 3 негізгі нысандарынан екеуінің реттелуі арнайы халықаралық құжаттарда кодификацияланбаған халықаралық әдеп-ғұрыптармен жүзеге асырылады.

Тек банктік аударылымдарға қатысты бірыңғай унификацияланған акт жоқ: бұл есеп айырысу нысаны ерік автономиясына байланысты тараптармен таңдалған немесе коллизиялық нормалармен сәйкес қолдануға тиесілі ішкі мемлекеттік құқықпен реттеледі. Қазіргі кезде «Құжаттық аккредитивтер үшін унификацияланған Ережелер мен әдеп-ғұрыптар» (1993ж) және «Инкассо бойынша унификацияланған Ережелер» (1995ж) әрекет етеді.

1993 жылғы Ережелері әдетте сыртқыэкономикалық мәмілелерді жасасуда тараптармен қолданатын және әртүрлі мемлекеттердің тәжірибесінде қалыптасқан халықаралық әдеп-ғұрыптарды құрайды.

Ереженің 2 бабына сәйкес аккредитив-клиенттің сұрауы бойынша (аккредитив тапсырыс берушісі) әрекет ете отырып, банк эммитент (аккредитив шығарушы банк) 3-ші тұлғаға (бенифициарға) төлемді жүзеге асырады немесе бенефициардың аудармалы вексельдерін төлейтін келісім болып табылады.

Аккредитив – ол сатып алу, сату шартынан немесе басқа да шартта негізгі болып табылатын ерекшеленген мәміле. Аккредитив операцияларында тараптар тек құжаттармен ғана айналысады.

Ережеде аккредитивтердің әр алуан түрлерінің сипаттамасы; аккредитивті шығару мен оған өзгертулер енгізу үшін қойылатын талаптар сипаттамасы беріледі.

Аккредитивтер: шақырылатын және шақырылмайтын; аудармалы (трансферабельді); револьверді; жабылған және жабылмаған бола алады.

· Шақырылатын аккредитив бенефициарлардың алдын ала ескертуінсіз кез-келген кезде банк иммитентпен өзгертіле немесе алынып тастала алады.

· Шақырылмайтын аккредитив бойынша міндеттемелер банк имитенттің және бенефициардың келісімінсіз өзгертіле алмайды және алынып тастала алмайды.

· Трансферабельді акредитив бойынша банк төлем немесе акцепт жүзеге асыратын банкке аккредитивпен толықтай немесе жартылай бір немесе бірнеше басқа тұлғалар (екінші бенефициарға) пайдалана алатындығы туралы тапсырыс беру құқығына иеленеді.

· Револьверді аккредитив бойынша оны қолданған сайын ол бойынша төлемнен кейін аккредитив сомасы автоматты түрде қалпына келеді.

· Жабылған аккредитив – бұл аккредитив түрін ашуда банк иммитент алдын-ала атқарушы банк билеуіне аккредитив бойынша төлемдер үшін оларды пайдалану шарттарымен иммитент-банктің міндеттерінің әрекет ету мерзіміне аккредитив саласында валюталық құралдарды ұсынады.

Ережеде аккредитивті шақырылатын немесе шақырылмайтын ретінде анықтау қажеттілігі айтылған. Егер келісімде бұл жайт ескерілмесе, онда акредитив шақырылатын болып саналады.

Ереже мазмұнында аса қызық туғызатын - 20-бап. Бұл бап бойынша аккредитивке еркін терминдердің қолданылуына тыйым салынған. Аккредитив құжат ретінде белгілі ерекшеліктерге ие болғандықтан, онда компанияға қатысты «құзыретті», «аса танымал», «жергілікті» сияқты сөздермен «қоқыстандыру» жіберілмейді. Әйтпесе бұндай сөздер серіктес компанияда жаңылдық туғызуы мүмкін.

Ереже бойынша құжаттық аккредитивтер белгілі бір сипатқа ие және бұл сипаттамалар мазмұндалған. Бұның себебі, аккредитивтік рәсімделу бір мемлекетте танылып, екіншісінде танылмауы мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмас үшін сипаттамаға сәйкес құжаттарды рәсімдеген жөн.

Загрузка...

Алайда, 1993 жылғы Ережелер конвенция болып табылмайды және оны қолдану тараптар еркімен жүзеге асырылады. Бұл ерік білдіру халықаралық шарттарда көрініс табады.

Халықаралық есеп айырысуды унификациялаудың басқа мысалы ретінде «Инкассо бойынша коммерциялық құжаттардың унификацияланған Ережелері» (1995ж) танылады. Бұл құжат алғашында 1958 жылы Халықаралық сауда палатасымен дайындалып, шығарылған болатын.

Инкассо бойынша Ережелердің заңи күші алдыңғы құжатқа ұқсас: 1995 жылғы Ережелері банк қызметінде жүзеге асырылатын халықаралық әдеп-ғұрыптардың жиынтығы.

Инкассо - өз клиенттерінің нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылатын банктік операциялар. Бұл нұсқаулар төлемді (немесе акцептті) алу, коммерциялық және қаржылық құжаттарды беру әрекеттерін қамтиды.

Банк-ремитент (ақшалық қаражатты алушыға қызмет көрсету банкі) өз клиентінің нұсқауларын орындау үшін, әдетте, басқа банктердің (инкассолық банктер) қызметтерін пайдаланады. Инкассолық банк болып-ақша алушымен көрсетілген банк бола алады, ал бұндай көрсету болмаған жағдайда – банк-ремитенттің таңдауы бойынша кез-келген банк табылады. Төлеушіге құжаттарды ұсынатын банк – «өкіл етуші» банк деп аталады.

Инкассолық тапсырыстар, сондай-ақ құжаттық аккредитив нысанындағы есеп айырысуды жүзеге асыруда маңызды болып банктерге тапсырылатын құжаттардың дұрыс рәсімделуі табылады. Өз кезегінде, банктер құжаттардың инкассолық тапсырыста көрсетілген мағлұмат сыртқы белгілерге сәйкес екендігін тексеруі тиіс. Сыртқы ерекше белгінің біреуі болмаған жағдайда құжат жарамсыз болып танылуы мүмкін. Сонымен қатар, көптеген құқықтық жүйелерде инкассолық операциялардың заңнамалық деңгейде реттелуі қарастырылмағанымен, күрделенуі мүмкін. Бұл ұсынылған инкассолық тапсырыстардың жарамдылығын субъективті бағалаудың банк қызметінде еркіндік туғызады.

Халықаралық есеп айырысуда құқықтық әдеп-ғұрыптардың қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттің халықаралық конвенцияны қабылдай алу мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді. Осы жағдайларда ымраға келу ретінде сыртқыэкономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде тараптардың есеп айырысуын жеңілдететін 1993 және 1995 жылғы Ережелердің қолданылуын айтуға болады.


Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 14 | Нарушение авторских прав

Шетел инвестициясын реттеу мәселесі | Азақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды аймақтық және көп жақты реттеу | Халықаралық сипаттағы шарттық міндеттемелердің түсінігі | Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты және орны | Міндеттемелік статут | Олданылатын құқықтың түсінігі. | Тараптардың еркі | Аса тығыз байланыс заңы – proper law және басқа коллизиялық ережелер | Азақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері. | Лизинг операциясының техникасы (2 схема). |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав