Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дербес деректердің құпиялылық режимі.

Дербес деректердің қолжетімділігі, дербес деректердің арнайы категориялары. Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасы1. Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылған ережелерден өзге де ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.Дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) – жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер. Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) биометриялық дербес деректер - адамның физиоогиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және соның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын мәліметтер;2) дербес деректер - жеке тұлғаның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін жеке тұлға туралы материалдық тасымалдағышта тіркелген ақпарат. Дербес деректерге жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ұлты, жынысы, туған күні мен жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы, тұрғылықты жері, байланыс құралының абоненттік нөмірі, оның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, отбасы және әлеуметтік жағдайы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, білімі, кәсібі және биометриялық дербес деректері жатады;

3) дербес деректер субъектісі - тиісті дербес деректер тиесілі жеке тұлға;

4) дербес деректерді блоктау - дербес деректерді пайдалануды, таратуды, оның ішінде беруді уақытша тоқтату;5) дербес деректерді жинау - ұстаушының субъектіден дербес деректерді алу рәсімі;6) дербес деректерді жою - нәтижесінде дербес деректердің мазмұны қалпына келтірілмейтін іс-әрекеттер;7) дербес деректерді иесіздендіру - нәтижесінде дербес деректердің нақты бір субъектіге тиесілілігі айқындалмайтын іс-әрекеттер;8) дербес деректерді өңдеу - дербес деректерге қол жеткізуді, жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, өзгертуді,

пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді, блоктауды және жоюды жүзеге асыру жөніндегі жекелеген іс-әрекеттер немесе олардың жиынтығы;

9) дербес деректерді ұстаушы - дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын мемлекеттік орган, заңды немесе жеке тұлға;10) дербес деректерді пайдалану - шешімдер қабылдау немесе дербес деректердің субъектісіне немесе басқа да адамдарға қатысты құқықтық салдарды туындататын не субъектінің немесе басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын өзгеше қозғайтын өзге де іс-әрекеттерді жасау мақсатында ұстаушының дербес деректермен жасайтын іс-әрекеттері (операциялары);11) дербес деректерді тарату - дербес деректерді белгілі бір адамдар тобына беруге (дербес деректерді беру) немесе шектелмеген адамдар тобын дербес деректермен таныстыруға, оның ішінде дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде орналастыруға немесе қандай да бір өзгеше тәсілмен дербес деректерге рұқсат беруге бағытталған іс-әрекеттер. Адамның дербес деректерін өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады. Дербес деректерді өңдеу өңдеудің мақсаттары мен әдістерінің заңдылығы, адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, құпиялылық, адалдық, жауапкершілік, шынайылық, ақпаратты қорғау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Дербес деректерге рұқсат беру және өңдеу шарттары:

1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді жинауға ұстаушының алдында тұратын міндеттерді орындау үшін оларды жинаушыларға рұқсат етіледі.Дербес деректер өзінің келісімі болса, тиісті тұлғадан жиналады. Оның келісімінсіз осы Заңның 7-бабында көзделген жағдайларда жиналуы мүмкін.2. Дербес деректер заңды және мәлімделген мақсаттар үшін жиналуы тиіс және одан әрі өзге өңдеуге жатқызылмайды. Дербес деректерді өңдеуге субъектінің келісімін алу немесе оны кері қайтару тәртібі:1. Дербес деректерді өңдеуді осы Заңның 7 және 8-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана оларды ұстаушы жүзеге асырады.2.

Дербес деректердің субъектісі өзінің дербес деректерін өңдеуге келісімді жеке өзі немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында қол қойылған қағаз тасымалдағышта береді немесе оны кері қайтарады.

3. Субъект әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, сондай-ақ ол кәмелетке толмаған жаста болған жағдайда, оның дербес деректерін өңдеуге оның заңды өкілі келісім береді.4. Субъект қайтыс болған жағдайда оның дербес деректерін өңдеуге келісімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мұрагерлері береді.5. Субъектінің дербес деректерін өңдеуге оның келісімін алғанына дәлелдеме ұсыну міндеттілігі, ал жалпыға қолжетімді дербес деректерді өңдеген жағдайда өңделіп жатқан дербес деректердің жалпыға қолжетімді екенін дәлелдеу міндетілігі дербес деректерді ұстаушыға жүктеледі.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 24 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат. | Ақпараттық технологиялар және оны қамтамасыз ету құралдарының құқықтық режимі. | Байланыс және телекоммуникация саласындағы құқықтық реттеу. | Виртуалды орта интернетті қолданудың құқықтық мәселелері. | Интеллектуалдық меншіктің ақпараттық жақтары | Ақпараттық қатынасты ноу-хоу институты арқылы реттеу ерекшеліктері | Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу | Дербес деректермен жұмыс жасау барысындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. | Ақпараттық технологияны пайдаланудағы тұлғалардың құқықтарының қорғалуы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав