Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Авторлық құқық объектілері.

Сонымен, Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша авторлық құқық объектілеріне нақты қандай туындыларды жатқызамыз?

1996 жылғы 10 маусымдағы «ҚР интеллектуалдық меншік мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда (12 қаңтар 2012 ж. № 537 өзгертілді) объектілер тізімі нақты берілген:

1. Әдеби туындылар;

2. Драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3. Сценарий туындылары;

4. Хореография және пантомима туындылары;

5. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;

6. Дыбыс – бейнежазу туындылары (бейнефильм)

7. Мүсіндеме, кескіндеме, графика, т.б.;

8. Сәулет, қала құрылысы, бау-саябақ өнері туындылары;

9. Қолданбалы өнер туындылары;

10. Суретке түсу туындылары

11. Карталар, жоспарлар, нобайлар және ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;

12. ЭВМ-ге арналған бағдарламалар және т.б.

Авторлыққа байланысты негізгі ережелер.

Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың пайда болуы үшін туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе белгілі бір шарттарды орындау міндеті емес. Авторлық құқықтардың иелері өздерінің құқықтарын айрықшаландыру үшін авторлық құқық қорғау белгісін пайдаланады, мұндай белгі туындының әр данасына қойылады.

Авторлық құқық қорғау белгісі келесі үш элементтен тұрады:

1) қоршауға алынған латынша «С» әрпі: (С)

2) айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);

3) туындының алғаш жарияланған жылы.

Мысалы: (С) Нуридинова, 2003 жыл.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық құқық

адамның өмір бойы және қайтыс болған сәтінен 70 жыл бойы қорғалады.

Авторлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұзушылық үшін ең минималды айып мөлшері – 100 а.е.к., максималды мөлшері - 800 а.е.к.. Ал зиян ірі мөлшерде болған кезде – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184-бабына сәйкес кінәлі мүлік тәркіленуі мүмкін, 1 жылдан 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгң мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға жазаланады.

 

Б) Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңдылығындағы қиыншылықтар туғызатын мәселелер.

Авторлық құқық заңдылығын қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бұл салада бірқатар жетістіктерге жетті. Бірақ, мұнда қиыншылықтардың бар болуы сөзсіз және де олар жөнінде айтпай кетуге болмайды.

Бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстанға интеллектуалдық меншік құқық бұзушылықтарға байлансты жақтырмаушылықтары жөніндегі талаптарды ұсынып жатыр. Бұл талаптар келесі мәселелерге тиесілі:

1. Қазақстан Республикасы заңнамасында шетелдік авторлар туындыларын қорғауын қамтамасыз ететін норманың әлсіздігі;

2. Интеллектуалдық меншік құқық бұзушылықтарына жауапкершілік көздейтін қылмыстық заңдылықтың нәтижесіздігі. (Мұнда ҚР Қылмыстық кодексінің 184-бабына сәйкес қозғалған қылмыстық істер санының өте аз болуы, 2012/01/12 №537 - IV Заңымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Яғни, сотқа дейін жететін даулар сирек кездеседі.

3. Музыка, дыбыс жазба, компьютерлік бағдарлама, кітап пен журнал шығару саласында пираттық деңгейінің өте жоғары болуы. Кейбір эксперттердің бағалауынша бұл көрсеткіш жалпы көлемнен 78 %-ға жетті.

4. Пираттық өнімдерді шекарада бақылау дәрежесінің төмендігі.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңы жөнінде айта келгенде, ол өзгерістер мен толықтыруларды қажет етеді. Бұл мына мәселелерге байланысты:

1) Кейбір ережелерді дұрыс емес талқылағандықтан туынды авторлары мен пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар бар, яғни айтылып отырған заңға түсініктемелеренің жоқтығы;

2) Заңдардың кейбір нормалары, ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар ережелерімен сәйкес келмейтіндігі.

1996 жылы 10 маусымда «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының қабылданғанына дейін Республикамызда авторлық құқық сұрақтары қазақ Кеңес Одағының азаматтық кодексімен реттелген, оған сәйкес автордың авторлық құқығы өмір бойы және оның қайтыс болған сәтімен тағы 25 жыл бойы қорғалған. Кейін, Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңы бұл мерзімді 50 жылға дейін арттырды, қазір 70жылға дейін. Бірақ, бұл заң авторлық құқықтың қорғау мерзімі сол күнге дейін өтіп кеткен туындыларға 50 жылдық мерзім таралатын кері күш көзделмеген. Осылайша, 1972 жылға дейін қайтыс болған авторлардың құқықтарын қорғау мерзімі заңды қабылдау сәтіне дейін өтіп кетіп, ал 1972 жылдан кейін қайтыс болған құқықтарын қорғау мерзімі, қабылданған заңға сәйкес, тағы 25 жылға ұзартылды1.»

Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Берн конвенциясының 18-бабында нақты айтылған. (Мұнда 50 жылдық авторлық құқықты қорғау мерзімі көзделген). Оған сәйкес, конвенцияны қабылдау сәтіне қорғау мерзімі өтіп кеткен және жалпыға игілік болып үлгермеген туындыларға таралады. Сонымен қатар Конвенцияға қосылушы әрбір мемлекет бұл ережені қолдану шарттарын белгілеуі керек. Ал, Конституцияның 4-бабына сәйкес халықаралық шарттардың Қазақстан Республика заңдарының алдында үстем етуін білеміз. Бірақ, Қазақстан Республикасы Конвенцияға қосылу барысында ешқандай тиісті шарттарды белгілемеді, осылайша 18-бапта көзделген міндеттемені мойнына алмады. Сондықтан, 1972 жылға дейін қайтыс болған шет мемлекеттері авторларының құқықтары 50 жылдық қорғау мерзімі өтіп кетпесе де Қазақстан Республикасында қорғамайды.

Авторлық құқықты халықаралық қорғауының жүйесi мемлекеттердiң iшкi құқығының негiзiнде құрылады. Берн, Дүниежүзiлiк және Рим конвенциялары қорғанудың мiндеттi минимумын қамтамасыз ететiн ұлттық реттеу қағидасына негiзделген.

Қазақстан Республикасы Берн конвенциясына қосылғанымен де Қазақстанда авторлық құқық саласындағы бұзушылықтар деңгейi өсiп жатыр.

Негiзiнен Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың қатынастарын реттейтiн берiк құқықтық негiздемесі бар. Бiрақ өкiнiшке орай, бұл заңдар мемлекет тарапынан нақты әрекеттермен қамтамасыз етiлмеген. Сол себептi бiздiң мемлекетiмiзден көптеген перспективті шетел серіктестері қарым-қатынас жасаудан бас тартып жатыр.

Пысықтау сауалдары:

1. Авторлық құқық бойынша “Ұлттық режим” принципі нені білдіреді?

2.Берн конвенциясының кері күші жоқ дегенді қалай түсінесіз?

 

14-т а р а у.

 

Патенттiк ҚҰҚыҚ жӘне ҚазаҚстан

Республикасынан тыс жерде тауар

таҢбаларын ҚорҒау

 

§ 1. Патент құқығының түсiнiгi мен мазмұны

 

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелi кезеңнен ендi-ендi бас көтеруде. Мемлекетiмiздiң беделiн халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшiн халықтың әл-ауқатын көрсететiн оның экономикасының мықты болу қажеттiлiгi сөзсiз. Кеңес социалистiк республикалар одағының жетпiс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендiгiн алғаннан кейiн, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейiн 1995 жылғы Конституцияларында бекiттi.

Жоғары деңгейдегi шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсу «Қазақстан–2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзiмдi басымдықтарының бiрi.

Бүгiнгi таңдағы бiлiмге негiзделген экономикада зияткерлiк активтер негiзгi валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудiң қарқынына жетуi, оның әлемдiк нарық құрылымына толық енуi қазiргi индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететiн зияткерлiк меншiктi қорғаудың дамуынсыз мүмкiн емес.

Бұл Елбасының кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясын» iске асыру жөнiндегi мiндеттер аясында да өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.

Зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау бiздiң мемлекеттiң Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткiзу үшiн басты шарттардың бiрi болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл бiздiң елдiң беделiн халықаралық сахнада арттыруға әсер етедi, өйткенi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерiн сақтаудың қажеттi шарттары мен кепiл-дiктерiнiң бiрi.

Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектiлерiмен тығыз байланысы бар зияткерлiк меншiк құқық-тарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байла-нысты Республикадағы зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттiң осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкiметi мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерiнде белгiленген және анық жазылған. Зият – бұл елдiң маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күшi өзiнiң тек қана осындай мәртебесiнде мемлекет пен қоғамның мүдделерiне қызмет ететiн қорғалатын зияткерлiк меншiкте.

Нарықтық экономикада қандай да бiр кәсiпкердiң алдында тұратын мәселе – тауарларының бәсекеге қабiлеттi болуы. Кәсiпкерлердiң қазiргi таңда «ұлттық өндiрушiнi қорғау және қолдау – өндiрушiнiң өз қолымен» деген ұранды ұстауы – маңызды. Кәсiпкерлер үшiн осындай қорғанудың бiр жолы болып кәсiпкерлердiң өз кәсiпорындарында инновациялық қызметтi дамытуы табылады.

1992 жылы 24 шiлдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Қазіргі таңда 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының патент Заңы» қолданылады.

Өнертабыстар мен өндiрiстiк үлгiлердi патенттiк қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейiн Қазақстан Республикасын-дағы патент иеленушiлер осы объектiлердi пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттiң берген құқықтық кепiлдiгi ретiнде алды. Монополиялық құқықты иеленушi тұлғаларда үшiншi тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттiк құқық объектiлерiне билiк ету мүмкiндiгi пайда болды.

Құқықтық реформаларды жүргiзу барысында мемлекетiмiз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзi болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн бекiттi. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншiктi» құқықтың жеке объектiсi ретiнде қарастыру, тео-риялық жағынан осы саланың жетiлуiн қажет еттi. Кодекс ар-қылы интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң иелерiне «ерекше құқық» берілді.

Қазақстан Республикасының үкiметi арыз берушiге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсiмдеу төлемi арзан, сараптамалық және мәлiметтердi iздестiру қызметiнiң сапалы, патенттiк құқықты қорғаудың жеңiл жолдары бар, халықаралық патенттiк жүйенiң талаптарына сәйкес келетiн ұлттық патенттiк жүйесiн қалып-тастыруға мемлекетiмiздiң құрылуының алғашқы күндерiнен-ақ жағдай жасауда.

Қазiргi таңда жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың тек кей-бiреуi ғана көрiнiс алуда. Ал, патенттiк органға түсiп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992–2001 жылдар аралығында өндiрiстiк меншiк объектiлерiне патент алу үшiн 17388 арыз берiлген. Қазiргi кезде ұлттық және шетелдiк патент иеленушiлердiң қолында 12014 өндiрiстiк меншiк объектiлерiне алдын ала патент пен патент бар.

1. Патенттердiң саны көбейген сайын пайда табуға талпын-ған патент иеленушiлердiң де саны көбеюде. Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы кезiнде өндiрiстiк меншiк объектiлерiнiң иесi болып көбiнесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушiлердiң құқықтарын жетiлдiруге еш шаралар қолданылмаған.

Ендеше зияткерлік меншiк дегенiмiз не? Бұл сауалға халық-аралық, сонымен қатар, елiмiздiң заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақтан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкiлдүниежүзiлiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвециясының 2-бабында «Интеллектуалдық меншiктiң» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртiстердiң орындаушылық қызметiне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтiң барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнер-кәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткiштерге, қара ниеттi бәсекелестiкке қарсы қорғану, сондай-ақ өндiрiстiк, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуал-дық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны туралы атап көрсетiлген. ҚР АК-нiң 961-бабында жүйелендiрiлген тiзiлiм берiлген.

Қазақстанның социалистiк жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы зияткерлік еңбек нәтижелерiн қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап еттi. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделiктi тұрмысқа «интеллектуалдық меншiк», «өнеркәсiптiк меншiк», «патент», «патент иеленушi», «айрықша құқық» ұғымдары ендi.

Егер өзгерiстердiң мәнiне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестiк кезеңдегi авторлық куәлiк орнына өнеркәсiп меншiгi объектi-лерiн қорғау жөнiндегi бүкiл әлем таныған патент жүйесi келдi. Кеңестiк өнертабыс құқығының негiзгi ерекшелiгi – өнертабушы автор өз құқығын, көбiнесе, авторлық куәлiкпен ресiмдей-тiн, кейбiреулерi Мәскеуде, бүкiл Кеңес Одағы бойынша жал-ғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, содан кейiн кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелiгiне жаратып жататын.

Ендi құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз ешбiр жан өнертабыс-ты, пайдалы модельдi немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушiнiң рұқсаты, көбiнесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қо-йылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нiң 125, 964-баптарымен бекiтiлген.

Сөйтiп, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау принциптерi түбiрiмен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтiндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап еттi.

1992 жылы Ұлттық Патенттiк ведомство патенттеудiң бiрегей жүйесiн қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның құқықтық реттелуiн Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекiттi. Бұл жүйенi кейiннен Орталық Азия, Закавказьенiң көптеген тәуелсiз мемлекеттерi және Украина да қолдады.

Бұл патенттеу жүйесi бойынша қарапайым тiркеу мен сараптама элементтерi бiрiгедi. Бiздiң жүйенiң келiмдiк және тiркелiмдiк сипаты патенттiң формалды сараптама жүргiзгеннен кейiн берiлетiндiгiнде көрiнедi. Қазақстан Республикасы 1999 жылғы «Қазақстан Республикасының патент Заңы» 22-бабы формалды сараптама кезiнде қажеттi дәлел-демелердiң болуы, оларға қойылатын негiзгi талаптардың сақталуы және өтiнiм берiлген ұсыныстың құқықтық қорғау берiле-тiн объектiлерге жататындығы тексерiлетiндiгiн бекiтедi.

Патент мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берi-ледi. Оның жүргiзiлу барысында өтiнiм берiлген шешiмнiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгi анықталады.

Өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсiнi-гiмен бiрiгедi.

Қазақстан бiр өнертабысқа екi қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсiптiк үлгi сараптамасы қорытындысы бойынша патент берiлуi қажет екенін бекітті.

Бұл екi қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегi бар. Өнертабысқа алдын ала өтiнiмнiң патент ведомствосына берiлген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.

Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесiнiң өтi-нiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек.

Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент өтiнiмнiң патент ведомствосына берiлген күннен бастап бес жыл әрекет етедi. Өнеркәсiптiк үлгiге патент – он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.

Патент – patent – мына мән-жайларды:

1) аталған техникалық шешiмнiң өнертабыс екендiгiн;

2) авторы белгiлi бiр тұлға екендiгiн;

3) аталған тұлға немесе оның мұрагерi осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетiндiгiн куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекетi аумағында әрекет етедi. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген кезде, иесiне сыйақы төлей отырып, патенттi мемлекет немесе оның еркi бойынша белгiлi бiр ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкiн. Көптеген елдерде көзделген патент иесiнiң құқықтарын қорғау шараларының бiрi ұқсас өнертабыс көрiнетiн бұйымдарды енгiзуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтiрiлген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргiзiледi. Өнертабысқа келесi талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтiлiгi», «қолданылуға жарамдылығы» және мiндеттi түрде жаңалығы. Кейбiр елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет iшiнде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейдi. Екiншi рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетiнде де, шетел елiнде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемле-кетiнiң аумақтық сипаты ғана болмау үшiн халықаралық келiсiмдер жасасу қолданылады.

Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешiмдi жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткiзiп ашу.

Патенттiң негiзгi қызметi – жаңалықты енгiзетiн тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттiк қорғау келесi аспектiлермен сипатталады:

– қорғалатын объектiлердiң шектеулi шеңберi;

– патенттiк құқықтар пайда болуының ерекше тәртiбi; патент иесiне құқықтар кешенiнiң және объектiнi пайдалануға айрықша құқықтың берiлуi;

– айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетiнiң мерзiмдiк және аумақтық сипаты;

– айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкiндiгi.

Аталған объектiлердiң барлығы бiздiң мемлекетiмiзде де қолданылады.

Патентке негiзделген құқықтар мемлекеттiң берген құқықтары болып есептеледi. Мұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет берiп отырған құқықтарға жауап ретiнде патент иесi мемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкiн болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патенттi шарт ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.

Патенттiң монополия және өнеркәсiп меншiгiнiң объектiсi ретiнде түсiнiгi аса кең тараған. Патент иеленушi өзiнiң өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленедi, аталған монополиялық ұқсастық меншiк иесiнiң өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектiнi пайдалануы заңсыз деп есептеледi.

§ 2. Патент берiлетiн интеллектуалдық меншiктiң

негiзгi объектiлерi

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Халықаралық есеп айырысу қатынастарына банктердің қатысуы. | Халықаралық тасмалдаудың түсінігі және тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы | Азақстан темір жол қызметінің заңи базасы. | Темір жол тасымалымен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру және басқару. | Халықаралық әуе тасымалы | Халықаралық теңіз тасымалын материалды-құқықтық және коллизиялық-құқықтық реттеу | Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастардағы коллизиялық байламдар | Деликт түсінігі | Шетелдегі деликт мәселесі | Орғау жүйесінің дамуы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав