Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Тіршілік ұйымдастығының биогеоценотикалық деңгейі.

Мақсаты: Тірі ағзалардың ұйымдастығының биогеоценотикалық деңгейі туралы түсінік беру.

Жоспары:

1. Адамның тіршілік ету ортасы.

2. Адам экологиялық факторлардың әсер етуінің нысаны.

3. Адамның тіршілік ортасына бейімделуі.

4. Биосфера. Биосфераның құрылымы және функциясы Биосфераның эволюциясы.

5. Ноосфера Биосфераның замануи концепциясы.

6. Биогенез және ноогенез.

7. Адамзаттың тіршілікке әсер етуінің жолдары.

Биосфера деген ұғымды алғаш рет 1875жылы енгізген австрияның көрнекті алымы - Эдуард Зюсс енгізді. Дж. Хатчинсон - «Биосфера – дегеніміз жер шарының тіршілігі бар қабаты» немесе жерді орап тұратын тіршілік қабаты деген. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезендерін ажыратады.

Бірінші кезең — заттардың биологиялык айналымы пайда болып, биосфераның калыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көпжасушалы организмдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл екі кезенді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толык мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезені — қазіргі денгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше noos — акыл-ой, сана, sphaira—шар деген ұғымды білдіреді, саналы қабық деп аталады. Ноосфера — адамнын санасы, ақыл-ойы шешуші рөл аткаратын биосфераның жаңа эволюциялық денгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа мен П. Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын саналы қабығы.

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы білімді дамытып тереңдете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы денгейі, биосфера мен адам коғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша "ноосфера—табиғат пен қоғам заңдылыктары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу кджеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсу керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана женіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байкалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек, әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И. Будыко терең талдау жасады (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат коғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалык прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде жер бетіндегі барлык халыктың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сактауға айрыкша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялык мәселелер—бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегенддгінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да кауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның ұзак өмір сүруіне кажетті жағдай жасау—қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес қазіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

Адамның табиғатқа әсері. Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдык қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халык санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртенуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде табиғатты таусылмайтын қазына деп есептеп, табиғаттың бермесін тартып алу деген теріс көзкарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден табиғат тепе-тендігі бұзылды. Бұл қазіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор кауіп төндіріп отыр.

Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлык
сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазак халкы ұлан-байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатка деген камқорлығының құнды көрінісі. Халқымыз кең-байтак жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген. Халкымыздың асыл азаматы Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазылған мақаласында төрт түлік малдың халык өміріндегі алатын орнын ерекше атап көрсеткен. "Мал оның күн көріс кезі. Оның барлық мүддесі мал
төңірегінде, игілікті өмірге колын жеткізетін дәулетті де осы мал
байлығы... Табиғаттың кейбір зандылығын бақыламай, білмей отыра
алмайды", - деген ойлары өте орынды айтылған. Бір кезде халкымыздың көзінің қарашығындай қорғап келген жайылымдардың қазіргі жағдайы мүлде сын көтермейді. 1954 жылы басталған тың жөне тьщайған жерлерді игеру деген жансак үранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми-зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.

Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймактарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймактарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймакка айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн гектарға өсіп отырғаны да белгілі.

Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы казбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары копарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10% бөлігі дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.

Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін кұстардың 162, сүткоректілердің 100-ге жуык түрі біржола жойылып кеткен. Олардын көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардын шектен тыс аулауы әсер еткен. Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы кояндардың көбейіп кетуі, кактустың каптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде. Қоршаған ортаның өнеркәсіп орындарынан, көліктерден, тұрмыстық кажетінен бөлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасының ластануы кең өріс алуда. Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен көптеп ластануы адамзатты көбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатка орны толмас орасан зор нұқсан келді.

Арал теңізінің көлемі сонғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш көлінің көлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байкалуда.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалы Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты қамтиды. Семей полигонында 1949—1989 жылдар аралығында шамамен 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да, халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әртүрлі денгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазакстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі больш отыр.

Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану максатында 1963 жылдан бастап Актау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істеді. Ол кондырғы "БН-350" деп аталды. Онда тәулігіне 120—150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады. Көрнекті ғалым В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша, адам қуатты геологиялык күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен коғам арасындағы өзара үйлесімділікті сақтау, биосфераны жасампаздықпен көркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырьш, жұмыла жұмыс атқаруын кажет етеді.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Педагогикалық пәндер» кафедрасы | Пән мазмұны | Семинарлық, практикалық сабақтар | Дәріс 1. | Дәріс 2. | Дәріс 3. | Дәріс 4. | Дәріс 5. | Тақырыбы: Жалпы генетика және молекулалық биология | Тақырыбы: Тіршілік ұйымдасуының популяциялық–түрлік деңгейі. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав