Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неркәсiптiк үлгi 6 страница

Шет мемлекеттің заңын қолдану келесі жағдайлардан туындайды.

Германияда некеге тұрмаған неміс азаматшасының баласы дүниеге келді. Ұсынылып отырған баланың әкесі (Қазақстан азаматы) баланы мойындамастан отанына қайтып кетті. Баланың анасы Ақтау қаласының (тұрғылықты мекен) сотына әкелік құқықты орнату талабымен барды. Бала германия азаматы болып табылғандықтан сотта сол мемлекеттің заңы қолданылады. Егер де бала шет мемлекеттің азаматтығынан басқа азаматтыққа алмасатын болса, онда ол қабылданып отырған құқыққа еш әсерін тигізбеу қажет.

Қазақстан аумағындағы әкелік құқықты орнату мен даулау ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-бабында көрсетілгендей әкімшілік және соттық жолмен тағайындалады. ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-бабының 1,2-тармақтарына шет мемлекеттің отбасылық құқығын енгізу қарастырылған. Қазақстан аумағынан тыс жерде өмір сүретін ата-аналар некеге тұру кезінде анасымен келген балаға әкелік құқықты орнату үшін АХАЖ-да болған куәландыру негізінде Қазақстандағы консулдық мекемеге немесе дипломатиялық өкілділікке өтініш тастауына болады. Консулдағы әкелік міндетті бекіту тәртібі негізінде «азаматтардың хал-ахуалы туралы акт» негізінде қарастырылады. Алайда, заңдылық (ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 276-бабы) ата-аналардың біреуі Қазақстан азаматы болған жағдайда әкелік құқықты орнатуды ысырады.

 

§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары

 

1989 жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес «Бұл конвенцияға қол қоюшылар баланы асырап алу жүйесiнiң өмiр сүрiп жатқандығын мойындайды және ең бiрiншi ретте баланың мүддесiнiң қамтамасыз етiлуiн көздейдi» делiнген. Сонымен қатар ол:

1) бала асырап алынуды тек қана сол мемлекеттiң баланы асырап алу туралы мәселенi шешетiн iстi органдары шешуi тиiс.

2) баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрi болып табылады және бұл тек қана бала сол мемлекеттiң өзiнде асырауға берiле алмайтын болған кезде ғана қолданылады;

3) баланы бiр мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттiң өзiнде қолданылатын ереженiң қолданылуын анықтайды;

4) баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бiрiнде болмауы тиiс.

«Неке және отбасы туралы» Кодексінің ережелерiне сәйкес шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкiн. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi органының рұқсатын алуы керек.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келiсiмiн сұрауы тиiс болып табылады.

Жеке адамдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берiлмейдi.

Бала асырап алу үшiн бала асырап алушыға бiрқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетiнде асырап алуға құқылы екендiгiн куәландыратын құқықты көрсетуге мiндеттi.

Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекетерiне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа алынуы тиiс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдiк деңгейде, қалыпты тәжiрибеге айналған болатын. «Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжiрибесi өте кең қолданыста болып келдi. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және iс жүргiзу жақтары жеткiлiктi дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық деңгейде жаңа Конвенция қабылдау қажеттiлiгi пайда болды. Оның басты себептерiнiң бiрi бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн әлемнiң басқа мемлекеттерiнiң мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн реттейтiн ал-ғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға мiндеттi болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамырында қабылданды.

Гаага конвенциясының ережелерi бойынша бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейiнгi азаматтарға ғана қолданылады.

§ 5. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж) және Балалдарды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында реттеу (3.12.1986ж)

Отбасы-қоғамның негізгі түбірі екенін ескере отырып, бала құқықтарын қорғау,баланың толық көлемде дамуына жағдай жасау,баланың өмір сүру жағдайын жақсарту,осы салада халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында,баланың өмір сүру деңгейін күшейтуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере келе,Адам құқықтары туралы Жалпы декларацияда адам құқықтарының діни, саяси,әлеуметтік деңгейіне,тілі мен түсіне қарамастан құқықтары шектелмейтінін ескере келе, Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пакт,1924жылғы Бала құқықтары туралы Женева конвенциясына сүйене отырып “Бала құқықтары туралы” Конвенция қабылданған болатын.Осы конвенцияға сәйкес 18 жас мөлшеріне жетпеген адамзат баласы “бала” болып танылады делінген (1бапқа сәйкес)Әр бала өмір сүруге құқылы.Осы Конвенция ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқығы мен бала асырап алу мәселесіне 20-21 баптарда тоқталған.Тұрақты немесе уақытша ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттен арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы.(20б. 1т. сәйкес) Әр мемлекет өз ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай балаларға қақорлық жасайды.Мұндай қамқорлық,мұсылман құқығы бойынша “кафала” тәрбиелеуге беріледі,асырап алу немесе бала қамқорлығымен айналысатын арнайы мекемеге орналастыру болып табылады.(20б. 3т. сәйкес) Бала асырап алу жүйесіне рұқсат етілетін мемлекеттер,бірінші кезекте бала мүдделерін қорғауды қамтамассыз етеді.Олар:

- асырап алу тек өкілетті билік органдарымен рұқсат етілуін қамтамассыз етіледі

- кейбір мемлекеттерде бала асырап алу балаға қамқорлық жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылады деп танылады,егер балаға өз мемлекетінде сәйкес тәрбие беру мүмкіндігі жоқ болса, ол шетел азаматы арқылы асыралынып алынады.

- басқа мемлекетте бала асырап алынатын болған жағдайда,ішкі мемлекеттік асырап алу қатынасына қолданылатын нормалар мен кепілдіктердің болуын қамтамассыз етеді.

Бала өз аиа-анасының қамқорлығы мен жауапкершілігінде өсуінің тиістілігін ескере, қарулы қақтығыстар, экономикалық кризис, әлеуметтік мәселелер, табиғи опаттар,ішкі дағдарыс салдарынан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың санының көбеюін ескере,асырап алу немесе тәрбиеге беру процедураларының бала мүдделері қорғау үшін екенін ескере, әлемдік негізгі құқықтық жүйеде әртүрлі пайдалы альтернативті институттаврдың бар екенін,мысалы мұсылман құқығы бойынша “кафала” ескере,Экономикалық,әлеуметтік,мәдени құқық туралы Халықаралық пакт,Жалпы адам құқықтары туралы Декларация,Дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сүйене отырып БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында осы құжат қабылданған болатын.Ата-аналар бала қамқорлығына міндетті. Егер бала ата-ана қамқорлығынсыз қалса ол оның туыстарына, басқа отбасына тәрбиелеуге,асырап алу ға,арнайы мекемелерге орналастырылады(5б. сәйкес) Бала тегі мен азаматтығынан айрылмайды.(8б сәйкес) Баланы тәрбиелеуге беру заңнамалармен реттеледі.Өкілетті орган тәрбиеленуге берген бала үшін жауапты.(11б. сәйкес) Асырап алудың басты мақсаты баланы тұрақты отбасымен қамтамассыз ету.(13б.сәйкес) Баланың ата-анасы,асырап алушы ата-ана баланың болашақ тағдырын шешуді тездету мақсатында консультациялармен қамтылады.Үкімет шетелгеи асыралынып кеткен балалар үшін саясат немесе заңнама бекітуі тиіс.(18б.) Баланы ұрлау немесе заңсыз әкетуге тиым салу мақсатында саясат немесе заңнама бекітуі керек.Асырап алу процессі тек өкілетті органдар арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелге асырап алу,баланы асырап алуға еш заңи кедергінің болмағаны кезінде қарастырылады.Егер бала мен асырап алушы ата-ананың азаматтығы бөлек болатын болса,екі мемлекеттің заңнамалары сәйкестендіріледі.Бұл кездерде баланың мәдени және діни тәрбиесі мен мүддесі ескеріледі. Әр мемлекет отбасы мен баланың әлеуметтік жағдайына басты көңіл бөлу керек.Баланың басқа отбасында тәрбиеленуі кәмелет жасқа толғанша өз туған ата-аналарына қайтарылуына кедергі болмайды.(11б.) Бала асырауға берілетін кезде баланың өсіп жетілуіне жақсы жағдайлар жасалатыны ескеріледі.Қамқорлық немесе қорғаншылыққа беретін орган асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара арақатынастарын қадағалайды.Заңнама асыранды баланың сол отбасында заңды мүше болуын қамтамассыз етеді.(1б.)Егер балаға өз мемлекетінде сай тәрбиеге беру немесе асырап алу процессі жүргізілу мүмкіндігі болмаған жағдайда альтернативті әдіс ретінде шетелде асырап алу жүргізілуге рұқсат етіледі.(17б сәйкес)Шетелдік асырап алу процессін рәсімдеу ішкі мемлекетте асырап алуға қолданылатын кепілдіктер мен нормалар негізінде өкілетті орган арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелдік асырап алу пайда табудың көзі болмауы тиіс.(20б.) Бала шетелге кеткенде қабылдаушы мемлекет үшін асырап алудың заңи күші болуы тиіс.

 

 

§ 6. Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу (29.05.1993ж)

Шетелдік асырап алу балаға тұрақты отбасымен қамтитынын ескере, шетелдік асырап алу, 1989 жылғы Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына,1986 жылғы Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясына,шетелдік асырап алу балаларды сату немесе үрлаумен күрестегі жалғыз құрал екенін ескере отырып осы Конвенция қабылданған болатын.

Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық органы,өтініш беруші тұлғаға бала асырап алуға құқылы деп тапса, ол жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта,отбасы туралы ақпарат, асырап алу себептері, библиографиялық ақпарат,баланың жеке қасиеттерін сипаттайтын құжаттардан тұратын баяндама дайындайды.(15б.) Егер орталық орган,бала асырап алына алады деп шешсе:

- жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта, отбасы туралы ақпарат,асырап алу себептерінен тұратын баяндама дайыдайды;

- баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни, мәдени байланыстарын ескереді;

- асырап алу процессі баланың еркі арқылы болуын ескереді;

Екі мемлекеттің де орталық органдары асырап алынған баланың тұрақты тұратын мемлекетке баруын барлық шараларды жасайды.Орталық атқарушы органдар асырап алу процессін бір-біріне хабарлап отырады.Асырап алушы ата-аналарға баланы тапсыру:

- орталық органның келісімі арқылы;

- асырап алушы ата-аналар баланың өсіп қалыптасуына жағымды ықпал тигізеді деп танылса;

- екі мемлекеттің орталық органдары келісіп,асырап алу үлкен орын алады деп таныса жүргізіледі;

Әр мемлекеттің заңнамасында рұқсат етілсе, орталық органның қызметін, мемлекеттің билік немесе өкілетті ұйымдар жүзеге асырады,сонымен қатар заңмен рұқсат етілсе мемлекеттік өкілетті биліктің бала асырап алу процессін рәсімдеуі заңды болып табылады.

Асырап алуды тану дегеніміз:

а) асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынас;

ә) балаға деген асырап алушы ата-аналардың міндеттілігі;

б) баланың туған ата-аналары арасындағы құқықтық қатынастардың үзілуі;(26 сәйкес)

Егер бала мен оның туған ата-анасы арасындағы құқықтық қатынастапр үзілген жағдайда,ол қабылдаушы мемлекетте сондай құқықтарға ие болады.Асырап алу процессі жедел түрде өткізілуі тиіс,(35б сәйкес)асырап алу қызметіне қатысты ешкімнің қаржылай пайда табуына тікелей тыйым салынады.Асырап алу процессіне қатысушы басшылар,қызметкерлерге жасаған қызметі үшін сыйақы төленбейді.(32б 3п сәйкес)

 

Жалпы қорыта айтқанда, неке және отбасы қатынастарын халықаралық реттеудiң маңызы ерекше зор.

Сонымен, халықаралық жеке құқықтың реттеу үшiн бағытталған бiр саласы осы неке және отбасы қатынастары екендiгiн бiлдiк. Неке және отбасы қатынастарында бiз байқағандай, көптеген коллизиялық мәселелер туындайды. Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшiн құқық қабiлет-тiлiгi мәселесi), ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарын реттеудегi мәселер, ата-ана мен бала арасындағы өзара қаты-настар, ата-аналардың баланы асырауға байланысты мiндеттемелерi, бала асырап алу жөнiндегi қатынастар, мiне осылардың барлығы коллизиялық мәселелердi туындатады.

Некенi тоқтату немесе некеге отыру шындығында да белгiлi бiр құқықтық салдарға жетелейтiнi анық. Құқықтық салдар, әсiресе, тұлғалардың мүлiктiк жағдайларына қатысты бiрақатар жаңа мiндет-тер мен құқықтар қосылатыны анық.

Бұл тұрғыда бiз Қазақстан Республикасының заңнамасы, әсiресе, Конституция бекiткен қағидалары мен негiзгi нормаларға тоқталдық. Олар: ерлi-зайыптылардың теңдiгi, бала құқықтарының кемсiтiлмеуi, баланың өз ата-анасының асырауында болу құқығының басым болуы т. б. Бұл қағидалар сөзсiз халықаралық жеке құқықта басты орынға ие болып табылады.

 

Пысықтау сауалдары:

1. Неке дегініміз не?

2. Жария тәртіп ескертпесі неке қатынастарында қолданылама?

3. Қандай халықаралық конвенциялар отбасы қатынастарын реттейді?

4. Бала ұүұыұтарын қорғау жөніндегі қандай конвенцияларды білесіз?

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Деликт түсінігі | Шетелдегі деликт мәселесі | Орғау жүйесінің дамуы | А) «Берн» одағы. | Авторлық құқық объектілері. | Нертабыстар | Неркәсiптiк үлгi 1 страница | Неркәсiптiк үлгi 2 страница | Неркәсiптiк үлгi 3 страница | Неркәсiптiк үлгi 4 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав