Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Жалпы генетика және молекулалық биология

Мақсаты: Тірі ағзалардың тұқым қуалау қасиеттерін зерттеп, ғалымдар еңбектерінің генетиканың дамуындағы маңызын ашып көрсету

Жоспары:

  1. Генетика — өзгергіштік пен тұқым қуалаушылық туралы ғылым.
  2. Мендель тәжірибесінің маңызы
  3. Белгілердің тұқым қуалау жолдары

 

Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән қасиеттер - өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықты зерттейтін биология ғылымының саласы. Мұндай атауды 1906 жылы ағылшын ғалымы В. Бэтсон ұсынған. Тіршілік – организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілер мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бірақ олардың ішінде толық ұқсастық ешқашанда болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай болмасын бірбелгі – қасиетінде айырмашылығы да болады.

Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті өзгермейтін нірсе емес, ол сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады, оны өзгергіштік деп атайды. Өзгергіштік пен тұқым қуалаушылық бірімен - бірі қатар жүретін және бір - бірімен қарама – қайшы, әрі өзара тығыз байланысты процестер.

Тұқым қуалаушылық жайлы алғашқы түсініктерді көне дәуірдегі ғалымдар: Демокрит, Гиппократ, Платон, Аристотельдердің еңбектерінде кездеседі. XIX ғасырдың 80-ші жылдарында А.Вейсман «ұрық плазмасы» деген гипотезасын ұсынды. Ол организмдерде тек қана жыныс клеткасында кездесетін ерекше ұрық тұқым қуалайтын заттың болатынын, олардың клетканың ядросында болатын зат, яғни хромосомаларда жинақталады деген көзқарасты дамытты.

XIX ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына себепкер болды. Г. Мендель 1865 жылы өзінің «Өсімдік гибридтерімен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегінде тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдарын қалыптастырған. Г. Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына көңіл аударған және дұрыстығын дәлелдеген ғалымдар Г. Де Фриз (Голландия), К. Корренс (Германия) және Э. Чермак (Австрия) атауға болады. Г. Мендель шын мәнінде генетиканың негізін салушы болып есептеледі.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытушы орыс оқымыстысы Н.И.Вавилов (1887-1943). Ол 1920 ж. тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологты қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дәлелдеді,бұл генетика мен эволюциялық ілімді ұштастыру үшін жасалған алғашқы қадам болды.

Ген теориясын дамытуда А.С.Серебряковский мен Н.П.Дубининнің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды, олар алғаш рет ген құрылысының күрделі екенін және олардың түрлі бөлшектерге бөлінетінін дәлелдеді.

Американдық микробиолог О.Эвери 1944 жылы өзінің қызметтестерімен бірге бактериялармен жүргізген тәжірибелерінің негізінде тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі – хромосоманың белоктық компоненттері емес, ДНК екендігін дәлелдеді. 1953 жылы Дж.Уотсон мен Ф.Крик ДНК-ның молекулалық құрылысының моделін жасады. Бұл генетикалық материалдың репликацияға (екі еселенуге), мутацияға және тұқым қуалайтын информацияны сақтайтын қабілеті бар екендігіанықталды.

Генетикамен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының үлестері зор: астық, техникалық және басқа да дақылдарды түр ішілік пен түр аралық будандастыру нәтижесінде бидайдың, арпаның, көксағыздың, жүгері мен қызылшаның мол өнімді гибридтері мен сорттары (Қ.Мыңбаев, И.П.Кузьмин, А.М.Ғаббасов, Ғ.З.Бияшев, Н.А.Удольская) шығарылды.

Микроорганизмдер генетикасы, оның ішінде актиномицеттер табиғатына мутагендік факторлардың тигізетін әсерлері зерттеліп, олардың антибиотиктерді көп түзетін мутантты формалары алынды (М.Х.Шығаева, К.А.Төлемісова).

Алшақ будандастыру әдісімен жабайы арқарда пайдаланып, қойдың арқар-миранос тұқымы алынды (Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин). Мол өнімді мал тұқымдары – бесқарағай мериносы, қазақтың акбас сиыры, алатау сиыры, қостанай жылқысы т.б. (М.А.Ермеков, Ә.Е.Еламанов, В.А.Бальмонт, Д.Н.Пак, Қ.Ү.Медеубеков) шығарылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал өсірудегі генетикалық-селекциялық жұмыстар биохимиялық және цитологиялық зерттеулермен қатар жүргізілді (Т.Б.Дарқанбаев, Л.Қ.Қылышев, А.М.Мырзамадиев, М.Мәсенов, Ә.Т.Ташмухамедов, А.Т.Омарбаев т.б.).

М.Ә.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізілді. Соңғы жылдары генетиканың аса маңызды салалары: молекулалық генетика (Р.И.Берсімбаев) және радиациялық генетика (К.Қ.Мухамбетжанов, А.Т.Сейсебаев) бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Генетика қазіргі кезде қарқынды дамуда, оның көптерен салалары бар: өсімдіктер генетикасы, жануарлар генетикасы, адам генетикасы, микроорганизмдер генетикасы, медициналық генетика, педагогикалық генетика, зкологиялық генетика, радиациялық генетика т.б.

Генетиканың зерттеу әдістері, олар: гибридологиялық, цитологиялық, онтогенетикалық, математикалық.

Гибридологиялық зерттеу әдісі – организмнің бойындағы белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалау сипаты будандастыру жолымен зерттеледі және ол көбіне генетикалық талдаумен ұштастырады.

Цитологиялық зерттеу әдісі – клетканың құрылымын организмдердің көбеюі мен тұқым қуалайтын информацияның берілуіне байланысты зерттейді.

Онтогенетикалық зерттеу әдісі – организмдердің жеке дамуы кезінде гендердің қызметі мен көрінісін зерттейді.

Математикалық зерттеу әдісі – өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықтың статистикалық заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен қатар генетика өзімен шектес ғылымдардың зерттеу әдістерін кеңінен қолданады: химиялық, биохимиялық, физикалық т.б.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Биологияға кіріспе» пәнінің мақсаты | ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. | Педагогикалық пәндер» кафедрасы | Пән мазмұны | Семинарлық, практикалық сабақтар | Дәріс 1. | Дәріс 2. | Дәріс 3. | Дәріс 4. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав