Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу.

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;2) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;4) теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар және кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы5) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату,6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

7) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;8) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу: 1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.2. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құзыреті,Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және

олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

3) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін бекітеді.

Уәкілетті органның құзыреті:1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;

3) телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу ережесін бекітеді;4) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радио жиіліктер номиналдарын бөлу жөніндегі ашық конкурстар өткізуді ұйымдастырады;5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;6) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысын тоқтата түру туралы шешім қабылдайды;7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді;10) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;11) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртібін айқындайды;12) журналистерді аккредиттеу ережесін бекітеді;13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі қызметін үйлестіреді;14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

 




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ақпараттық құқықтар мен бостандықтар. | Ақпараттық қатынастар – ақпараттық құқықтың негізгі пәні | Ақпараттық құқықтық қатынастардың классификациясы | Ақпарттық құқықтың негізгі қайнар көзі – ақпараттық заңнама. Қайнар көздердің... | Азақстан Республикасы Конституциясының ақпараттық-құқықтық нормалары | Азақстан Республикасының заңнамасындағы «ақпараттық меншік» мәселелері 1 страница | Азақстан Республикасының заңнамасындағы «ақпараттық меншік» мәселелері 2 страница | Азақстан Республикасының заңнамасындағы «ақпараттық меншік» мәселелері 3 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав