Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұғалімнің кәсиби мәдениет қалыптастыру тәсілдері.

Кәсіби-педагогикалық мәдениет мәнін ашпас бұрын, ең алдымен,«кәсіби мәдениет» пен «педагогикалық мәдениет» түсініктеріне тоқталу қажет. Кәсіби мәдениеттің бөлінуі арнайы іс-әрекет түрлерінің дамуына байланысты болды. Мамандық әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде күрделі құрылымға ие: оның пәні, құралы, кәсіби әрекетінің нәтижесі бар, олар: мақсат, құндылықтар, нормалар, әдістер, әдістемелер, үлгілер. Тарихи даму процесінде мамандық та өзгереді. Кейбіреуі жаңа әлеуметтік мәдени формаға ие болады, екіншілері – аса көп өзгермейді, үшіншілері – жойылып кетеді, төртіншісі – бірнеше өзгерістен өтеді. Кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерінің дамуымен сипатталады, яғни кәсіби ойлаудың дамуымен.

Кәсіби мәдениет кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін игерудің нақты деңгейі. «Педагогикалық мәдениет» түсінігі бұрыннан педагогикалық іс-әрекет практикасына енгізілген, ал оны теориялық зерттеу енді ғана қолға алынды. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдауға, педагогикалық қабілетті зерттеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты бұл проблема С.И.Архангельский, А.В.Барабанщиков, Е.В.Бондарева, З.Ф.Исарева, Н.В.Кузьмина т.б. еңбектерінен көрінеді. Философияда, әлеуметтануда, педагогика мен психологияда мәдени бағыттылықты зерттеумен байланысты, педагогикалық мәдениеттің кейбір жақтары талданды: мұғалім жеке тұлғасының әдіснамалық, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативті, технологиялық, рухани, дене мәдениеті. Бұл зерттеулерде педагогикалық мәдениет педагогикалық іс-әрекет жүйесінде көрінетін мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:

1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.

2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.

3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.

4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.

Көрсетілген әдіснамалық негіздерді есепке алу кәсіби-педагогикалық мәдениеттің моделін құрастыруға көмектеседі. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің үш компоненті бар: аксиологиялық, технологиялық, жеке бастық-шығармашылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті білім беру дамуының қазіргі кезеңінде біртұтас педагогикалық процеске енгізілген адамның педагогикалық құндылықтарының жиынтығы негізінде пайда болды. Педагогикалық әрекет процесінде мұғалім пікірлер мен концепцияларды игереді, білім мен іскерлік алады, ал оның өзі педагогикалық әрекеттің гуманистік технологиясын құрады. Қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін білім, көзқарас, концепциялар педагогикалық құндылық ретінде көрініс табады. Педагог өз ісінің шебері болады, ал педагогикалық құндылықпен педагогикалық әрекетті игеріп, дамытады. Мектеп пен педагогикалық көзқарастардың тарихы – күнделікті бағалау, қайта құру, құндылықтарды бекіту және педагогикалық технологияларды жаңа жағдайларға игерту процесі. Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы аламгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады. Соған байланысты С.Л.Рубинштейннің құнды қарым-қатынас адамның іс-әрекетінің көріну тәсілі болып қалады деп айтылуы дұрыс. Педагогикалық құндықтарды айта келе, оның үш негізгі түрін айқын көрсетуге болады.

1. Әлеуметтік-педагогикалық құндылық.

2. Топтық педагогикалық құндылық.

3. Жеке бастық педагогикалық құндылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық сипаттамасы–педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Шығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 87 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

ХХІ ғ мұғалімі қандай болуы керек? | Білім беру және тәрбеелеу жұмысындағы педогогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасау. | Мұғалім тұлғасының кәсібі сапаларына сипаттама. | Іс-әрекет ұғымының мәні мен мазмұны.педагогик. әрекет және оның пайда болу түрлері. | Бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі | бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав