Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Полисахаридтер. Жалпы сипаттама беріңіз.

Полисахаридтер дегеніміз – күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан моносахаридтерден құралады. Полисахаридтерге жататындар: рахмал, гликоген, целлюлоза, (клетчатка) инулин, гемицеллюлоза, пентозандар т.б.

Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтерден және урон қышқылынан тұрады. Мукополисахаридтерге жататындар: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. Полисахаридтер өте күрделі, олардың құрамына 1000 дейін, тіпті одан да көп моносахарид қалдықтары кіреді. Сондықтан олардың молекулалық массасы да өте жоғары, миллион, тіпті одан да жоғары.

1. Крахмалдың формуласы (С6Н10О5)n, мұндағы n мөлшері бірнеше мыңға жетеді. Крахмал - өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жемшөп болатын аса маңызды полисахарид. Бидай, қарабидай, жүгері, сұлы, күріш, картопсияқты дақылдар құрамының негізгі бөлігі крахмал. Крахмал екі бөліктен: амилоза, мен амилопектиннен тұрады. Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды. Бұл екі бөлікте негізінен жеке α-D-глюкозалар. Амилозаның құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) α(1→4)-байланыс арқылы жалғасқан. Амилопектиннің құрылымы тармақталған болып келеді, мұндағы негізгі тізбек α (1→4)-байланысы арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан құралады.

Крахмал ақ ұнтақ зат, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салғанда клейстер береді. Амилоза суда ериді, иодпен әмер еткенде кезде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, иодпен әсер еткенде күлгін түске боялмайды.

2. Гликогеннің де жалпы формуласы крахмалдікіндей (С6Н10О5)n, бірақ n шамасы крахмалдікінен азырақ. Гликоген жануарлардың полисахарид қоры.

Таза гликоген – ақ түсті ұнтақ суда ериді де коллоидты ерітінді түзеді. Иодпен әсер еткенде қызыл н/се қызыл-қоңыр түске боялады. Бауырдың беткі жағында түйіршік түрінде болады. Молекулалық массасы өте жоғары. Гликогеннің тармағы көп және оның құрылымы ашық.

3. Целлюлоза (клетчатка). Клетчатка - өсімдіктер клетксының негізгі материалы, оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n, n-шамасы бірнеше мыңға жетеді. Клетчатка D-глюкоза молекуласы қалдықтарынан құралады. Таза целлюлозаның талшықтанған құрылымы бар және органикалық ерітікіштерде ерімейді. Ол швейцер реактивінде (мыс гидрототығының аммиак ерітіндісінде) ериді. Мақта өсімдігінде, қағаздың жақсы сорттарында, өсімдік клеткаларының қабығын құрайды.

4. Гиалурон қышқылы. Гиалурон қышқылы – жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінде кездесетін аса маңызды полисахарид. Г.қ. – тұтқырлығы күшті желатин тәрізді зат. Бұл сіңірдің, сүйектің, терінің құрамдас бөлігі. Буын аралығында орналасады, амортизатор қызметін атқарады.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 158 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тұнбаға түсірушіні таңдау. Тұнбаға қосылып түсу және олардың түрлері | Аналитикалық сигнал. | Гравиметриялық анализ әдісінің мәні. | Физика - химиялық анализ әдіс: хроматографиялық анализ. | Титриметриялық анализ әдісінің классификациясы. | Гормондарға жалпы сипаттама. | Дисахаридтер. Сахароза. Троммер реакциясы. | Ышқылдық – негіздік титрлеу индикаторлары. | Билет 1. Заттың молярлық массасының эквивалентін есептеу. | Полисахаридтерге жалпы сипатама. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав