Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының заңнамасындағы «ақпараттық меншік» мәселелері 1 страница

Күнделікті өмірімізде біз «ақпараттық меншік» немесе «ақпараттық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Ақпараттық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Объектілерді ақпараттық шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.

Жоғарыда көрсетілген ақпараттық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.

Ақпараттық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур»фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

Ақпараттық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері

Ақпараттық меншік объектілеріне құқық Ақпараттық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.

Ақпараттық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде ақпараттық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Ақпараттық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.

Ақпараттық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған ақпараттық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада ақпараттық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.

Айрықша құқық меншік иесінің ақпараттық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы ақпараттық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.

Ақпараттық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.

 

Ақпараттық құқықтық қатынастардың субъектілері – ақпаратты өндіруші (автор), ақпаратты иеленуші (пайдаланушы), ақпаратты тұтынушы

Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.

Ақпараттық құқық бұл комплекстiк құқық, қоғамдағы ақпаратты алу, беру, тарату, өңдеу, айырбастау сияқты қатнастарды реттейтiн құқық саласының бiр түрі.

Ақпараттық құқықтық қатынастар – бұл қоғамдық қатынастық бiр түрі, екi немесе одан да көп субъектiлердiң арасындағы ақпаратты алу, беру, тарату, өңдеу, айрбастау сияқты қатынастарды реттейдi.

Ақпаратпен алмасу және ақпаратпен күрес ғасырында актуалдык сұрақ болып Ақпараттық меншік, субъектiлердiн Ақпараттық қатынастардағы құқықтық жағдайы, колданушылар мен провайдерлердiн Интернет жүйесiнде алатын орны болып табылады. Бұл сұрақтың барлығы Ақпараттық құқықтық нормалармен реттеледi.

Құқық субъектісі – құқықтың барлық салаларындағы құқықтық қатынастардың қажетті белгісі, әйтсе де олардың әрқайсысында оның субъектілерінің жағдайында белгілі бір айырмашылықтар болады. Ақпараттық қатынастардың субъектiлерi болып кұрушылар, ақпаратты колданушылар, провайдерлер, сайттардың иеленушiлерi, жүрналисттер, ақпаратшылар тағы басқалар табылады. Олардын құқықтык жағдай ҚР азаматтык кодексімен, БАҚ, байланыс т.б. нормативтiк актiлермен реттеледi.

Ақпараттық нормаларды реттейтiн қатынастары бойынша мыналарға бөлуге болады: азаматтардын Ақпараттық құқығы, Ақпараттық компьютерлiк нормалар, телекоммуникациялык нормалар тағы сол сияқты және бұл нормалар әкiмшiлiк, азаматтык құқық, қылмыстық құқық тағы басқа нормаларға жатады, бірақ объектiлердiң спецификасы бойынша ерекшеленедi.

Казiргi уакытта республикада Ақпараттық заң шығару процессi жүруде, бірақ бiз көптеген мемлекеттерден артта калып отырмыз. Онын iшiнде Интернет жүйесiнде Ақпараттық қатынастардың құқықтық реттелуi мен Ақпараттық кауiпсiздiк туралы сұрақ бойынша мәселелер қаралып жатыр.

 

 

16.Мемлекеттік билік пен ұйымдастыру, кәсіпорындар мен мекемелер, жеке және заңды тұлғалар ақпараттық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай:заң шығарушы;атқарушы;сот билігі болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай авторитарлық; тоталитарлық; демократиялық болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар: пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі, пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі, жария-саяси сипатта жүруі, мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы. Мекеме – қызметінің бағыты мен мақсатына сәйкес құрылған ұйымдық құрылым.Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтікқажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді.Тіркеу үшін құрылтайшы оны

құру туралы шешімдінемесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларыныңміндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтінкоммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады..

 

17.Әркімнің ақпаратты іздеуге, алуға және қолдануға құқығының конституциялық негіздері. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің даусы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сектордың борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша жүйелік

мониторинг жүзеге асырылады.

Борышты басқарудың негізгі проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және тиісті деңгейде борыштың жағдайына жүйелік талдау жүргізу үшін бірыңғай тұтастандырылған электрондық дерекқор құрылатын болады, ол тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік басқару секторының борышы және мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен, басым қатысуы бар ұйымдардың сыртқы борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, қаржы секторының қаржылық тұрақтылығының өлшемдері бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жаңартады.

Бұл ретте, құпиялық сипаттағы ақпарат құрылатын дерекқорда ұсталмауы тиіс және қолданылатын ақпараттық алмасу туралы келісім жасасу тәжірибесі арқылы мемлекеттік органдар арасында алмасуға жатады. Елдің сыртқы борышын басқаруға және реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы борышы туралы ақпаратқа тиісті қол жеткізе алуы тиіс. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу

және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

18.Құжатталған ақпараттың құқықтық режимі. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру саласындағы және олардың ішіндегі ақпаратты тұтынушыларға ұсынудағы мемлекеттік билік органдарының міндеттері. Құжатталған ақпарат – материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат; «Құжат» ұғымы сөздіктермен қатар мемлекеттік стандарттарда да беки бастады.. Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:1) әлеуметтік – құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;2) ақпараттық – құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;3) қарым-қатынастық – құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді. Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) — 1) ғылыми теорияларымен, процестер мен құбылыстарды зерттеулерімен, өнер табыстарымен, машина жобаларымен, ғимараттарымен, зауыттарымен, табиғат пен қоғам туралы мағлұматтарымен сипатталатын мемлекеттің рухани пәрмені (күш-қуаты); мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы. Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кірістік құжаттар жатады; 2) кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.Интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуни кациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану техноло гиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
интернет-ресурстың меншік иесі – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықта рын толық көлемде

іске асыратын субъект. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай:1) мемлекеттік;2) мемлекеттік емес болып бөлінеді. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай:1) жалпыға ортақ қолжетімді;2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады.5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарт тарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады. Мүлік құрамының элементі және меншік құқығының объектісі ретіндегі электрондық ақпараттық ресурстар
1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлік құрамының элементі ретінде мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның ішінде:1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беруге;
2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткізу режимі мен ережелерін белгілеуге;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын

айқындауға құқылы.

 

19.Мемлекеттік құпия институтының Конституциялық негізі. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен билік етуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Мемлекеттік құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және олар жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, аталған басшылар белгілейтін мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрады.мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер.қызметтік құпия - мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне,Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер.құпиялылық белгісі - беру көзінің өзінде және (немесе) оған ілеспе құжаттамада көрсетілетін, беру көздерінде




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ақпараттық құқықтар мен бостандықтар. | Ақпараттық қатынастар – ақпараттық құқықтың негізгі пәні | Ақпараттық құқықтық қатынастардың классификациясы | Ақпарттық құқықтың негізгі қайнар көзі – ақпараттық заңнама. Қайнар көздердің... | Азақстан Республикасының заңнамасындағы «ақпараттық меншік» мәселелері 3 страница | Азақстан Республикасының заңнамасындағы «ақпараттық меншік» мәселелері 4 страница | Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу. | Ақпараттық құқықтың кайнар көздерi. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав