Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педогогикалық іс-әрекеттің құрылымына сипаттама беріңіз.

Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:

пәнділік – ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);

әлеуметтілік – адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.

саналылық – іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).

Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.

Қажеттілік – аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.

Мотив – қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды).

Мақсат – күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.

Есеп – қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты (Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т. М., 1983. Т. 2. С. 156).

Әрекет – іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога/ Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120).

Операция – берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.

Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.

Адам іс-әрекеті – оның дамуына қажетті шарт, бұл үрдіс кезінде өмірлік тәжірибе пайда болып, қоршаған айнала танылып, білім сіңіріліп, дағды мен икемділік пайда болуының арқасында іс-әрекеттің өзі де дами түседі. Леонтьев А., Рубинштейн С., Теплов Б. және басқа да ғалымдардың зерттеулері және басқа ғалымдардың зерттеулері іс-әрекет кезінде психикалық үрдістер дамып, тұлғаның ой, сезім мен қайсарлық қасиеттері, қабілеттері мен мінез-құлығы жетіле түседі. Іс-әрекетті тұлға дамуының бір факторы ретінде қарастыра отырып, оның рөлі орта факторынан біршама өзгеше екендігін ескеру қажет. Шынында да, егер орта дүние мен өмір бейнесін құрып, баланы оның дамуы үшін қажетті «материалмен» қоршай отырып, әлеуметтік даму алғышарты болып келсе, онда іс-әрекет – тұлғаның өздігінен «өзін-өзі дамытуы, даму үрдісінің субстанциясы, оның материалдық жолы (жүру арқылы жүруге үйрену және т.б.). Даму, мысалы, адамгершілік, эстетикалық, саясаттық, еңбек және басқа да – бұл әрқашан іс-әрекет үрдісі, мақсатты бағытталған белсенділік кезінде пайда болған тұлғалық құрылымдағы жаңа түзулер.

Іс-әрекет – субъекттің объектке қатынасының белсенді формасы:

танымдық – ақиқатқа жету, оны ашу, зерттеу;

еңбектік – материалдық құндылықтар құрылып, сақталып, жетілдіріле түседі;

көркемдік – көркем бейненің қабылдануы, интерпретациялануы, қайта қалпына келуі, тасымалдануы;

қоғамдық – қоғамдық-құндылықты идеялар декларацияланады, жайылады, таратылады.

Егер іс-әрекет объектісі болып басқа субъект шықса, онда берілген іс-әрекетті қарым-қатынас, ал оның құрылу формасын – қимыл, қылық деп атайды.

27. мұғалім мамандығына қойылатын талаптар. Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "(Ы. Алтынсарин). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз. Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді. Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан – жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.

Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.

Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.

Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.

Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.

Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

ХХІ ғ мұғалімі қандай болуы керек? | Білім беру және тәрбеелеу жұмысындағы педогогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасау. | Педогогикалық үдерістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы. | Іс-әрекет ұғымының мәні мен мазмұны.педагогик. әрекет және оның пайда болу түрлері. | Бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі | бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав