Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді және олардың көздерін құпияландыру заңдылық, негізділік және уақтылығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Заңдылық - құпияландырудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігін білдіреді.
Негізділік-қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің тепе-теңдігін негізге ала отырып, нақты мәліметтерді құпияландырудың орындылығын, сол актінің болуы ықтимал экономикалық және өзге де салдарларын сараптамалық бағалау арқылы анықтау болып табылады.
Уақтылығы - осы мәліметтер алынған (әзірленген) кезден бастап немесе алдын ала олардың таратылуына шек қоюды көздейді.

1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық дәрежесі аталған мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.
2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық үш дәрежесі және осы дәрежелерге сәйкес көрсетілген мәліметтердің көздеріне арналған: "аса маңызды", "өте құпия" және "құпия" деген құпиялылық белгілері белгіленеді.
Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерге "аса маңызды", "өте құпия" деген құпиялылық белгілері беріледі.
Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге "құпия" деген құпиялылық белгісі беріледі.
Аталған құпиялылық белгілерін мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге өзге де шектеу белгілерін беруге жол берілмейді.

1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес осы мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен, бағыныстылық қатынаста тұрмайтын және бірлескен жұмыстар атқармайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге сауал салушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұл мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасауға міндетті. Олардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен танысу жөнінде белгіленген тәртіптің сақталуы үшін дербес жауап береді.
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруге арналған міндетті шарт олардың осы Заңның талаптарын орындауы болып табылады.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат. | Ақпараттық технологиялар және оны қамтамасыз ету құралдарының құқықтық режимі. | Байланыс және телекоммуникация саласындағы құқықтық реттеу. | Виртуалды орта интернетті қолданудың құқықтық мәселелері. | Интеллектуалдық меншіктің ақпараттық жақтары | Дербес деректердің құпиялылық режимі. | Дербес деректерді иемденушінің құқықтары мен міндеттері. Ұстаушының дербес деректерді жинау кезіндегі міндеттері | Дербес деректермен жұмыс жасау барысындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. | Ақпараттық технологияны пайдаланудағы тұлғалардың құқықтарының қорғалуы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав