Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпараттық технологияны пайдаланудағы тұлғалардың құқықтарының қорғалуы.

Ақпарат технологиясы — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшіліккеIT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технология лық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері

1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде «электрондық үкіметті» қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау;2) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерін пайдалануға тең құқылығы;3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу және оларды берудің міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеудің, өндіру мен берудің еркіндігі;
5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толықтығы мен дұрыстығы;7) адал бәсекенің қамтамасыз етілуі;
8) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етілуі;9) ақпараттандыру саласының сенімділігі мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде қамтамасыз етілуі;10) ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы;
11) дербес деректерді алуды, өңдеуді және пайдалануды оларды жинауға арналған мақсатпен шектеу принциптеріне негізделген.
3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат. | Ақпараттық технологиялар және оны қамтамасыз ету құралдарының құқықтық режимі. | Байланыс және телекоммуникация саласындағы құқықтық реттеу. | Виртуалды орта интернетті қолданудың құқықтық мәселелері. | Интеллектуалдық меншіктің ақпараттық жақтары | Ақпараттық қатынасты ноу-хоу институты арқылы реттеу ерекшеліктері | Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу | Коммерциялық құпия режимін анықтау. Ақпаратты коммерциялық құпия қатарына жатқызу. | Дербес деректердің құпиялылық режимі. | Дербес деректерді иемденушінің құқықтары мен міндеттері. Ұстаушының дербес деректерді жинау кезіндегі міндеттері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав