Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 5.

Тақырыбы: Тіршіліктің жасушалық, молекулалық – генетикалық деңгейі. Жасуша – тірі организмнің элементарлы бірлігі

Мақсаты: Тірі ағзаға тән қасиеттердің бірі – жасушалық ұйымдасу ерекшеліктеріне тоқталып, өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын сипаттау

Жоспары:

  1. Жасуша теориясы.
  2. Жасушалық ұйымдасу типтері.
  3. Эукариотты жасушалардың құрылымдық – функциональдық ұйымдасуы.
  4. Жасушаның уақыт аралығындағы тіршілік ету заңдылығы.

Жасушалық теория (ЖТ). Жасуша - өздігінен жаңаруға, өздігінен үздіксіз көбеюге және дамуға қабілетті элементарлық биожүйе. Жануарлар мен өсімдіктердің қазіргі алуан түрлілігі, дегенмен де олардың құрылымының негізінде жасушалары жатады. Органикалық әлемнің эволюция процесінде жасушалар прокариоттардан эукариоттарға дейін дамыды және алғашқыда бір жасушалық формалар тіршілік етті. Жасушаны зерттеу алғашқы микраскоп пайда болғаннан бастап дамыды. 1665 жылы ағылшын ғалымы Г.Гук микраскоппен ағаштың пропкасын қарап, оның көптеген тор тәрізді бөліктерден тұратынын анықтады. Оны ол бірінші болып «жасуша» деп атады. Тағы басқа ғалымдар: М.Мальпигий, Н.Грю, А.Ливенгук т.б. еңбектерінен көруге болады.

Жасушалық теорияның негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (М. Шлейденмен бірге) болып есептеледі, ол, 1839 жылы «Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер» еңбегін жариялады. Оның ережелері:

1) жасуша - барлық тірі ағзалардың (жануарлардың да, өсімдіктердің де) басты құрылымдық бірлігі;

2) егер микроскоппен көрінетін, қандай да болмасын түзілімнің ядросы болса, онда оны жасуша деп есептеуге болады;

3) жаңа жасушалардың пайда болу процесі өсімдік және жануар
жасушаларының өсуін, дамуын, саралануын білдіреді.

Жасушалық теорияға қосымшаны неміс ғалымы Р. Вирхов 1858
жылы өзінің «Целлюлярлық патология» атты еңбегін жариялады. Ол, еншілес
жасушалар аналық жасушалардың бөліну жолымен пайда болатынын
дәлелдеді: өсімдік жасушаларындағы Гольджий жиынтығы, пластидтер.
Бөлінетін жасушалар арнаулы бояулармен боялғаннан кейін хромосомалар
табылды.

Жасушалық теорияның қазіргі кездегі жағдайы. Жасуша - барлық тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізгі бірлігі, тірі тіршіліктің барынша кіші құрылымдық бірлігі болып табылады. Барлық ағзалардың (бір-, және көп жасушалы) жасушалары химиялық құрамы, құрылымы, зат алмасу және тіршілік әрекетінің негізгі пайда болуы бойынша бір - біріне ұқсас. Жасушалардың көбеюі олардың бөліну жолымен жүреді (әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі кезінде пайда болады); күрделі көп жасушалы ағзаларда жасушалардың формалары әртүрлі болады және атқаратын қызметіне сәйкес мамандандырылады. Ұқсас жасушалар ұлпалар түзеді; ұлпалардан мүшелер пайда болады, олар мүшелер жүйелерін кұрайды, олар өзара тығыз байланысқан және реттеудің жүйке және гуморальды механизмдеріне бағынады (жоғары сатылы ағзаларда).

Жасушалық теорияның маңызы. Жасушалар - тірі ағзалардың маңызды құрамдас бөліктері, олардың басты морфофизиологиялық компоненті. Жасуша - ол, көп жасушалы ағзаның негізі, ағзадағы биохимиялық және физиологиялық процестердің өтетін орны. Жасушалық деңгейде ең ақырында барлық биологиялық процестер жүреді. Жасушалық теория барлық жасушалардың олардың құрылымының жалпы көрінісінде химиялық құрамының ұқсастығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік жасады, оны барлық тірі әлемнің филогенетикалық бірлігі дәлелдейді.

Негізгі жасушалық формалар. Прокариоттар. Жердегі барлық тірі ағзаларды, қарапайым жасушалық құрылысы болмайтын жасушалыққа дейінгі формаларға (олар вирустар мен бактериофагтар), және кәдімгідей жасушалық құрылысы бар, жасушалыққа бөлу қабылданған. Бұл ағзаларды өз кезегінде екі санатқа бөледі:

1) ядроға дейінгі прокариоттар, оларда типтік ядро болмайды. Оларға
бактериялар мен көк-жасыл балдырларды жатқызады;

2) ядролық эукариоттар, олардың типтік айқын көрінетін ядросы болады. Олар
барлық қалған ағзалар. Прокариоттар эукариоттардан әлдеқайда ерте пайда
болған (архея дәуірінде). Олар мөлшері 0,1 ден 10 мкм дейінгі өте кішкене
жасушалар. Кейде 200 мкм дейінгі аса алып жасушалар да кездеседі. Кәдімгі
бактериялық жасуша сыртынан жасушалық қабықшамен қоршалған, оның
негізі муреин заты болып табылады (полисахарид- күрделі көмірсутегі).
Жасушалық қабықша бактериялық жасушалардың формасын анықтайды.
Жасушалық қабықшаның үстінде шырышты капсула немесе шырышты қабат
болады, ол қорғаныш қызметін атқарады.

Жасушалық қабықшаның астында плазмалық жарғақша орналасқан. Бүкіл жасушаның іші цитошіазмамен толтырылған, ол сұйық бөліктен (гиаплазма, немесе матрикс), органеллелардан және қосындылардан тұрады. Гиоплазма биомолекулалардың коллоидты ертінідісі болып табылады, ол екі күйде бола алады: күл (қолайлы жағдайларда) және гель (гиаплазманың тығыздығы артқан, нашар жағдайларда). Тұқымқуалаушылық аппарат: бір ірі «жалаңаш», сақинаға тұйықталған, нәруыздар қорғанысынан айырылған ДНК молекуласы - нуклеоид. Кейбір бактериялардың гиалоплазмасында сонымен қатар, хромосомалармен немесе нуклеоидпен ассоцияцияланбаған, ДНҚ қысқа сақиналы молекулалары - плазмидтер болады.

Прокариоттық жасушаларда жарғақшалық органеллалар аз. Мезосомалар - бар эукариоттардың митохондрияларының функционалды эквиваленті болып есептелетін, плазмалық жарғақшаның ішкі өскіндері. Автотрофты прокариоттар - цианобактерияларда және басқаларында - фотосинтездік жарғақшалар - ламелалар мен ламесомалар болады. Оларда хлорофилл жэне фикоцианин бар. Онда пигменттер болады. Көптеген жарғақша емес орангеллалар да табылды. Рибосомалар, эукариоттар сияқты, екі суббірліктерден тұрады: үлкен және кіші. Олардың мөлшері кішкентай, гиоплазмада ретсіз орналасқан. Рибосомалар бактериялық нэруыздардың синтезіне жауап береді. Кейбір бактериялар қозғалыс органелласы-жіпшелерден тұрады, олар микрофиламенттерден кұрылған. Бактериялардың тану органеллалары жасушаның сыртына орналасқан және жіңішке шаштәрізді өскіндер түрінде болады. Гиаплазмада сонымен бірге, тұрақсыз қосылымдар болады: нәруыз түйіршіктері, май тамшылары, полисахаридтер молекулалары, тұздар.

Эукариотты жасушалар туралы жалпы мәліметтер. Әрбір эукариоты жасушалардың оқшауланған ядросы болады, онда ядролық жарғақшаның матриксінен шекараланған генетикалық материал салынған (бұл прокариотты жасушалардан ең басты айырмашылығы). Генетикалық материал, күрделі құрылысы бар және ДНҚ жіпшелері мен нәруыздық молекулалардан тұратын, басымдылықты түрде хромосома түрінде жинақталған. Жасушалардың бөлінуі митоз арқылы жүреді (жыныс жасушалары үшін -мейоз). Эукариоттар арасында бір жасушалық та, көп жасушалық та ағзалар бар. Эукариотты жасушалардың шығуының бірнеше теориясы бар, олардың арасында - эндосимбиондық теория. Гетеротрофты анаэробты жасушаға бактериятәрізді аэробты жасуша енді, ол митохондрияның пайда болуына негіз болды. Бүл жасушаларға спирохетсияқты жасушалар ене бастады, ол центролдың қалыптасуына бастау берді. Тұқымқуалау материалы цитоплазмадан бөлектенді, ядро пайда болып, митоз алынды. Кейбір эукариотты жасушаларға көк-жасыл балдырлар түріндегі жасушалар енді, ол хлоропластардың пайда болуына бастама болды. Сөйтіп келе-келе өсімдік патшалығы пайда болды. Адам денесінің жасушаларының мөлшері 2-7 мкм бастап (тромбоциттерде) алып мөлшерге дейін түрленеді (140 мкм дейін жұмыртқа жасушасында). Жасушалардың формасы олардың атқаратын қызметіне байланысты: жүйке жасушалары - аса көп санды өсінділер есебінен жұлдызша тәрізді (аксона және дендриттер), бұлшық ет жасушалары - созылған, өйткені қысқартылуы тиіс, эритроциттер майда капилляр бойынша қозғалысы кезінде өз формасын өзгерте алады. Жануарлар мен өсімдік ағзаларының эукариоттық жасушаларының құрылымы көп жағынан ұқсас. Сыртынан әрбір жасуша жасуша қабықшасымен немесе плазмалеммамен бөлектелген. Ол цитоплазмалық жарғақшадан және оны сыртынан жабатын гликокалиск (қалыңдығы 10-20 нм) қабатынан тұрады. Гликокаликстің компоненттері - полисахаридтердің нәруыз (гликопротеиндер) және маймен (гликолипидтер) кешендері.

Цитоплазмалық жарғақша - бұл, фосфолипидтердің протеиндер мен полисахаридтермен қосқабат кешені. Жасушада ядро мен цитоплазма болады. Жасушалық ядро жарғақшадан, ядро шырынынан, ядрошықтан және хроматиннен тұрады. Ядролық қабықша перинуклеарлық кеңістікпен бөлінген және тесік саңылаулар бар екі жарғақшадан тұрады.

Ядро шырынының негізін (матрикс) нәруыздар құрайды: жіпше тәрізді, немесе фибриллярлы (тіректік қызмет), глобулярлық, гетероядролық РНҚ. Ядрошық - бұл, рибосамалық РНҚ (р-РНҚ) пайда болатын және пісу жүретін қүлзылым. Кесек түріндегі хроматин нуклеоплазмада шашыраңқы және хромосоманың бар болуының интерфазалық формасы болып табылады. Цитоплазмада негізгі заттар (матрикс, гиало-плазма), органелла мен қосындылар бөлінеді. Органеллаллар жалпы маңыздылықты және арнаулы болуы мүмкін (арнаулы қызмет атқаратын жасаушаларда: ішектің copy эпителийінің микро түтікшелері, бұлшық ет жасушаларының микрофибриллдері т.б.). Жалпы маңыздылықты органеллалар - эндоплазмалық тор (тегіс және түйіршікті), Гольджи жиынтығы, митохондриялар, рибосомдар мен полисомалар, лизосомалар, пероксисомалар, микрофибриллдер және микротүтікшелер, жасуша орталығының центриолдары. Өсімдік жасушаларында одан басқа фотосинтез жүретін хлоропластар болады.

Цитоплазмалық жарғақшаның қызметі мен құрылымын, жасушалық ядроның құрылымы мен қызметін және жасушалардың жартылай дербес құрылымдарының қызметі мен
құрылысын (өзбетімен дайындалуға беру).




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 135 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Биологияға кіріспе» пәнінің мақсаты | ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. | Педагогикалық пәндер» кафедрасы | Пән мазмұны | Семинарлық, практикалық сабақтар | Дәріс 1. | Дәріс 2. | Дәріс 3. | Тақырыбы: Тіршілік ұйымдасуының популяциялық–түрлік деңгейі. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав