Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сиет нысаны.

 

Барлық қарастырылып отырған мемлекеттердің заң шығарушысы өсиеттің нысанына зор мән береді, яғни өсиет қалдырушы ықтиярының анық орнатылу қажеттілігін баяндайды. Заңмен берілген сақталмауы өсиеттің жарамсыздығына әкеп соғады. Континенталдық Еуропа елдерінің заң шығарушысы мынандай өсиеттің негізгі нысандарын қарастырады. Өз қолымен жасалған өсиет – бұл өсиет қалдырушы тұлғаның басынан аяғына дейін өзі жазып және қол қойып күні белгіленген, сонымен қатар жалған ықтималын азайту мақсатында(сол себептен машинкада басылған мәтінге жол берілмейді) жасалынған өсиет болып табылады. Бұл нысан көп таралған, яғни өсиет құрудың қарапайымдылығы және өсиет қалдырушының құпияларының сақталу мүмкіншілігі. Сонымен қатар ол жетіспеушіліктен арыла қойған жоқ, мысалы, опат болу қауіп-қатері немесе өсиеттің жоғалуы, сондай-ақ үшінші жақтың ықпалы, яғни өсиет етушінің нақты ықтиярының бұрмалануына әсер ету. Жариялық акт нысанындағы өсиет бұл – ресми лауазымды тұлғаның қатысуымен(нотариус) және орнатылған құқықтық іс-жүргізуге сәйкес жүзеге асатын өсиет болып табылады. Францияда өсиетті құру кезінде екі нотариустың қатысумен(немесе бір нотариус және екі куәгердің қатысуымен), ал Швейцарияда – бір ресми лауазымды тұлғаның және екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады. Осы нысанның құндылығы - өсиет шындығының кепілі және өсиет қалдырушының ықтиярының мазмұнына сай келуі. Өсиеттің сақталуы алдын ала ескерілген заң шығарумен оның нотариуске депозитке салыну мүмкіншілігімен немесе хабардар лауазымды тұлғамен қамтамасыз етіледі. Құпия өсиет – бұл мұра қалдырушымен жазылған және куәгердің қатысуымен жапсырылған нотариуске сақтауға берген өсиет. Бұл Франция заң шығарушысымен қарастырылған өсиет қалдырушының құпиясын және оның сақталуын қаматамсыз ететін нысан болып табылады.(ФАК 969, 1007б). Швейцария Азаматтық кодексі, ұқсас өсиеттерді құру ерекшеленбейтін мүмкіншілік және осымен байланысты сұрақтарды регламенттеу контондардың құзыретіне кіреді(2-т. 505-бап).

Англияда, континентік Еуропа елдерінен айырмашылығы, заң тек бір өсиет нысанын қарастырады, яғни өсиет қалдырушының таңдау құқығы болмайды. 1837жылғы заңның 9-бабына сәйкес, өсиет жазбаша түрде өсиет қалдырушымен қол қойылған(немесе оның нұсқауындағы басқа тұлғамен) және өз қатысуындағы екіден кем емес куәгерлермен куәландыруы тиіс. Континенттік құқықтың өз қолымен жасалынған өсиетінен ағылшындық заңның айырмашылығы, ол өсиет қалдырушының қолымен жазылуын талап етпейді. Өсиетті азаматтың атынан басқа тұлға дайындай алады және машинкада басылуы мүмкін, тіпті криптограммалар түрінде дайындалуы да мүмкін. Қолжазба және машинкада басылған мәтіндерге рұқсат беріледі. Ағылшындық өсиет нысанының негізгі белгілері АҚШ-тың барлық штаттарымен қабылданған, бірақ соның ішінде Луизиана француздік үлгіге сүйенеді. Бөлек штаттардың бақылаушы заңнамаларындағы айырмашылық қатаң сипатқа ие емес. Сонымен қатар кейбір штаттардың (Массачусетс, Мэн және т.б) заң шығарушысы өсиеттің үш куәгермен куәландыруы қажеттілігін ескертеді. Сонымен бірге көптеген штаттарында(Арканзас, Аризона, Калифорния) бұл көрсетілген нысан жалғыз болып табылмайды. Бұл штаттарда(шын, шек қойылған шектерде) қолмен жасалған өсиет континенттік Еуропа елдерінің заңнамаларында көрсетілген өсиеттерге ұқсас келеді.

Жапония елдерінің құқығы онға жуық өсиет нысанын қарастырады.: өз қолымен жасалынған өсиет, жариялық акт нысанындағы өсиет, құпия өсиет және т.б. Жариялық акт нысанындағы өсиетті құру кезінде екіден кем емес куәгерлер, өсиет қалдырушымен нотариуске өсиет мазмұнының ауызша баяндалуы, баяндалғанды нотариуспен жазу және дауыстап оқып шығу, өсиет қалдырушының келісімі және куәгерлердің мәтінімен және қол қоюлары, әрекеттердің аяқталғандығы жөніндегі нотариустың қосымша жазуы, жазуларды оның қолымен бекіту және мөр талап етілінеді. Қарастырылып отырған өсиет нысанына заң шығарушы ерекше жағдайларда өсиеттің жүзеге асырылуын жеңілдетеді, яғни әдеттегі нысанға жүгіну мүмкінсіз және аса қиын, сонымен қатар бөлек тұлғалар категориясына (әскери қызметкерлер, су теңізшілер). Герман азаматтық ережесі (ГАЕ-ға) сәйкес, індет және өзге ерекше жағдайлар себебімен хабарлама үзілген орында немесе неміс кемесінде жүзуде болған тұлға үш куәгердің қатысуымен ауызша нысанда өсиетті жүзеге асыра алды. 1837 жылғы ағылшын заңының 11 бабына сәйкес, нақты қызметтегі әскери қызметкерлер және жүзудегі моряктар куәгерлердің қатысуымен ауызша және жазбаша өсиеттерді жүзеге асыра алады, ол қол қоюды және куәгерлермен куәләндіруді талап етпейді. Өсиеттік билік ету нысаны мұраға қолданылатын заңмен анықталады – жалпы ереже. Сонымен бірге, әлем елдерінің көпшілігі осы саладағы коллизиондық сұрақтардың балама шешім мүмкіншілігін қарастырады. Венгр заңында бұл мынандай үлгіде қарастырылады: «Өсиеттік билік етуге мұра қалдырушының соңғы жеке заңы болған құқықтық тәртіп қолданылды. Өсиет және оның өзгертілуі нысанға сәйкес жарамды болып табылады, егер ол венгр заңының талаптарын қанағаттандырса немесе: а) өсиеттік билік етудің жүзеге асырылуы немесе жойылуы кезінде сол заң әрекет етсе, ә) өсиетті құру және тоқтату кезіндегі мұра қалдырушының жеке заңы немесе оның өлімі, немесе, б) өсиетті құру және жою кезінде мұра қалдырушының домицилиясы және тұрған жері немесе ол қайтыс болған жағдайда, сол заңның мемлекетте әрекет етуі». (2-т. 36-бап).

Моңғол заң қаулысы осы жағдайға байланысты баяндайды: «Мұра қалдырушының тұрғылықты жері және акттың құрылуы қай мемлекетте болса, онда өсиеттің мазмұны және нысаны және оның өзгертілуі сол елдің заңына бағынады. Өсиет және оның өзгертілуі жүзеге асырылған мемлекеттің немесе моңғол құқығының талаптарын қанағаттандырса, онда ол нысанының сақталмауына байланысты жарамсыз болып табылмайды(МХР АК 2-т. 436-бап).

Чехия және Польша заң шығарушысы қозғалған сұраққа басқаша және баламалық жолмен өсиеттердің жарамдылығына қатысты ұлттық құқықтық нормаларды таратпайды. 18 Халықаралық жеке құқық туралы заң және Чехия процесінде және Поляк Республикасының 35бабына сәйкес, өсиет нысаны мұра қалдырушы азаматы болып саналатын мемлекеттің құқығымен анықталады; ол жеткілікті, бірақ егер өсиет жасалынған аумақтың заңы сақталынса. Бұл ереже Чехия заңында кездеседі және өсиетті өзгерту қатынастарында ықпал етеді.

1964жылғы 10 маусымдағы №100 өсиет нысан құқығы туралы Жапония заңы бойынша:

«Өсиеттік билік ету нысаны жарамды болып табылады, егер ол: 1) акт жүзеге асатын орынның құқығына(lex loci actus); 2)өсиет қалдырушы қай елде өсиет құрып және сол елдің азаматы болса немесе қайтыс болса, онда сол елдің заңына; 3) мұра қалдырушы өсиетті құру кезінде уақытша тұрып жатқан елдің заңына; 4)мұра қалдырушының өсиетті құру кезіндегі тұрақты тұрғылықты жерінің немесе өлімі орын алған мемлекеттің заңына; 5) жылжымайтын мүлікке қатысты – яғни жылжымайтын мүлік орналасқан мемлекет заңына (Lex situs) сәйкес келсе» (2-бап).

Қазақстан Республикасы АК-де өсиеттің екі аспектісі көрсетілген:1)тұлғаның өсиетті құру немесе тоқтату қабілеттілігі(әрекет қабілеттілігі); 2) өсиет нысаны және оны тоқтату актісі. Екі аспектіге де бірдей коллизиондық байланыс қолданылады, яғни мұра қалдырушының тұрғылықты жері орналасқан мемлекет заңы, егер ол өсиетте өзі азаматы болып табылатын елдің заңын көрсетпесе.

Өсиеттік әрекет қабілеттілік бұл – коллизиондық құқықта орнатылған жалпы және арнайы ережелер қатынасын анықтау үшін жеке тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігінен пайда болған. Ол өсиетті құру кезіндегі азаматтың тұрғылықты жері орналасқан мемлекет заңының өсиеттік әрекет қабілеттілігін анықтауға қолданылады. Бұдан көруге болады мұра қалдырушының азаматтығы мен тұрғылықты жері сәйкес келмейтіндігін, ол кейбір жағдайларда құқықтық тәртіпке сәйкес келмеуі де мүмкін.

Нысанның сақталмауы жарамсыз болып табылмайды, егер ол сол елдің немесе Қазақстан Республикасының заң талаптарын қанағаттандырса.

Дәл, осы ереже балама ереже болып табылады. Ол осы құқықтық қатынастар үшін таңдау құқығын беретін ережені орнатады. Яғни, өсиет нысанына, басқаша айтқанда негізгі колизиондық байланысқа екі баламаны қолдануы мүмкін - өсиет құрылған жердің заңы немесе Қазақстан Республикасының заңы.

Екі байланыстың өзара қатынасы жайлы мұра қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерінің заңын және акт құрылған жердің заңын айтуға болады. Мысалы: Түркияда тұрушы Қазақстан азаматы Германияда Қазақстан азаматының пайдасына өсиет құрған жағдайда. Егер Қазақстан Республикасы соты бұл істі қарастыратын болса, онда ол міндетті түрде Түркияның заңын қолдану керек. Егер сол кезде, өсиетт жарамсыз деп тануға негіз болса, онда Сот Германия заңын қолданып, өсиетті жарамсыз деп танудың барлық талаптарынан бас тартуға міндетті.

Мұра қалдырушының тұрғылықты тұратын жерінің және Қазақстан Республикасы заңының байланысының өзара қарым қатынастары жөнінде сауал туулуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан азаматы Туркияда тұрақты тұрып жатқанда және Туркияда өсиеттің жарамсыз деп тану негіздері Қазақстанда жоқ. Бұл жағдайда негізгі заң болып Түркия заңы сақталады, бірақ өсиеттің жарамсыз болып танылуы Қазақстан заңымен анықталады.

Қазақстанда мұрагерліктің қосарланған статут қағидасы қолданылатындықтан, жылжитын және жылжымайтын мүлік мұрагерлігіне әртүрлі құқықтық байланыстар қолданылады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады(1123-бап).

Жоғарыда айтылғандардан қорытындылай келе, яғни өсиеттің нысаны және ол нысандардың көп түрлілігі мемлекеттердің ерекшеліктерімен ескерілінген, яғни оның мәдениеті және әдет-ғұрпы. Ал коллизиялық норма мен өсиет нысаны айтарлықтай ұқсас. Және бұл Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының құқық шығармашылық жұмысының көрінісі болып табылады. 1961жылы 5 қазанда Гаагада өсиеттік билік ету нысанына қатысты коллизиялық заң туралы конвенция қабылданды. Бұл заң, сәйкес коллизиялық нормаларды бірыңғайлайды. Конвенция барлық мүмкін коллизиялық байланыстардың түрлерін қарастырады және өсиет нысанын регламенттеуші, яғни азаматтық ел заңы, мүлік орналасқан жер.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Неркәсiптiк үлгi 2 страница | Неркәсiптiк үлгi 3 страница | Неркәсiптiк үлгi 4 страница | Неркәсiптiк үлгi 5 страница | Неркәсiптiк үлгi 6 страница | Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерліктің түсінігі және жалпы сипаттамасы. | Азақстан Республикасындағы шетел азаматтарының мұрагерлік құқықтық жағдайлары | Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтарының мұрагерлік құқытық жағдайлары | Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқығы. | Азақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі мұрагерлік құқығы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав